6.3. Шекті, орташа айнымалы және орташа жалпы
шығындар арасындағы қатынас
Өндірістің шекті шығындары мен орташа шығындарының қисықтарын график түрінде көрсетейік. Ол үшін 6.3-суретте көрсетілген VС және ТС қисықтарын, сонымен бірге АVС, АС және МС анықтамаларын қолданамыз.
МС, АVС және АС қисықтарының U тәрізді формасы жоғарыда айтылғандай шекті шығындар мен өнімділіктің, орташа шығындар мен орташа өнімділіктің арасындағы кері байланыспен түсіндіріледі.
Өнім шығару көлемін көбейткен кезде АС және АVС қисықтары бір-біріне ' жақындайды, өйткені АҒС бұл кезде азаяды
МС мен АС арасындағы тәуелділікті келесіден көруге болады егер өнімнің қосымша бір данасын өндірген кездегі шекті шығындар орташа шығындардан асып кетсе
6.3-сурет. Орташа жөне шекті
шығындардың қисықтары.
(МС > АС), онда орташа шығындар көбейеді. Және керісінше, егер МС > АС болса, онда АС-ның көлемі кішірейеді. Сонымен МС қисығы АС қисығын, оның минимум нүктесінде қиып өтеді. Осындай тәуелділік МС және АVС арасында да бар.
Фирманың пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін ұтымды өнім көлемін тандаған кезде, өндірушілер әрдайым орташа жөне шекті шығындардың өзгерісін ескеріп отырады.
219
6-тарау. Өндірістік шығындар
6.4. Изокоста және ең кіші шығындар принципі
Изокоста дегеніміз — жалпы шығындарының
құны бірдей болатын, еңбек пен капиталдың барынша мүмкін болатын тіркесімін қамтитын сызық. Изокостаның тендеуін табу үшін, еңбектің бір сағатына деген төлемді
РLк арқылы белгілейік, ал Рк - арқылы капиталдың бір данасына кететін жал төлемінің құнын белгілейік.
Сонда жалпы шығьш былай анықталады:
ТС = РL.L + Рк К.
Мұнда, РL . L - еңбекке кететін шығындар;
Рк . К — капиталға жұмсалған шығындар.
Берілген тендеудің жазықтықтағы графигі изокоста болып табылады. Изокостаның теңдеуін былай жазуға болады:
Бұдан біз изокостаның бұрыштық көлбеуі — (Р L/Рк)-то.
6.4-сурепг. Изокоста.
Изокостаның бойында орналасқан кез келген А және В нүктелері үшін жалпы шығындар деңгейі бірдей. А нүктесінен В нүктесіне жылжығанда қолданылған капиталдың саны АК -ға азаяды, ал еңбек саны L-ге көбейеді.
220
6.4. Изокоста және ең кіші шығындар...
Сондықтан, еңбектің қосымша сағатттарын төлеуге кеткен шығындардың орнын капитал шығындарының азаюымен толтыру керек, яғни: РL. L = -Рк . АК.
Бұдан тең екендігін көреміз. Яғни, изокостаның бұрыштық коэффициенті, шығындар тұрақты деп үйғарғанда, капиталды еңбекпен ауыстыру шамасын көрсетеді.
Фирма берілген өнім көлемін (мысалы, Q = 200) ең аз шығындармен өндіру үшін қолданылатын еңбек пен капиталдың санын анықтауы керек деген есепті қарастырайық.
6.5-суретте Q = - 200 дана өнім көлемін шығаруға сәй-кес изокванта көрсетілген. Үш изокостаны қарастырайық. 1-изокоста изокюнтадан төмен орналасқан және ешқандай нүктеде олар қиылыспайды немесе бірін-бірі жанап өт-пейді, яғни өндіріс көлемін 200 бірлікке жеткізуге
6.5-сурет. Берілген өнім көлемінің өндірістік
шығындарын төмендету
өндірістік ресурстардың деңгейі аз. 2-изокостаны қарастырсақ, онда А нүктесі ТС2 изокоста мен изоктантаға ортақ және осы нүктеде 200 бірлік өнім өндіргендегі шығындар ең төменгі деңгейде болады.
Бұл нүкте тепе-теңдік жағдайын көрсетеді, сонымен қатар төмендегідей шарт орындалады:
222 6-тарау. Өндірістік шығындар
В нүктесінде Q = 200 өнім бірлігін өндіргендегі шығындар А нүктесіндегіден көп болады немесе
ТС3 > ТС2. Сондықтан 3-изокоста берілген өнім көлемін өндіргендегі неғұрлым жоғары шығындарды көрсетеді.
6.5. Өсу траекториясы
Өсу траекториясы фирма өнім көлемін шығаруды көбейткен кезде өндірістің айнымалы факторлары қалай өзгеретінін көрсетеді. Көптеген изокванталарды өзара қарастырайық. Олардың әрбіреуінде изоквантаның изо-костамен жанасу нүктесін көрсетуге болады. Онда берілген өнім көлемі ең төменгі деңгейдегі шығындармен өндіріледі. Осы қисықтардың нүктелерін қосу арқылы біз фирманың траекториясын аламыз.
к
6.6-сурегп. Фирманың даму
траекториясы.
6.6. Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндірістік...
Достарыңызбен бөлісу: |