Микробиологиялыќ зертхана


Бактериялардың фагоцитозға ұшырауын анықтау



Pdf көрінісі
бет107/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Бактериялардың фагоцитозға ұшырауын анықтау. 
Фагоцитозға
ұшыратушы жасушаларға қанның полиморфты ядролы лейкоциттері
жатады. Фагоциттермен жұтылған микроб жасушалары өлімге
ұшырамай (аяқталмаған фагоцитоз), тек фагоциттермен қармалған
бактериялардың жасуша ішінде ыдырауы мүмкін (аяқталған фагоцитоз).
Бұл процесті байқау үшін алдымен зертханалық ақ тышқандардың
құрсақ қуысына 2 мл стерильді ЕПС, ал 2-3 сағаттан кейін
Escherichia
coli
өсіндісінің 0,5 мл-ін енгізеді. 20-40 мнут өткен соң шприц көмегімен
құрсақ қуысынан эксудатты сорып алып, зат шынысына жағынды
жасайды да, спирт-эфирмен бекітіп, 2-3 минут бойы метилен көгімен
бояйды. Микроскопиялау барысында фагоцитоздың түрлі кезеңдерін,
яғни бактериялардың жұтылуын немесе жасушалардың деструкциясын
(ыдырауын) байқауға болады. 
Фагоцитозға ұшыратушы жасушалардың белсенділігін бағалау
әдістері.
 
Фагоциттердің белсенділігін бағалау үшін келесі көрсеткіштер
қолданылады: фагоцитарлық көрсеткіш – есепке алынған нейтрофильді
лейкоциттердің жалпы санындағы фагоцитозға ұшыратушы
жасушалардың пайыздық көрсеткіші; фагоцитарлық сан – бір ғана
лейкоцитпен жұтылған микроб жасушаларының орташа саны
(фагоцитоздың қарқындылығын сипаттайды).
Фагоцитарлық көрсеткішті анықтау.
Таза стерильді
центрифугалық түтікке 0,2 мл натрий цитратының 2%-ды ерітіндісін, 0,1
мл теңіз шошқасының немесе қоянның қанын және қыздыру арқылы
инактивацияланған
Escherichia coli
немесе басқа бактериялардың
сузпензиясының 0,05 мл-ін (0,5∙10
9
жасуша) енгізеді. Компоненттерді
мұқият араластырып, 37-38ºС температурада 30 минут ұстағаннан кейін
қоспаны 15-20 минут 2500-3000 айналымда центрифугалаған жағдайда
компоненттер плазманың мөлдір қабатына, лейкоциттердің жұқа сұр
ортаңғы қабаты мен эритроциттер қабаты пайда болады. Центрифугалу
барысында пайда болған плазма қабатын алып тастайды. Ал ортаңғы
қабаттан 3-5 жағынды жасап, Романовский-Гимза әдісімен бояйды.
Дайын болған препараттан микроскоп көмегімен кем дегенде 100
нейтрофильді лейкоциттерді санап, олардың арасынан фагоцитозға
ұшыратушы жасушалардың саны (%) анықталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет