Микробиология



бет64/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

Глоссарий
Азот сіңіру – атмосфералық азоттың аммиакқа айналуы. Тек прокариот жасушасынан табылған нитрагеназа ферментімен катализденеді.
Анаэробты микроағзалар – оттегінің қатысуынсыз тіршілік ететін микроағзалар.
Антибиотиктер — әр түрлі микроағзалардың дамуын тежеп, тіпті құртып жіберетін микробтан бөлінетін заттар.
Антиген – ағзаның бөтен дене ретінде қабылдайтын және иммундық жауап беруін, яғни, антиденелердің түзілуін тудыратын заттар.
Аскокарп – аскомицеттердің қалталары мен аскоспоралары болатын спора түзуші құрылымы. Мұндай құрылымдарға мысал ретінде клейстотеция мен перитецияны айтуға болады.
Аскоспора — аскомицеттер деп аталатын микроскоптык, саңырауқұлақтардың споралары орналасқан орын (аск — дорба деген сөз). Бұл жыныстық көбеюдің соңғы сатысы. Көптеген аскомицеттер жыныссыз жолмен -конидиймен көбейеді.
Ауа гифалары – агарлы қоректік ортаның бетінде түзілетін гифалар.
Базидиоспора – базидиомицеттердің жынысты көбеюінде базидийлерінің жоғары жағында түзілетін спора.
Бактериофаг (фаг) – бактерияға жұғатын вирус.
Бинарлық бөліну– жынысты көбеюімен байланысы жоқ прокариот жасушаларының бірдей сіңлілі жасушаларға тікелей бөлінуі.
Биодеградация – қоршаған ортаға түскен ластаушы заттардың тірі микроағзалар көмегімен ыдырауы.
Биомасса – тірі ағзалардың тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілетін жасуша массасы.
Биореактор, ферментер –тірі ағзалар, жасуша экстракты немесе ферменттердің қатысуымен биохимиялық реакциялар жүретін қондырғы. Бұл термин көбінесе микроағзаларды өсіруге арнаған ыдыстарға арналады.
Вакцинация – ағзаға инфекциялаушы агентке қарсы антиденелердің түзілуін тудыратын антигенді енгізу.
Вирион – вирус бөлшегі.
Вируленттілік – микроағзаның патогендік сипаты.
Генерация уақыты – бір жасушалы ағзалар популяциясында жасушалар санының екі еселену уақыты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет