Перитеция– бөтелке тәрізді тесігі бар қалта.
Пикнида (пикнидий) – жыныссыз спора түзетін құрылым, пішіні бойынша домалақтан бөтелке тәрізді пішінге дейін өзгереді, тесігі бар, пикниданың іщінде конидийлер дамиды.
Ризосфера- өсімдіктердің тамырына жанасып жатқан және микроағзалардың басым көпшілігі тіршілік ететін топырақ қабаты.
Саңырауқұлақ – хлорофилі жоқ, молекулалар мен иондарды сіңіру арқылы қоректенетін, гетеротрофты, жынысты және жыныссыз жолмен көбейетін, бір жасушалы және көпжасушалы вегетативті денелері және хитин, целлюлоза немесе басқа да күрделі полисахаридтерден тұратын қабығы бар эукариотты ағза.
Секреция– жасушадағы заттардың сыртқы ортаға бөлінуі.
Селекция - 1. мәдени өсімдіктер жаңа сорттары мен жануарлардың асыл тұқымдарын шығаратын әдістерді оқытатын ғылым. 2. аралас популяцияда қажетті ағзаларды (жасушаларды) сұрыптау.
Септа– гифтерде, жынысты көбеюде спораларды немесе конидийлерді көлденең немесе ұзынынан бөліп тұратын қабырғалар.
Серотип – антиденлермен өзара әсерлесу негізінде қабылданған жасушалардың (бактериялар, қан жасушалары және т.б.) антигенді сипаты.
Селбесу- әртүрлі ағзалардың бірге өмір сүруі, мұнда олардың әрқайсысы өздерінің қызметтерін атқарады, кейбір жағдайда бір - біріне пайдасын тигізеді.
Субстрат – айналымы арнайы ферменттермен катализденетін зат.
Термофилді –негізінен 50 °С жоғары температурада өсетін жылу сүйгіш ағзалар. Кейбір жылу сүйгіш ағзалар 90-100 °С температурада өсуге қабілетті.
Үзіліссіз ферментация - биореакторға үзіліссіз қоректік орталарды қоса отырып микроағзаларды өсіру және дәл сондай көлемдегі суспензияны енгізу.
Ферментация- өнеркәсіптік микробиологияда микроағзаларды ірі масштабта арнайы ыдыстарда (ферментер, биореактор) өсіру.
Фитогормон - өсімдіктердің өсуін немесе басқа да үдерістердің жүруін ынталандыратын зат. Мысалы, ауксин, цитокинин, гиббериллин және т.б.