Микроэкономика



бет48/63
Дата15.09.2017
өлшемі10,07 Mb.
#33181
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
1-есеп. Кәсіпорын жетілген бәсекелестік жағдайында жұмыс істейді. 1-кестеде жалтты шығындардың (ТС) өндіріс көлеміне тәуелділігі белгілі уақыт аралығында берілген.

7.1-кесте

Q мың дана

0

1

2

3

4

5

ТС мың теңге

8

16

20

28

4

56

а) өнім бағасы 10 теңге кезінде, бұл кәсіпорын

қысқа мерзімді кезеңге өнім өндіре ала ма?

Пайда табуы мүмкін бе? Неліктен? Егер пайда табатын

болса, онда пайданы мейлінше арттыратын

өндіріс көлемі қандай болмақ? Альшатын пайда

шамасын көрсетіңіз?

ә) өнім бағасын 15 теңгеге дейін көтергендегі әрбір

өнім деңгейі үшін жалпы және шекті табыстарға

әсерін көрсетіңіз. 15 теңге кезінде кәсіпорын

өндіретін өнім көлемі және алынатын пайда шамасы

қандай болмақ?

б)егер өнім бағасы 8 теңге болса, кез келген

мүмкін болатын өнім көлемін өндіру үшін

кәсіпорын қандай стратегияны таңдайды: саладан

шығып кету немесе қысқа мерзімді уақытта

қызметін жалғастыру? Неліктен? Кейбір

стратегияны тандағандағы шегетін зиян шамасын

көрсетіңіз;

в) өнім бағасы 5 теңгеге тең болса, онда ол

кәсіпорынның қызметі туралы шешіміне кандай

әсерін тигізеді? Түсіндіріңіз.

2-есеп. 7.1-кестедегі деректерді пайдаланып, тек қана бір өндірушіге қатысты айнымалы және тұрақты шығындардың бағасының өзгеруі, зерттеп отырған тауардың нарықтық бағасына, шығарылатын өнім

270


көлеміне және жеке қарастырылған фирманың қысқа уақыт кезеңінде алатын пайдасының мөлшеріне тигізетін әсерін көрсетіңіз:

а) пайдаланып отырған айнымалы ресурстардың

бағасының жоғарылауына байланысты кәсіпорынның

жалпы айнымалы шығындары 7.1-кестеде берілген

барлық өнім деңгейлері үшін 1,5 есе өсті деп

жорамалдайық. Өнімнің бастапқы бағасы сәйкесінше

10 және 15 теңге болғанда, енді осы тауардың

нарықтық бағасы және шығару көлемі қалай өзгереді.

1-есептің және с) пункттері) шешуін пайдалана

отырып, айньмалы ресурстардың бағасының өсуі

кәсіпорын пайдасына қалай әсер ететінін анықтаңыз;

ә) енді жоғарыдағыдай сұрақтарға төмендегі өзгерістер

болды деп ұйғарып, жауап беріңіз. Кәсіпорынның

жалпы тұрақты шығындары 12 мың теңгеге дейін өсіп,

ал жалпы айнымалы шығындары тұрақты болып қалды

(7.1-кестені қараңыз). Тауардың бағасы сәйкесінше 10

және 15 теңгеге тең деп алыңыз.

3-есеп. Сіз шағын жиһаз фабрикасын басқарасыз деп ұйғарайық. Графикте орындық өндіретін фабриканың қысқа мерзімдегі орташа айнымалы (АVС), орташа жалпы (АV) және шекті (МС) шығындарының қисықтары бейнеленген.

а) орындықтың нарықтық бағасы 500 теңге. Бе-

рілген бағамен орындықтарды өндіру көлемі

қалай анықталатынын график түрінде көрсетіңіз.

Фабриканың неліктен экономикалық пайда

алатынын түсіндіріңіз.

Графикке ауданы ықтимал пайданың ең жоғары

мөлшеріне тең болатын тік төртбұрышты



салыңыз;

271

7-тарау. Пайданы мейлішне арттыру және.



7.1-сурет. Жиһаз фабрикасының

орташа жене шекті шығындары.

ә) фабрика орындықтың бағасы 200 теңге болғанда

неліктен зиян шегетінін және ол қысқа мерзімді

кезенде неліктен өнім өндіруді жалғастыратынын

түсіндіріңіз. Графиктен фабрика шығынын ең аз

деңгейге дейін кеміткендегі өнім көлемінің қалай

анықталатынын көрсетіңіз және ауданы осы

шығындарға сәйкес келетін тікбұрышты салыңыз.

4-есеп. Жиһаз фабрикасының орташа және шекті шығындарының қисығы 7.1-суретте келтірілген.

а) сіздің жиһаз фабрикаңызда пайдаланылатын

инвестициялық ресурстардың бағасы өсті деп

ұйғарайық. Р = 500 теңге болғандағы баға сызығы,

қысқа мерзімді кезеңдегі өнім деңгейі және

фабриканың экономикалық пайдасының шамасы қалай

өзгерегінін геометриялық түрде көрсетіңіз.

ә) сіздің фабрикаңыз сатып алатын ағаштың ғана

бағасының өсуіне байланысты қысқа мерзімде баға Р-

500 болғанда өнім көлемі жөне жалпы пайда қалай

өзгеретінін анықтаңыз. Орташа және шекті шығын

қисықтарын жылжыту арқылы осы өзгерістерді

графикте көрсетіңіз;

272

б) өндірістің тұрақты және айнымалы факторларының



бағаларының өзгеруіне байланысты болатын, қысқа

мерзімді кезеңде бәсекелес фирманың өнім

өндірудегі және алатын пайдасындағы өзгеріске

салыстырмалы графиктік талдау жасаңыз.



5-есеп. Бәсекелес фирманың белгілі бір уақыт аралығын-дағы әр түрлі өнім шығару көлеміне сәйкес жалпы шығындары берілген (7.2-кесте).

7.2-кесте

Q

0

1

2

3

4

5

TC

5

8

10

13

18

26

Әр түрлі өнім көлемі үшін орташа жалпы, орташа айнымалы және шекті шығындарды есептеңіз, әрі келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

а) фирма экономикалық пайда алуы үшін өнімнің

нарықтық бағасы қай деңгейден жогары болуы керек?

ә) фирма қысқа мерзімді кезеңде өз шығындарын

төмендету мақсатымен өндірісті жалғастыруы

үшін нарық бағасы қандай аралықта қойылуы

керек? .

б) фирма өз өндірісін сөзсіз тоқтатуы үшін өнімнің

нарықтық бағасы қандай деңгейден төмен түсуі

керек?


в) фирманың қысқа мерзімді ұсыныс қисығы қалай

анықталады? Оны салыңыз.



6-есеп. Өнім көлеміне (? тәуелді түрде фирманың жалпы шығындары берілген.

7.3-кесте



Q

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

TC

50

100

140

170

190

210

230

260

300

350

410

273

7-тарау. Пайданы мейлінше арттыру және...

Өнімнің бір данасының бағасы 35 теңге болғанда, қысқа мерзімді кезенде фирма қанша өнім өндіреді? Ұзақ мерзімде ше? Бағасы 25 теңге болғандағы сұраққа жауап беріңіз.



7-есеп. Бәсекелес фирманың жалпы шығындарының өнім көлеміне тәуелділігі келесі функциямен берілген:

ТС=200+4Q+2Q2

а) шекті, орташа жалпы және орташа айнымалы шығындар үшін функциялар қалай жазылатынын көрсетіңіз және қысқа мерзімді ұсыныс қисығын салыңыз.

ә) егер өнім бағасы 24 теңге болса, онда ұтымды өнім деңгейі неге тең? Түсетін пайданың немесе шығынның шамасын анықтаңыз.



8-есеп. Екі бәсекелес фирма ұқсас өнім өндіреді Бірінші фирманың шығындар функциясы: ТС1 = 10 + (Q1)2; ал

екіншісінікі: ТС2 = 3 + 0,5(Q2)2.

Егер өнімнің нарықтық бағасы 20 теңге болса, онда әрбір фирма қанша өндіреді, әрі осы кезде олар қандай пайда алады?

9-есеп. Серіктестіктің орташа жалпы шығындарының қисығы келесі тендеумен берілген деп ұйғарайық:

АС = 27/Q + 3Q + 10.

Мұнда, Q - бір күңде өндірілетін өнім бірлігінің саны.

а) өнім бірлігі үшін баға 34 теңге болғанда, серіктестік

пайда таба ма? Тапқан жағдайда барынша көп пайда алу

үшін күніне қандай көлемде өнім өндіруі керек?

Пайданың шамасын көрсетіңіз;

274

ә) қысқа мерзімді кезеңде, өнім бірлігінің



бағасы 22 теңге болғанда серіктестік үшін

жабылғаны тиімді ме немесе жұмысты

жалғастырғаны ма? Неге екенін түсіндіріңіз?

10-есеп. Бәсекелес фирма үшін шекті шығындар келесі тендеумен берілсін:

МС = 2 + 0,6Q.

Мұнда, Q - бір күнде өндірілетін өнім бірлігінің саны.

Фирманың тұрақты шығындарының шамасы күніне

20$.


а) егер өнім бірлігінің бағасы, сәйкесінше, 5 және 8 $-ға

тең болса, қысқа мерзімді кезендегі фирма

стратегаясын анықтаңыз. Бағаның әрбір деңгейі үшін

өнім көлемі және альтатын пайда шамасы немесе

шығындарды көрсетіңіз;

ә) егер баға 2$-дан төмен түсіп кетсе, сіздің фирма

қызметін жалғастыру немесе тоқтату туралы

болжауыңыз қандай? Түсіндіріңіз.



11-есеп. Шина өндіретін зауыт күніне Q шина өндіреді

және келесі шығындар функциясымен өрнектеледі:



ТС = А + 2Q + 0,1Q2

Шипнаның әр данасы 42$-дан сатылады, жал ақысы және басқа да тұрақты факторлар шығындары күніне 3000$-ға тең.

а) жалпы табыс (ТR) пен пайданы (П) функция

түрінде көрсетіңіз.

ә) пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін анықтаңыз. Пайданың шамасын көрсетіңіз.

275


7-тарау. Пайданы мейлінше арттыру және...

б) тұрақты шығындар бір күнде 3000$-дан 6000$-ға

дейін өсті делік. Бұл жағдай, өнім көлемімен

пайдаға қалай әсер етеді?

в) бір шинаға 10$ мөлшерінде салық енгізілді делік.

Бұл өнім көлемімен пайдаға қалай әсер етеді?



12-есеп. Бәсекелес фирманың тұрақты шығындары 50 мың теңге болсын. Жалпы айнымалы шығындардың өндіріс көлеміне байланысты бір жылдағы өзгерісі 7.4-кестеде көрсетілген.

7.4-кесте

Q, мың дана

1

2

3

4

5

6

ТVС, мың теңге

40

70

95

130

185

275

Қысқа мерзімді кезеңде өнім бірлігі бағасының деңгейлері келесідей болғандағы: 25, 30, 34, 50, 60, 90 теңге, фирма ұсынысын анықтаңыз:. Бағаның әр деңгейлеріндегі шығынның немесе пайданың шамаларын көрсетіңіз. Фирманың ұсыныс қисығын салыңыз.

13-есеп. Саланың нарыққа біртектес өнім әкелетін барлық фирмаларының шекті шығын қисықтары бірдей деп жорамалдайық. Нарықта 1000 фирма бар деп ұйғарып, алдыңғы есептің деректерін пайдаланып берілген баға деңгейлері үшін нарықтық ұсыныс шамасын анықтаңыз. Нарықтық ұсыныс қисығын салыңыз. Егер, төмендегідей өзгерістер болса, онда жекелеген фирмалар мен салалардың ұсыныс қисығы қалай өзгереді.

а) фирма пайдаланатын айнымалы ресурстардың ба-

ғасы өссе;

ә) салада қолданылатын технологияны жақсартса.



14-есеп. Нарықтық ұсыныс бойынша 13-есептің нәтижелерін, сонымен қатар өнімге деген нарықтық сұраныс көрсеткіштерін (7.5-кестені) пайдалана отырып, өнімнің нарықтық бағасын анықтаңыз. Әр фирма үшін өнім көлемі мен алынатын пайданың шамасы қандай болады? Ұзақ мерзімді кезеңде сала кеңейе ме немесе қысқара ма? Түсіндіріңіз.

276


7.5-кесте

Р, теңге

25

30

34

50

60

90

Q, мың дана

8000

7500

7000

6000

5000

3000

15-есеп. Белгілі өнімді өндіруде пайдаланатын кейбір айнымалы ресурстардың бағасы өсті деп ұйғарайық. Бұл жағдай 12-есептің 4-кестесінде келтірілген алғашқы мәндерімен салыстырғандағы жалпы айнымалы шығындардың өзгеруіне әкелді.

7.6-кесте



Q, мың дана

1

2

3

4

5

6

ТVС, мың теңге.

48

84

114

156

222

330

Жалпы тұрақты шығындар өзгермейді, ТҒС = 50 мың теңге. Айнымалы ресурстардың бағасының өсуіне байланысты өнім бағасының әр түрлі деңгейінде 12-есеп бойынша жеке және нарықтық ұсыныстар қандай мөлшерде өзгеретінін анықтаңыз. Айнымалы ресурстың бағасының өсуіне дейінгі және одан кейінгі нарықтық ұсыныстың, сонымен қатар, нарықтық сұраныстың (7.5-кесте) қисықтарын салыңыз. Өнімнің нарықтық бағасының және нарықтық ұсыныстың өзгерістерін графикте көрсетіңіз.

16-есеп. Бәскелес фирманың өнім көлемі мен жалпы шығындарының арасындағы тәуелділік төмендегі көрсеткіштермен сипатталады деп ұйғарайық:

7.7-кесте



Q

0

1

2

3

4

5

ТС, долл.

10

12

16

22

30

40

Салада ұқсас 1000 фирма жұмыс істейді делік. Және өнімге деген нарықтық сұраныс қисығы келесідей:

7.8-кесте



Р, долл.

3

5

7

9

Qd

3000

2000

1500

1000

277

7-тарау. Пайданы мейлінше арттыру және...

а) өнімнің тепе-тендік бағасы неге тең? (Бағалар 3,

5, 7 немесе 9 долларға тең болуы мүмкін деп

ұйғарыңыз);

ә) әр фирманың өнім көлемі қандай?

б) ұзақ мерзімді кезенде фирма салаға кіре ме не-

месе шығып кете ме?

17-есеп. Салада көптеген бәсекелес фирмалар бар және

олардың жалпы шығындары келесі функциямен

сипатталады:

Мұнда, q ~ жеке фирманың өнім көлемі.

а) әр фирманың шекті, орташа жалпы және орташа

айнымалы шығындарының теңдеуін табыңыз.

Фирманың ұсыныс функциясын анықтаңыз.

ә) саланың өніміне деген нарықтық сұраныс келесі

функциямен берілген:

Р = 32- Q/50.

Салада 100 фирма болсын делік. Тепе-теңдік бағамен саладағы өнім көлемін табыңыз. Сала ұзақ мерзімді тепе-теңдік жағдайында тұр деп айтуға бола ма? Түсіндіріңіз;

б) ұзақ мерзімді тепе-теңдік жағдайында салада

қанша фирма болады?



18-есеп. Сала 10 бәсекелес фирмадан тұрады, олардың әрқайсысының шекті шығындар функциясы келесідей:

278


болғанда орташа айнымалы шығындары ең аз мәнге ие болады. Өнімге деген нарықтық сұраныс қисығы келесідей:

Р = 160- Q.

Мұнда, Qсаланың шығарған өнім көлемі.

а) сала неліктен ұзақ мерзімді бәсекелестік тепе-

тендікте болады? Түсіндіріңіз;

ә) жаңа еркін сауда саясатын енгізгеннен кейін шетел

өндірушілері осы өнімді шектелмеген көлемде 20$-

дан сата бастайды. Қысқа мерзімді және ұзақ

мерзімді кезендерде бұл саясат ұлттық

өндірушілерге қандай әсер етеді, талдау жасаңыз?

б) бұл жаңа саясатқа кім қарсы болады? Ал кім

қолдайды? Неге екенін түсіндіріңіз.

19-есеп. 1982 жылы АҚШ-та А саласы жетілген бәсекелес нарығына жатқызылды. Әрбір өндірушінің ұзақ мерзімдегі орташа жалпы шығындарының (LRАСтіп) ең төменгі мәні 4$-ға тең болды және бұл шама айына 1000 дана өнім шығарғанға сәйкес болады:

Ауқымы бойынша ұтымды зауыт айына 1150 дана өнім өндірген кезде әр фирманың қысқа мерзімді орташа шығындары 5$-ға тең болады.

Саланың тауарына деген нарықтық сүраныс қисығы:

Qd = 140000 - 10000 Р.

Мұнда, Р - өнімнің данасының бағасы,

Qq — айына керекті өнім данасының саны.

Саланың нарықтық ұсыныс қисығы:

QS = 80000 + 5000 Р

а) өнімнің тепе-тендік бағасы қандай? Ол ұзақ мерзімді тепе-теңдік бағасы болып табыла ма?

ә) салада қанша фирма ұзақ мерзімді тепе-тендік жағдайында тұр?

279


7-тарау. Пайданы мейлінше арттыру және...

б) егер нарықтық сүраныс қисығы (Q = 150000 --5000Р қисығына жылжыса, онда жалпы сала және жеке фирма үшін қысқа мерзімді кезенде жаңа тепе-тендік баға мен өнім көлемі қандай болмақ?

в) б пунктінде көрсетілген жағдайда фирмалар пайда таба ма немесе жоғалта ма? (Саладағы фирма саны, ұзақ мерзімді тепе-тендіктегі фирма санына тең деп үйғарыңыз).

20-есеп. Тауарға салық салудың тиімділігін тұтынушы және өндіруші ұтымы терминдері арқылы көрсету үшін нарықтық сұраныс пен ұсыныс қисықтарын пайдаланыңыз.

21-есеп. Бағаны мемлекет тарапынан реттеу болып, 1979 жылдың жазында АҚШ-ты бензиннің бағасына шектеу белгіленді. Бұл мысалдан, бензинге деген сұраныс қысқа мерзімде өте икемсіз, ал ұзақ мерзімде икемді деп ұйғарып, тұтынушы мен өндіруші ұтымдары қысқа және ұзақ мерзімде қалай өзгеретінін талдаңыз.

СҰРАҚТАРДЫҢ ДҰРЫС ЖАУАБЫН

ТАБЫҢЫЗ

1. Бәсекелестік жетілген нарықта төмендегі



тұжырымдардың қайсысы орындалмайды:

а) фирманың шекті түсімі мен шекті шығыны бір-

біріне тең болғанда, осы фирма тендестік

жағдайына ие болады;

ә) шекті шығын қисығы орташа шығын

қисығын АС-ның мәні ең төменгі нүктеде қиып

өтеді;

б) фирманың өніміне деген сұраныс қисығының



бұрыштық коэффициенті теріс сан болады;

в) орташа және шекті шығындардың қисықтары V

кескінді болады;

г) фирманың өніміне деген сұраныс қисығы -

горизонталь түзу болады.

280


2. Қысқа мерзімде өз пайдасын ең жоғары деңгейге

жеткізгісі келетін немесе шығынын ең төменгі

шамаға дейін азайтқысы келетін фирма жұмысын

мүлдем тоқтатады, егер:

а) өнім бағасы орташа шығынның ең төменгі

шамасынан аз болса;

ә) орташа тұрақты шығын өнім бағасынан жоғары

болса;


б) өнім бағасы шекті шығыннан төмен болғанда;

в) өнім бағасы орташа айнымалы шығынның ең

төменгі шамасынан аз болғанда;

г) жалпы түсім жалпы шығыннан аз болғанда.

3. Бәсекелестік жетілген нарықтық ортадағы фирманың

жалпы шығыны функция түрінде берілген:



ТС = 6q + 2q2.

Егер осы фирма 25 өлшем өнім өндіріп, оның әрқайсысын 36 теңгеден сатса, онда ол пайда ала ма, әлде зардап шеге ме?

а) 250;

ә) -500;


б) 450;

в) -735;


г) 500.

4. Фирманың жалпы шығыны функция түрінде беріліп



ТС=6q+2q2 оның әрқайсысын 30 теңгеден сататын

болса, онда осы фирманың ұтымды өнімдерінің саны

қандай:

а) q=10;



ә) q=6;

б) q=12;


в) q=5.

5. Бәсекелестік жетілген нарықта:

а) өндіріс саласындағы фирмалар бір үлгідегі тауарлар

шығарады;

281

7-тарау. Пайданы мейлінше арттыру және...

ә) бұл тауарларды сатушылар мен сатып алушылар саны

көп;

б) нарықка кіруге және шығуға тосқауыл қой-



ылмайды;

в) сатып алушылар мен сатушылар нарықтык ба-

ғаның өзгеруіне ықпал жасай алмайды;

г) жоғарыда айтылғандардын, бәрі дұрыс.

6. Бәсекелестік жетілген нарыктық ортадағы фирманың

сұраныс қисығы төмендегінің қайсысы деп ойлайсыз:





7. Экономикалық пайда:

а) ұзақ мерзімде бәсекелестік жетілген нарықта болмайды;

282

ә) жалпы шығындар жалпы түсімнен көп болған

жағдайда боладьт;

б) шекті түсім шекті шығыннан көп болған

жағдайда болады;

в) жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы да дұрыс

емес.

8. Салада 1000 фирма жұмыс істейді дейік, олардың



әрқайсысы 5 дана өнім шығарғанда шекті шығындары - 2

т болады, ал 6 дана болғанда — 3 т, 7 дана болғанда - 5 т.

Егер осы өндірілетін өнімнің нарықтағы бағасы 3 т

болса, онда осьт салада айына қанша өнім шығарылады:

а) 5000 дана;

ә) 5500 дана;

б) 7000 дана;

в) 6000 дана.

9. Бәсекелестік жетілген нарықтағы фирманың өнімінің

бағасы орташа шығынын етей алмаса, онда фирма:

а) дереу жұмысын тоқтатады;

ә) Р > АVС болып, ал Р - МС болған жағдайда

өнім өндіруін тоқтатпайды;

б) өндіріске жаңа технология ендіреді;

в) өнім бағасын жоғарылатады;

г) баға барлық тұрақты шығынды өтеп тұра алатын

уақытқа дейін өнім өндіре береді.

10. Бәсекелес фирманың жалпы шығынының функциясы

берілген:

Егер фирманың өнімінің бағасы төмендесе, қысқа

уақыт мерзімінде өнім көлемі қандай болғанда фирма

пайда ала алмайды:

а) 8; ә) 6; б) 4; в) 2; г) -2.

283


7-тарау. Пайданы мейлінше арттыру және...

11. Төмендегі кестеде бәсекелес фирманың қысқа мер-

зімдегі жалпы шығыны мен өнімінің арасындағы

бяйланыс келтірліген:



Өнім көлемі (дана)

0

1

2

3

4

5

Жалпы шығын, теңге

10

12

16

22

30

40

Егер тауардың нарықтық бағасы 5 теңге оолса, онда фирма қанша өнім өндіреді:

а) 1; ә) 2; б) 3; в) 4; г)5.

12. 11-тест сұрағы бойынша тауардың нарықтық бағасы 5

теңге болған жағдайда фирманың пайдасы қандай

болатынын анықта:

а) -9; ә) -1; б) 6; в) -6.

13. Бәсекелес фирманың қысқа мерзімдегі ұсыныс қи-

сығы:


а) шекті шығын қисығына сәйкес келеді;

ә) орташа шығын қисығының кемитін бөлігі;

б) орташа шығын қисығының өсетін бөлігі;

в) шекті шығын қисығының орташа айнымалы шы-

ғындар қисығынан жоғары орналасқан бөлігі.

14. Ұзақ мерзім аралығындағы ұсыныс қисығы:

а) шығындары өсетін салалар үшін - вертикаль

сызық;


ә) шығындары тұрақты салалар үшін - бұрыштық

коэффициенті теріс сан болатын сызық;

б) шығындары кемитін салалар үшін - горизонталь

сызық;


в) жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы да дұрыс

емес.


15. Бәсекелестік жетілген нарықтағы фирманың шекті

шығыны келесі функция түрінде берілген:



МС = 20 + q.

Мұнда, q - өнім көлемі. Өнімнің әр данасының бағасы

— 200 теңге болған жағдайда пайда ең жоғары

деңгейге жету үшін фирма қанша өнім шығаруы керек?

а) 60; ә)" 180; б) 20; в) 200; г) 20.

284


16. Бәсекелес фирманың орташа шығыны функция

түрінде берілген:



АС = 40 + 2q.

Мұнда, qөнім көлемі.

Баға 200 теңгеден 100 теңгеге дейін төмендегенде өнім

көлемі қалай өзгереді? (тауардың 1 данасының бағасы

берілген).

а) -25; ә) -10; б) 15; в) 20; г) -50.



  1. Фирманың ең үтымды өнімінің көлемі белгілі делік.

Осы жағдайда фиріманың шекті шығыны орташа

шығыннан көп болса, онда фирма:

а) пайда алады;

ә) өндірісті тоқтатпайды;

б) орташа шығын қисығының ең төмен шамасынан

оңға қарай орналасқан нүктесіне сәйкес келетін өнім

көлемін тандап алады;

в) жоғарыда айтылғандардын, бәрі дүрыс;

г) жоғарыда айтылғандардың бәрі де дүрыс емес.

18. Бәсекелес фирма ең жоғары пайдаға қол жеткізу

үшін өнім көлемін былай тандайды:

а) орташа жалпы шығын шекті шығынға тең бола-

тындай етіп;

ә) орташа айнымалы шығын шекті шығынға тең

болатьтндай етіп;

б) орташа түракты шығъш шекті шығынға тең

болатьшдай етіп;

в) шекті түсім орташа шығынға тең болатындай

етіп;

г) шекті түсім шекті шығынға тең болатындай етіп.



ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ЖАУАБЫ

1. а) (ОА) өндіріс деңгейінде фирманық пайдасы мей-

лінше көп болады.

МС = МК= Р.

ә) ВРЕЮ төртбүрыш ауданы;



285

7-тарау. Пайданы мейлінше арттыру және...



Өндіріс

7.1-сурет. Бәсекелес фирманың

шығындарының қисығы.

б) бұл графикте: фирма қысқа мерзімді тепе-теңдік

қалыпта тұр. Ондағы әрбір жеке фирма экономикалық пайда алады. Ал ұзақ мерзімді тепе-тендікте экономикалық пайда салаға жаңа фирмаларды тартады, соның нәтижесінде фирмалар “кәдімгідей пайда” алады;

в) сұраныстың төмендеу себебі тауардың нарықтық

бағасыньгң түсуіне және фирмалардың пайдасының

төмендеуіне әкеледі. Бұл ұзақ мерзім кезеңінде

фирмалардың саланы тастап кетуіне мәжбүр етеді.

Сондай-ақ тауарға деген нарықтық сұраныстың

төмендеуі тауар бағасын өсіреді.





Өндіріс

7.2-сурет. Қысқа мерзімді уақыт аралығындағы

бәсекелес фирманың шығындар қисығы.

286

2. а) егер тауардың бағасы орташа айнымалы шы-



ғындардың ең аз деңгейінен төмен түсетін болса,

онда өндіріс уақытша тоқтатылады (7.2-суретте ОВ);



ә) егер қысқа мерзімді уақыт аралығында, өнімнің

бағасы оның өндірісіне кететін орташа шы-

ғындардан артық болса, онда фирма табыс таба-

ды (7.2-суретте ОD);

б) СDRР төртбұрыш ауданы;

в) бұл жағдайдағы тепе-теңдік баға, жалпы ұсыныс

көлемі, сала өніміне деген жалпы сұраныс көлеміне

тең болатын деңгейде қалыптасады. Сонымен қатар,

ондағы әрбір жеке фирма экономикалық пайда алуы

немесе зиян шегуі мүмкін (7.2-суретге ОD

арасындағы және OD арасындағы);

г) пайданы барынша көбейтуді мақсат ететін бәсе-

келестік фирманың ұсыныс қисығы қысқа мерзім

кезеңінде орташа айнымалы шығынның ең төмен

нүктесінен жоғары жатқан шекті шығындар

қисығының өспелі бөлігімен беттеседі (7.2-суретте

SМС қисығы К нүктесінен жоғары); ғ) ОD-дан

жоғары.


0 10 20 30 40 50 60



Өнім шығару көлемі

7.3-сурет. ТС және ТR қисықтары.

287


7-тарау. Пайданы мейлінше арттыру және...

3. а) 7.3-сурет бойынша график жетілген бәсеке на-

рығының түріне сәйкес келеді, өйткені фирманың

өнімінің нарықтық бағасы тұрақты (жалпы түсім қисығы

- түзу сызық);

ә) қысқа мерзімді кезеңін бейнелейді, ейткені тұрақты

шығындар бар;

б) 2 доллар;

в) 30 доллар;

г) егер баға орташа шығындарға тең болса, онда

фирма өндіріс шығындарын түгел өтейді, яғни

пайдасы нольге тең болады (25-45 дана болған

жағдайда).


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет