Минералды тыњайтќыштардыњ химиялыќ технологиясы пєнінен зертханалыќ ж±мыстар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет9/18
Дата30.01.2023
өлшемі355,5 Kb.
#166768
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Ï?íí³? Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ «Ìèíåðàëäû øèê³çàòòû? àíàëèç³» ï?í

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Шикізат алдын ала өңдеуге жататын механикалық өңдеулер түрін ата
2. Агломерация деп нені атайды?
3. Сусыздандыру деген не?
4. Кесектеу деген не?
5. Флотация арқылы минералды шикізатты байыту қалай жүреді?
6. Ең оңай механикалық әдісті ата.

Дәріс 8



Азот шикізаттары және қолданылуы.

  1. Азот қосылыстарының қолданылуы. Байланысқан азоттың қолданылуы:

  • Азот қышқылы жарылғыш заттар (тротил, пироксимен, метианит, нитроглицирин, түтінсіз оқ дәрі.т.б.), бояғыштар, фотопленкалар.

  • Калий нитриді негізінде қара оқ дәрі: аммоний нитриді негізінде аммонидтер;

  • PbN6 (НN3 қышқыл тұзы), Hg(CNO2) детонаторлар жасауға;

  • KNO3 тамақ өнімдерінің консерванты ретінде;

  • NaNO2 азобояғыштар ушін;

  • AgNO3, NaNO2 медицинада;

  • NH3 азот қышқылын алуға, тыңайтқыштар NH43, (NH4)2HPO4 т.б. NH4OH нашатыр спирті медицинада, NH4Cl бояу ісінде, гальвотехникада, медицинада;

  • NH3 тоңазтқыштарда, сода алуда.

  1. Азот шикізаттары. Жер қабығында 0,04% азот болады. Ол азот негізінен қатты жаңғыш, қазба құрамында (тас көмір, торф т.б.) 1-2% пайыз азот-натрий нитраты Чили жағалауында (Оңтүстік Америка), Мариенталда (Батыс Африкада) ғана кездеседі.

NaNO3 + H2SO4 = NaHSO4 + HNO3
Тас көмірден азот аммиак турінде бөліп алынады да суда не қышқылда ерітіледі. Өндіріс қажетін қамтамасыз ету үшін атмосферадағы азотты байланыстыру (фиксация) қажет. Бұл азoт сарқылмайтын шикізат болады, себебі ауадағы 78% азот, яғни жердің әр гектарының үстінде сегіз мың тонна.

  1. Атмосферадағы азотты бекіту(флотация). Өндіріс көлемінде атмосферада азотты бекіту әдісі он тоғызыншы ғасырда басталды:

  1. Цианидті әдіс:

CaC2 + N2 = CaCN2 + C + 70500kkaл
Температурасы 1000-11000Cқа жететін арнайы пештерде бұл реакция журеді.
Процессті тездету үшін CaF2(2%) және CaCl2(2%) қосады.
Цианид су буымен әрекеттесіп, NH3 түзеді.
CaCN2 + 3H2O = CaCO3 + 2NH3 (+1600C,p= 30aтм)
1905жылы CaCN2 Италияда осы әдіспен алына бастады.

  1. Азотты бекітудің тағы бір әдісі (доға әдісі) ауа оттегісімен азотты өзара әрекеттестіру: N2 +O2 = 2NO – 43200kkal, бұл реакция 3000-40000C (Петров доғасында) жүреді, тек екі пайыз NO алынады. Өндірісте 1905жылы Норвегияда алынды. Ары қарай 2NO + O2 = 2NO2 айналып, сумен не ізбест сүтімен жұтылады. 4NO +3O2 + Ca(OH)2 = 2Ca(NO3)2 + 2H2O

Ca(NO3)2 кальций селитрасы не Норвегия селитрасы деп аталады, тыңайтқыш ретінде қолданылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет