судағы ерітіндісімен 5-10 секунд түссіздендіргеннен кейін сумен
шайылады. Препаратты қосымша 2-3 минуттай метилен көгімен бояп,
сумен шайып, кептіреді.
Микроскоптың көз шалымында споралар қызыл түске, ал
вегетативті жасушалар көк түсті болып көрінеді.
Пешков тәсілінде
жалын үстінде немесе спирт пен формалиннің
қоспасында бекітілген жағындыны Леффлердің метилен көгімен 15-20
секунд
аралығында қыздыра отыра бояп, сумен жуады. Жағынды
қосымша бейтарап қызылдың 0,5%-дық судағы ерітіндісімен 30 секунд
боялады.
Сонан соң препарат жуылып, кептіріледі. Бұл препаратты
микроскоппен қараған жағдайда
ұрықтар көгілдір немесе көк, жас
ұрықтар қаракөк, вегетативті формалар қызғылт, хроматинді элементтер
күлгін түсті болып көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: