Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет27/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Бақылау сұрақтары:
 
1 Бактериялардың жылжымалығын зерттеу
тәсілдері. 2 Аспа және қысылған тамшы әдістерінің
айырмашылықтары. 3 Микроорганизмдердің өз бетімен жылжуының
негізі.
23


САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ. 
ЗЕҢ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР
Зең саңырауқұлақтар.
Саңырауқұлақтар хлорфилсіз
микроорганизмдер. Олар әр түрлі субстраттардың бетінде тіршілік етеді.
Саңырауқұлақтар жасушаларының дифференциалды ядросы
болғандықтан олар эукариоттар тобына жатады. Зең саңырауқұлақтар
қоректік ортаға талғампаз емес, бірақ олардың көп өкілдері ауада
оттегінің болғанын қажет етеді. Олар төменгі температураға төзімді,
сондықтан тоңазытқыш камераларының ішінде де өсіп-өне береді.
Саңырауқұлақтардың тобында сапрофитермен қатар паразиттер де
болады. Саңырауқұлақтардың екі негізгі түрлері бар: төменгі және
жоғарғы, бұл түрлері алты кластан тұрады.
Төменгі түрдің саңырауқұлақтарына
хитридиевтер, оомицеттер,
зигомицеттер
кластары жатады, ал жоғарғы түрдің
саңырауқұлақтарының құрамына
аскомицеттер, базидиомецеттер,
дейтеромицеттер, жетілмеген саңырауқұлақтар
кіреді.
Саңырауқұлақтардың хлорофилі болмағандықтан, олар өздерінің
қоректенуіне керекті көміртегін тек қана дайын органикалық
қоспалардан ала алады, демек олар – гетеротрофтар. Ашытқылар мен
қарапайым саңырауқұлақтардың жіңішке бұтақталған гифттерден
тұратын вегетативті денесі (мицелилері) болады.
Мицелилерінің кейбіреулері қоректік ортаның ішінде дамып
жетіледі (субстратты мицелилер), ал енді біреулері бетінде ғана өсіп өне
алады (үлпілдек мицелилер). Төменгі түрдің саңырауқұлақтарында
мицелий бір жасушалы, ал жоғарғы түрдің өкілдерінде ол көп жасушалы
болып келеді. Септалардың (қалқалардың) саңылаулары жасушалардың
өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етіп, цитоплазма және ядролармен
толықтырылған гифтерден тұратын тұйық жүйені құрайды. Кейде
саңырауқұлақтардың мицелилері түбір тәріздес өсінділерді –
ризоидтарды құрайды. Ризоидтардың көмегімен олар субстратқа бекіп,
қажетті қоректік заттарды алады. 
Склероциялар – дөңгелек немесе сопақ формалы гифтердің
шиеленісуі. Олардың көлемі үлкен, тығыз болып, ортаның қолайсыз
жағдайларына төзімді келеді. Склероцияларда қоректік заттардың қоры
мол болады. Кейбір жоғарғы саңырауқұлақтарда олар мицелилердің
бүршіктену сатысы болып табылады.
Көптеген саңырауқұлақтардың мицелийлерінде қалың қабықты
өсінділері бар. Сол өсінділерінің ішінде қоректік заттар жиналған. Бұл
хламидоспоралар. Олар бір немесе бірнеше жасушалы болып, түрдің
сақталуына мүмкіндік туғызады. Хламидоспоралар ортаның қолайсыз
жағдайларына төзімді келеді.
Мукордың (11
А
сурет) мицелилерінен ұрық беретін денелер –
спорангия сақтаушылары (спорангиеносцы), ал монилилердің
мицелилерінен конидия сақтаушылары (конидиеносцы) таралады.
24


Спорангиялар жарылған кезде олардан эндоспоралар босап шығады.
Олар қолайлы жағдайға тап болған жағдайда жаңа зең саңырауқұлақтар
пайда болады. Конидия сақтаушылардың ішінде конидиялар немесе
экзоспоралар орналасады. 
Олардың формалары шар тәріздес, шоқпар тәріздес, сопақша, т.б.
болып келеді.Конидия сақтаушылардың әр тармағында бір немесе
бірнеше конидиялар түзіледі. Конидия сақтаушылар тармақталмаған
және тармақталған болып екі топқа бөлінеді. Аспергиллаларда (11
Б
сурет) мұндай жасушалар тікенек тәрізді болып, стеригмалар деп
аталады. Олар конидия сақтаушылардың ұлғайған жерінде орналасады.
Пеницилланың (11
В
сурет) тармақталған бұтақтарының ұшында
фиалидалар деп аталатын шөлмек немесе ұршық тәріздес жасушалары
бар.
а) мукор
(зигомицеттер класы): 
1-эндоспоралары; 
2-спорангийлері (ұрық денесі); 
3-спорангияларды сақтаушы; 
4-мицелилері.
б) аспергилла
(дейтеромицеттер класы): 
1-конидиялары (экзоспоралары); ,
2-стеригмалары;
3-конидияларды сақтаушы;
4-мицелилері.
в) пенициллалар
(дейтеромицеттер класы): 
1-конидиялары; 
2-фиалидалары; 
3-метула; 
4-сабақтары; 
5-конидияларды сақтаушы; 
6-мицелилері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет