Минералды тыњайтќыштардыњ химиялыќ технологиясы пєнінен зертханалыќ ж±мыстар


Атмосферада азотпен сутегін қосып аммиак алу (аммиак әдісі)



бет10/18
Дата30.01.2023
өлшемі355,5 Kb.
#166768
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Ï?íí³? Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ «Ìèíåðàëäû øèê³çàòòû? àíàëèç³» ï?í

Атмосферада азотпен сутегін қосып аммиак алу (аммиак әдісі)

Бұл әдіспен азотты бекітудің практикалық мәні көпке дейін болмады, себебі 4000C -та аммиак қайта азот пен сутегіне айырады, тек 1884 жылы француз ғалымы Ле Шаталье аммиак шығымын арттыру үшін жоғары қысымда жургізу керектігін айтты. 1913 жылы Германияда тәулігіне 20-25 тонна аммиак алуға болатын өндіретін құрал жасалды. Қысымы 200-225атм, температурасы 5500С, аммиак 8-9% шығыммен болатын Германияда 1916 жылы екінші завод салынды, тәулігіне 1500 тонна аммиак алына бастады. 1927 жылы Совет өкіметіндегі заводта қысымы 700-750атм., температурасы 5000С 30-35% шығыммен аммиак алынды.
Қазіргі кезде сутегіні: судан(электролиз), табиғи газдан CnHn = nC + m/2H2, кокс газымен алады. Азотты ауаны суытып, сығу арқылы алады.
Ауаны тазалау.
Ауа құрамында су буы, көмірқышқыл газы, шаң тозаң болады. Ауаны суытқанда су буы, көмірқышқыл газы қатты заттарға айналады да ректификациялық аппараттардың ауа өткізетін түтіктерін жауып қалады, сондықтан азот бөлініп алынбайды, сондықтан ауа алдымен декарбонизацияға және кептірілуге тиіс, ал ауаны шаңнан тазалау үшін компрессор алдынды фильтр қойылады. Декарбонизациялау мына реакция:
2NaOH + CO2= Na2 CO3 + H2O арқылы жүреді.
Судан тазалау үшін қатты натрий гидрооксидін не кальций хлоридін қолданады. 3H2 + N2 = 2NH3 +26640kkal катализатор ретінде темір, Al2O3 пен K2O активтелген алынса, реакция 300 атм.,4500C-ға, 2,5c уақыт аралығында жүреді; өндірістік құралдар:

  • Жоғары қысымдағы(700-1000 атм)

  • Орташа қысымдағы (200-300атм)

  • Төменгі қысымдағы (80-100атм) болып бөлінеді, температура 450-5000C арасында болады. 1тонна аммиак алу ушін 3000м3 азот - сутек қоспасы, 90м3су және 1750kкал – сағат электр энергиясы керек. Екі түрлі аммиак алынады: А түрі тоңазтқыштар үшін, Б түрі әртүрлі өндірісте қолдануға, азот қышқылын алу үшін. А түрінде 99,8% аммиак керек, Б түріне 99% аммиактан төмен болмауы керек. Сары түске боялған аммиак деген жазуы бар болат бетондарда 30атм. қысымды аммиакты тасиды. Бір кг аммиак сұйық 1,76 л көлемде алады. Аммаиакты көп мөлшерде тасу ушін арнайы цистерналар қолданылады. 2,5 атм қысым немесе 12,8 атм қысыммен 50м 3дейін сыйымдылықта.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет