Үздіксіз процестердің тиімділігі.
1)аппараттар тоқтамайды, сондықтан өндіруді механизациялайды, автоматтандырады;
2)аппараттар өлшемдері кішірейеді, сондықтан ғимараттар көлемі де кішірейеді.
Өндірістік қалдықтарды қолдану принциптері.
Қалдықтардың түзілуі:
1)негізгі өнім алынғанда жүретін негізгі реакциялар кезінде;
2)негізгі өнім алынғанда қосымша реакциялар жүруі нәтижесінде;
3)негізгі реакциялар толық жүрмесе;
4)шикізатта қоспа болғанда.
Өндіріс қалдықтарын қайта қолдану өте ұтымды:
1)алынған өнімнің өздік құнын азайтады;
2)кәсіпорын аймағын, қоршағаен ортаны ластанудан қорғайды.
Өндіріс техникасы және технологиясы төмен болған сайын өндіріс қалдықтары жоғары болады.Түсті металлургияда SO2 газын ауаға лақтырады. Металлургия мен котельныйлардың шлактары лақтырылады. Қазіргі кезде шлакобетондарды (цемент + құм + шлак) құрылыста қолданады.
Шикізат және энергия
Кез келген өндірістегі қажет элементтер: адам күші, шикізат, энергия және су.
Тегіне және агрегаттық күйіне байланысты шикізат 3-ке бөлінеді: минералды, өсімдікті және жануарлы; агрегаттық күйіне байланысты: қатты, сұйық және газ тәріздес; құрамына байланысты: бейорганикадық және органикалық.
Минералды шикізат жер қойнауынан табиғи түрінде алынады. Минералды шикізат 3 түрге бөлінеді:
1)кенді
2)кенді емес
3)жанғыш
Минералды шикізаттар қатты, сұйық, газ тәріздес табиғи газдар:
1) кенді шикізаттардан негізінен металдар алынады;
2) кенді емес шикізаттар мына топтарға бөлінеді:
а) құрылыс материалдары (гравий, құм, саз, т.б.)
б) индустриалды шикізат-графит, асбест, магнезит, т.б.
в) химиялық шикізат-химиялық қайта өңдеуге түседі, күкірт, фосфорит, апатит,т.б.
г)жартылай бағалы; бағалы: алмаз, изумруд, рубин, малахит,т.б. табиғи түрде де, механикалық өңделгеннен кейін қолданылады.
Кенді емес шикізатты осы әртүрлі категорияларға да жатқызуға болады.
3)жанғыш минералды шикізат отын ретінде қолданылады: тас және қара көмір, мұнай,т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |