Микроэкономика


Нарықты монополиялаудың белгілері



бет52/63
Дата15.09.2017
өлшемі10,07 Mb.
#33181
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63

8.3. Нарықты монополиялаудың белгілері

Нарықты монополиялаудың екі негізгі белгісі бар. Олар мыналар:

1) бір фирманың қолында нарықтың үлкен бөлігінің

шоғырлануы;

2) ірі фирмалардың бәсекелестерімен байланысы.

312


8.4. Монополиялық бағаны қалыптастыру ...

Мемлекет өндірістің шоғырлану деңгейін анықтағанда үш көрсеткішке жүгінеді: айналым мөлшері, жұмыспен қамтылгандар саны және капитал мөлшері. Монополияға қарсы саясатшылдардың көзқарасымен қарағанда ең негізгі көрсеткіш болып айналым мөлшері есептеледі. Бұл мөлшер тауар ұсынысының қай бөлігі бір фирманың қолында шоғырланғанын көрсетеді. Ірі фирмалардың нарықтық үлесін анықтау үшін экономистер бірнеше индекстерді пайдаланады. Соның бірі - Херфиндаль-Хиршман индексі (Ihh)

(Іһһ) =(х1)2 +(х2)2 +... + (хп)2,

мұнда, х1; — % түрінде көрсетілген саладағы фирмалардың әрқайсысының үлесі. Индекстің мәні үлкен болған сайын саладағы фирмалардың шоғырлану деңгейі жоғары болады.



8.4. Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері

Нақты өмірде фирма басқарушылары өз фирмаларының орташа және шекті түсім қисықтары туралы шектеулі ақпараттар альш отырады. Соған қарамастан, олар МR = МС болғандағы өнім шығару көлемі мен бағаға қатысты шешім қабылдаулары тиіс. Монополиялық бағаны анықтау барысында осы шартты пайдалануды практикада жеңілдету үшін, “Бас бармақ” ере-жесін қолданады. Бұл ереженің негізі: шекті шығандарға белгілі мөлшерде үстеме баға қосу арқылы тауардың бағасын анықтау болып табылады және төмендегідей тәсілмен есептеледі:



314


8-тарау. Монополия және монополиялық...

8.5. Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополиялық тепе-теңдік

Жетілген бәсекелестік моделін қарастырғанда біз осы нарықтағы фирмалар саны уақыт ағымында өзгермесе, онда осы салада ұзақ мерзімді кезеқде тепе-теңдік орнығады деп анықтадық. Бұл жағдайға жетудің басты шарты осы нарықта жұмыс істейтін фирмалардың оң экономикалық пайдасының болмауы.

Ұзақ мерзімді кезенде монополиялық тепе-теңдікті зерттеу, келесі сұрақтардың мазмұнын түсінумен тығыз байланысты:

1) қандай жағдайларда жалғыз өндіруші ұзақ уақыт

кезеңінде өзінің нарықтағы монополиялық билігін

сақтай алады;

2) егер салада ұзақ мерзімді кезенде тепе-теңдік ор-

наса, онда монополист бірнеше зауыттар салу

арқылы өндіріс ауқымын кеңейтуге қандай объ-

ективті күштер итермелейді.

Ұзақ мерзімді монополиялық тепе-теңдікке жетудің негізгі шарты жеке өнім өндірушінің оң экономикалық пайда табуға мүмкіндігі болуы. Тек осы жағдайда ғана өнім өндіруші өз нарығын басқа өндірушілердің еркін ағынынан қорғай алады. Экономикалық пайда алу мүмкіндігі өндірістің орташа шығындарымен монополиялық бағаның арақатынастарынада байланысты. Тауардың бағасы монополистің ұзақ мерзімдегі орташа шығындарынан жоғары болған жағдайда ғана, өндіруші оң экономикалық пайда алады.



8.6. Бір зауытпен жұмыс істейтін монополия

Монополистің алдьгада ұзақ мерзімді кезеңде өнім шығару көлемін арттыру мақсаты тұр делік. Бұл мақсатты ол екі жолмен шеше алады. Біріншісі, зауыттың

314

8.5. Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополиялық ...

өндіру қуатын кеңейту, ал екінші жолы -екінші, үшінші т.б. зауыттарды салу. Бір зауытпен жұмыс істейтін монополис-тің іс-әрекетімен кеңірек танысайық. Ұзақ мерзімде монополист өндіретін өнімінің ұтымды санын ұзақ мерзімдегі шекті шығынның шекті түсімге тең болған жағдайында анықтайды :



LRМС = МR

Өнім шығару көлемін ұлғайтумен ұзақ мерзімді орташа шығындардың азаюы қатар жүріп отырған жағдайда монополист тек қана бір зауытта өнім өндіреді, төменде 8.7-суретте дөл осы жағдай көрсетілген. Өндіріс шығындары LRАСтіп-ға қарағанда жоғары болып тұрғанда, монополист өндіріс ауқымының тиімділігін дұрыс пайдалана алмайды, демек оған 2-зауытты салудың керегі де жоқ. Басқаша айтқанда, LRМС < LRАС болғанша монополист бір зауытпен жұмыс жасайды.





8.7-сурет. Бір зауытпен жұмыс

істеп тұрған монополист.

Егер, одан әрі өнім шығару орташа шығындардың өсуіне әкеліп соқтырса, онда монополистке бір ғана за-

315


8-тарау. Монополия және монополиялық...

уытты пайдалану тиімсіз болады. Бұндай жағдайларда мо-нополист көбінесе екінші зауыт салу туралы шешім қабылдайды. Бұл 8.8-суретте көрсетілген. Монополистің ұғымды көрсеткіштері Qт, Рт нүктелерімен сипатталады. Суретте көрсетілгендей, егер де монополист өнімді Q* көлемде шығарса, онда өндірістің орташа шығындары ең аз болатындығы белгілі. Мұндай жағдайда өнім көлемін ұлғайту үшін өндіріс қуаты Q* болатын 2-зауыт салу тиімді болар еді.





8.8-сурет. Бірнеше зауытпен жұмыс істеп тұрған

монополия.

Нәтижесінде, өндіріс көлемі айтарлықтай өседі, бірақ өндірістің орташа шығындары LRАСтідеңгейінде болады. Жалпы жағдайда монополист өндірісте (МR) шекті түсім LRAСтт-та. тең болған жағдайға сәйкес келетін өнім көлемін шығарады және бұл кезде бірнеше зауытта өнім өндіреді. Сонымен қатар осы зауыттардың әрқайсысында шығарылатын өнім көлемі LRАСтіп-ға сәйкес келуі керек, басқаша айтқанда (Q*-ге бөлінетіндей шама болу керек. Монополист өндірісті, зауыттардың әрқайсысында өнім

316


8.7. Монополиялық биліктің әлеуметтік ...

шығару кезінде шекті шығындары шекті түсіміне тең болатындай етіп орналыстырады:



LRAСтіп = LRMС = МR.

8.7. Монополиялық биліктің әлеуметтік шығындары

Бәсекелес нарықпен салыстырғанда монополист-өндірушілер тауардың бағасын жоғары деңгейде белгілейтінін және өнімді бәсекелес фирмадан аз көлемде ұсынатынын өткен талдауда байқадық. Осы жағдайдың нәтижесінде тұтынушылар тауар үшін жоғары баға төлейтін болады, ал бұл басқа жағдайлар тұрақты деп ұйғарғанда халықтың әл-ауқатын нашарлатады. Демек, монополиялық өндірушілер қызметі қоғамға белгілі бір дәрежеде ауыртпашылық түсіреді, әрі өмір сүру деңгейін төмендетеді.

Біз монополиялық биліктің қоғамдық шығындарын, тұтынушылар мен өндірушілердің бәсекелес нарықтан монополиялық нарыққа көшу кезіндегі жалпы ұтымдары өзгеруін салыстыра отырып бағалаймыз. Қарастырып отырған фирманың монополия кезіндегі және бәсеке на-рығындағы шекті шығын қисықтары біркелкі болады деп ұйғарайық.

Онда біз графикте бәсекелес фирма мен монополист өндірушінің тепе-теңдік жағдайын көрсете аламыз.

8.9-суретте монополиялық баға мен әнім шығару көлемі Рmжәне Qт, ал бәсекелес бағамен өнім шығару көлемі Рк және Qк деп белгіленген. Енді бәсекелес нарықтан монополияға ауысқан уақытта тұтынушылардың жалпы ұтымы қалай өзгіретіндігін есептейміз: тауар бағасы Рк-дан Рm-ге дейін өсті, нәтижесінде тұтынушылар осы тауарды тұтынуды Qк-дан Qm ге дейін азайтады.



317

8- тарау. Монополия және монополиялық...





8.9-сурет. Монополияның әлеуметтік ауыртпашылығы.

Тауарды жоғары деңгейдегі бағамен сатып алғанда тұты-нушылардың кей бөлігі А тікбұрышы ауданы шамасындағы ұтымдарынан айрылады. Ал тауарды Рт бағасымен алуға шамасы жетпейтін тұтынушылар В үшбұрышы ауданы-на тең болатын ұтымнан айырылады Сонымен, тұтынушы ұтымының жалпы мөлшері (А + В) -ға азаяды. Монополист тауарды жоғары бағамен сата отырып, қосымша пайда ала-ды, ол графикте А тікбұрышы болады. Бірақ тауар санының Qк-ден Qт-те дейін азаюйы монополистің пайдасын С үшбұрышына азайтады. Нәтижесінде монополистің жалпы пайдасы (А - С) -ға тең болады. Монополистің пайдасынан тұтынушылардың көрген зиянының көлемін алып тастаймыз, сондағы (В +,С) - таза шығындар шамасы болады. Бұл шаманы қоғамның монополиядан шегетін әлеуметтік зардабы деп атаймыз. Сонымен, неғұрлым тұтынушы ұтымының көп бөлігі монополист меншігіне ауысатын болса, солғұрлым қоғам монополиялық биліктен көп зардап шегеді.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет