және тауарлар ұсынысы
Ұзақ мерзімді кезеқде фирма өз өндірісінде қолданатын факторларының барлығын өзгерте алады, соның ішінде кәсіпорын ауқымын да өзгертуі мүмкін. Ол өз өндірісін ұлғайта алады немесе саладан шыға алады. Егер экономикалық пайда алса, онда өндірісті ұлғайтуға тырысады. 7.7-суретте ұзақ мерзімді кезенде пайданы мейлінше арттыру график түрінде келтірілген.
7. 7-сурет. Ұзақ мерзімді кезеңде
пайданы мейлшше арттыру.
Ро бағасына қысқа мерзімді кезеңде фирманың пайдасы АВСD ауданьша тең. Егер ұзақ мерзімді кезенде баға өзгермейтін болса, фирма өндіріс көлемін (Q1-ден Q2-ге көбейте отырып, пайданы АЕҒС ауданына дейін арттыра алады, яғни, баға шекті шығындарға тең болғанша өндіріс көлемі ұлғайтылады. (LRMС) : Ро = LRМС.
262
7.7. Бәсекелес нарықты талдауда ...
Алайда фирма мұндай пайданы ұзақ уақыт бойы ала алмайды. Пайда алуды мақсат тұтқан фирмалар осы салаға келе бастайды, нәтижесінде саланың өнімінің нарықтық бағасы төмендей бастайды бұндай жағдай баға ұзақ мерзімдегі ықтимал орташа шығындардың (LRАС) ең аз мөлшеріне дейін төмендегенше байқалады, яғни Р = LRАСтin (біз осьт саладағы барлық фирмалардың шығындар функциясы бірдей деп қарастырамыз).
Нәтижесінде фирманың өнім шығару көлемі Q3-ке дейін төмендейді, ал экономикалық пайда нольге тең болады. Сонымен фирма инвестицияланған капиталға тек кана кәдімгі (нормалды) пайда алады.
Ал егер Р < LRАСтіп болса, онда фирмалар бұл саладан кете бастайды, бұл жағдай баға жоғарылап, экономикалық пайда нольге тең болғанша жүріп отырады.
Өндірістік операцияларды осылайша реттеу нәтижесінде салада ұзақ мерзімдік бәсекелестік теңдестік орнайды. Ол, біріншіден, қызмет етіп тұрған фирмалардың өндірісті не ұлғайтуға, не азайтуға ынтасы жоқ екендігін, ал жаңа фирмалардың салаға енуге ынтасы жоқ екендігін көрсетеді, өйткені барлық фирмалар Р < LRАСтin болғандықтан экономикалық пайдалары нольге тең болады. Екіншіден, әр фирма ұзақ мерзімді кезеңде Р = LRАС -ға тең болатын өнім өндіре отырып пайдасын мейлінше арттырады. Үшіншіден, саланың жиынтық ұсынысы жиынтық тұтыну сұранысына тең.
7.7. Бәсекелес нарықты талдауда тұтынушы
мен өндірушілер ұтымы концепциясын қолдану
Жетілген бәсеке нарығындағы тендестік баға мен тауардың тендестік мөлшері тұтынушылар мен өндірушілердің жалпы экономикалық хал-әухатын
263
7-тарау.Пайданы мейлінше арттыру және ...
арттыратындығын көрсетейік. Бұл үшін тұтынушылар мен өндірушілердің ұтымын қарастырамыз. Тұтынушының ұтымы (СS) дегеніміз - оның тауарға төлеуге даяр бағасы мен төлеген бағасы арасындағы айырмаға тең болатын тұтынушылардың таза пайдасы. 7.8-суретте сұраныс қисығы мен нарықтық баға сызығы арасындағы
аудан көрсетілген.
Өндірушілер де осындай пайда көреді ол өндірушінің (РS) берілген тауарды сатудан алатын ұтымы деп аталады. Тауардың әр бірлігі үшін бұл -нарықтық баға мен оның өндірісі барысындағы шекті шығындар арасындағы айырма. Жалпы нарық үшін - бұл пайда мен өндіріс факторларына жиналатын кез келген рентаның қосындысы. РS график түрінде былай көрсетіледі — ұсыным қисығының жоғары жағынан басталып, нарықтық баға сызығына дейін келіп тірілетін аудан (7.8-сурет).
7.8-сурет. Тұтынушы мен өндірушнің ұтымдары.
Тұтынушылар мен өндірушілердің ұтымының қосындысы (СS + РS) қоғамның әл-аухатын сипаттайды. Қосынды неғұрлым жоғары болған сайын, қоғам жағдайы солғұрлым жақсы болады. РS пен СS-ті пайдалана отырып, мемлекет тарапынан саясат жүргізілген жағдайдағы бәсекелес нарықтың тиімділігін көрсетейік.
Мемлекет тарапынан бағаны бақылау саясатын қарастырайық. 7.9-суретге осы саясаттың нәтижелері график түрінде талданып көрсетілген.
264
7.7. Бәсекелес нарықты талдауда тұтынушы
Достарыңызбен бөлісу: |