Өндіріс үрдісінің балансы
Өндірістің барлық техно-экономикалық көрсеткіштері материал мен энергетикалық, экономикалық баланстармен анықталады.
Баланс өндірілген өнімнің бірлігінде құрылады да, екі бөліктен тұратын кесте ретінде өңделеді; кіріс және шығыс, олардың қорытынды материалы өзара тең болуы керек.
Материалдық баланс - кіріс бөлігі өндіріске түсетін барлық шикізат кіріс (шикізат және материалдар шығыны) шығыс бөлігіне дайын өнім мен өндіріс қалдығы (қоқыс) кіреді.
Баланстар материалдық балансқа негізделеді, сондықтан ол алдымен құрылады және кез-келген технологиялық үрдісте міндетті түрде болады.
су
Газ хлор кіріс
сутегі
Тұз қышқылын алу өндірісінің материалды баланысын құру кестесі
Тұз қышқылын аналитикалық есеп беруі негізінде материалдық баланыс құру: алынатын қышқыл 30,4% , ұшатын және ұшпайтын қоспа 0,2% ,құрғақ хлор газ құрамында 95% СІ2 , 98% Н2 яғни Н2 артық мөлшері, сонда хлор реакцияға толық түседі.
Шешімі : 1 тонна тұз қышқылы үшін баланыс құру керек
1000кг 30,4% тұз қышқылында 304кг НСІ
НСІ______СІ 36,5____35,5 ; 304_____х ; 95% бар хлор газдан және 98% H2
Дәріс 6 Өндіріс үрдісінің негізгі принциптері
Химиялық өндірістің техникалық кестесін құрғанда келесі өндіріс үрдісінің принциптерін қолданады: үздіксіз, кезеңдік, орынды, өндіріс өнімдерінің жылу энергиясын қолдану.
Кезеңдік және үздіксіз өндіріс үрдістері.
Химиялық өндірістің барлық үрдістері уақыт бойынша химиялық реакцияға түсетін заттардың әрекеттесу жағдайларының тұрақтылығына байланысты 2 түрге: кезеңдік және үздіксіз болып бөлінеді.
Кезеңдік үрдістерде әр саты үзіліспен жүреді: алдымен реакция жүретін аспап шикізаттың немесе жартылай дайын өнімнің белгілі бір мөлшерімен толтырылады, сосын реакция жүргізіледі, реакция аяқталғаннан кейін бұл үрдіс қайталанады. Кезеңдік үрдіс өнімсіз, себебі реакцияның өту жағдайы өзгереді. Бұл әдіспен көбінесе органикалық бояғыштарды, жарылғыш заттарды т.б. аздаған заттарды алады.
Үздіксіз процестертерде шикізаттарды аппараттарға салу, соңғы өнімдерді алу бүкіл жүйе бойынша үздіксіз жүреді.Үрдіс пен аппараттарды тазалағанда не жөңдеу кезінде ғана тоқтайды. Мысалы, шойын, болат қорыту, H2SO4 өндіру, аммиак синтезі.
Достарыңызбен бөлісу: |