Микроэкономика


Қысқа мерзімді кезеңде фирманың



бет45/63
Дата15.09.2017
өлшемі10,07 Mb.
#33181
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63

7.4. Қысқа мерзімді кезеңде фирманың

қызметін тоқтатуы

Үшінші жағдайды қарастырайық — фирманы жабу. Баға ең ықтимал орташа айнымалы шығындардың ең төменгі деңгейінен аз делік, яғни:

Р<АVСтіп. (6)

258


7.5. Кысқа мерзімдегі жетілген бәсекелес ...

Бұл жағдаңда, фирма өзнің айнымалы шығындарын жабатын өндіріс көлемін де шығара алмайды. Өндірісті жалғастыратын болса, ол тұрақты шығындарының құнынан да көп зиян көреді, яғни зиян барлық шығындар шамасына ТС -ға тең болады. Сондықтан, фирма өз жүмысын





7.4-сурет. Фирманы жабу жағдайы.

тоқтатқаны жөн. Зиянның ең аз мөлшері ҒС -ті құрайды. Бұл жағдай 7.4-суретте көрсетілген, ондағы баға сызығы



АVС қисығынан төмен орналасқан.

7.5. Қысқа мерзімдегі жетілген бәсекелес

фирманың және жалпы саланың

сұраным қисықтары

Жоғарыда қарастырылған жағдайларды қорытындылай отырып, “Қысқа мерзімді кезенде фирма өз өндірісін жалғастырғаны дұрыс па?” деген сұраққа нарықтық баға (3) немесе (5) теңсіздіктерді қанағаттандырған жағдайда ғана жауап беруге болады. Бірінші жағдайда фирма пайда алады, екіншіде зиян шегеді, алайда ол зиян өндірісті жабудан келетін зияннан әлдеқайда аз. Фирма мейлінше көп пайда алатын немесе зиянды мейлінше азайтатын өнім мөлшерін анықтау үшін (4) теңсіздікті қолдану қажет. Жеке фирманың ұсынысын график түрінде былай көрсетуге болады.



259

7-тарау.Пайданы мейлінше арттыру және ...

Р > АVСтinР > Ро) бағасына сәйкес МС қисығына дейін көлденең сызық жүргізу қажет, мысалы Р, бағасында - Р =

Р1 сызығын, Р2 бағасында - Р = Р2 сызығын.



7.5-сурет. Қысқа мерзімді кезеңдегі

жетілген бөсекелес фирманың ұсыныс қисығы

Қиылысу нүктелерінен (сәйкестілік бойынша В немесе С) өнім көлемі көрсетілген оське перпендикуляр түсіретін болсақ, онда фирманың берілген бағамен өндіретін және ұсынатын тауарының ұтымды көлемін табуға болады. Олар Р, бағамен ұсынылатын Q1 және Р2 бағаға сәйкес Q2 көлемдері. Р < Ро бағасында фирма ештеңе өндірмейді. Бұдан фирманың ұсыныс қисығы шекті шығындар қисығының АVС -ден жоғары орналысқан бөлігі деп айтамыз. 7.5-суретте ол А нүктесінен жоғарырақ МС қисығында орналасқан және қара сызықпен көрсетілген.

Нарықтық ұсыным дегеніміз - саладағы фирмалардың кез келген мүмкін болатын бағамен сатқысы келетін нарықтағы өнім көлемінің сомасы.

Бұларды төмендегі графиктен көрсетуге де болады.



Нарықтың ұсыным қисығы дегеніміз нарықта қызмет етуші барлық фирмалардың шекті шығын қисықтарының көлденең жиынтығы.

260


7.5. Қысқа мерзімдегі жетілген бәсекелес ...

Мысалы, егер сала әрқайсысының ұқсас шекті шығындары МС бар 1000 ұқсас фирмадан құралатын



болса, Ро бағасындағы жалпы өнім Q = 1000 • 0* -ге тең болады.



7.6-сурет. Қысқа мерзімдегі өндіріс саласының ұсыныс

қисығының қалыптасуы.

Мұнда, Q* — дәл осындай фирманың Ро бағасымен

ұсынатын өнім мөлшері.

Қысқа мерзімді нарықтық ұсынысқа ықпал ететін факторлардың бірі осы саладағы фирмалар қолданатын айнымалы ресурстар бағасы және салада қолданатын технология болып табылады. Осы факторлардағы өзгерістер фирманың шекті шығын қисығының ауысуына әкеліп соғады. Мысалы, айнымалы ресурстар бағасының өсуі МС қисығын жоғары жылжытады, өйткені фирманың шекті шығындары өседі. Нәтижесінде нарықтағы ұсыныс азаяды, салада жаңа технологияны пайдалану өндірістің шекті шығындарын азайтады, соның нәтижесінде әр фирманың МС қисықтары төмен жылжиды. Бұл тауарды ұсыну көлемінің өсуін көрсетеді.

261

7-тарау. Пайданы мейлінше арттыру және ...

7.6. Ұзақ мерзімді бәсекелестік теңдестік




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет