Министерство здравоохранения рк



Дата29.01.2018
өлшемі0,83 Mb.
#35961

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ



МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА




ПАТОФИЗИОЛОГИЯ-2. «ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ» МОДУЛІ
МОДУЛЬДІҢ МАҚСАТЫ: негізгі және клиникалық пәндердің біріктірілуі негізінде студенттерді ересек адамдардың және әр жастағы балалардың эндокриндік жүйесін (ЭЖ) қалыпты және патологиялық жағдайларда клиникалық тексеру негіздеріне үйрету.

Патофизиология-2 модулінің міндеті:

Қалқанша безі, бүйрек үсті безі, ұйқы безі қызметі бұзылыстарының патофизиологиялық даму тетіктерін түсінуге үйрету.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

1 Тақырып. «Эндокринопатиялардың жалпы этиологиясы мен патогенезі. Гипо- және гипергликемия, гипо- және гипертиреоз, гипо-және гиперкортицизмдердің патофизиологиялық тетіктері»


Сабақтың мақсаты:

  1. Гипо және гипертиреоз, гипо және гиперкортицизм, гипергликемия және гипогликемия синдромдары кезіндегі организмдегі бұзылыстардың этиологиясын, патогенезін меңгеру.


Оқытудың міндеттері:

Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:



  • Эндокринопатиялар дамуының негізгі тетіктерін сипаттауды

  • Қалқанша безінің және бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперфункциясының этиологиялық жайттарын білуді

  • Қалқанша безінің және бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперфункциясының негізгі өзгерістерінің патогенезін түсіндіруді

  • Қантты диабеттің I және II түрінің және диабеттік синдромның негізгі әйгіленімдерінің патогенезін түсіндіруді

  • Гипогликемиялық команы үлгілеуді және қорытындылауды

  • Балалық шақтағы эндокринопатиялардың ерекшеліктерін талдауды

  • Әртүрлі эндокринопатиялардың патогенездік сызбанұсқасын құрастыруды

  • Ситуациялық есептерге қорытынды жасауды


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің орталық реттелу тетіктерінің бұзылыстары (транс- және парагипофиздік реттелу), себептері, даму тетіктері. Кері байланыс тетігінің бұзылысы.

  2. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің бұзылыстарына әкелетін дерттік үрдістер.

  3. Гормондар белсенділігінің бұзылуының шеткері (безден тыс) тетіктері.

  4. Қалқанша безі қызметінің бұзылуы. Гипотиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.

  5. Гипертиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.

  6. Бүйрек үсті бездерінің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі .

  7. Гиперкортицизм, этиологиясы, негізгі көрністерінің патогенезі.

  8. Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму тетіктері.

  9. Қантты диабеттің I және II түрінің этиологиясы мен патогенезі

  10. Гипергликемиялық және гипогликемиялық команың патогенезі.


Оқыту және үйрету әдістері:

Ауызша сұрау, сынама беру, шағын топта жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шешу, сөзжұмбақты шешу.



Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. Тышқандарда гипогликемиялық команың үлгісін алып, оның дамуын



бақылау

Әдісі. Тәжірибеге үш тышқан алынады. Екеуіне 1-2 бірлік жай инсулинді енгізіп, банкіге отырғызады. Бақылау тышқанын бөлек банкіге отырғызады. Екі банкіні де жылы жерге қояды. Жануарларды бақылайды. 40 минөттен соң тәжірибелік тышқандарда гипогликемиялық команың белгілері (дене қалпын өзгертеді, тынысы жиілейді, қимыл үйлесімдігі бұзылады) пайда болады. Тәжірибелік тышқанның біреуінің іш қуысына 10,-10,5 мл 10% глюкоза ерітіндісін енгізеді, екі тәжірибелік тышқанды салыстыра отырып, бақылауды жалғастырады. Бақылауды аяқтаған соң жануарлар жағдайларының айырмашылығын түсіндіріп, қорытынды жасалады.
2 тапсырма. Ситуациялық есептерді шығару.

1 есеп

Қалқанша безі ауруы бар науқас радиоиммунды талдау әдісімен зерттелген, қан сарысуында тироксин (Т4), трийодтиронин (Т3) және тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейлері анықталды. Т4 және Т3-ң қандағы мөлшері азайған, ТТГ-ң өзіндік деңгейі жоғарылаған.

1. Алынған мәліметтер қалқанша безінің гипо және гиперфункциясынан хабар бере ма?

2. Дерттік үрдіс қай жерде орналасуы мүмкін?
2 есеп

Иттің бүйрек үсті бездерінің екеуі де алынып тасталған. Адреналэктомиядан 1 күннен кейін онда дерттік өзгерістер дамиды (әлсіздік, бұлшықет тонусы төмендеген, анорексия, құсу, анурия). Операциядан кейін 3 тәуліктен соң жануар өліп қалды.



  1. Ит неден өлді?

  2. Бүйрек үсті безінің қандай гормонын енгізу арқылы иттің өмірін ұстап тұруға болады және не себептен?

3 есеп

Клиникаға мұрт, сақал өсуіне, етеккір оралымының бұзылысына, жалпы әлсіздік, бас ауыруы, арқасы мен аяқ-қолдарында ауыру сезіміне шағымданып, 25 жасар науқас Н. түсті. Тексергенде:


  • Терісі жұқа, құрғақ, іші және сан терісінде қою қызыл түсті жолақтар.

  • Бет, мойын, іші, кеудесінде майлардың айқын жиналуы

  • Артериялық қысым 150/105 мм сын.бағ.

  • Жамбас сүйегінің рентгенограммасында – айқын остеопороз

  • Гипернатриемия, гипокалиемия, гипергликемия – 9,5 ммоль/л, глюкозурия

  • Кортизол деңгейі жоғарылағандығы анықталды

    1. Бұл белгілер қандай бездің зақымданғанын көрсетеді?

    2. Гипофиз немесе бүйрек үсті бездерінің дертімен байланысты екенін білу үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?

    3. Бұл көріністердің патогенезі қандай?

4 есеп

Ауруханаға әлсіздіктің үдеуіне, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне, ұйқысыздыққа, тәбетінің жоғалуына, арықтауына шағымданып, 27 жасар науқас түсті. Науқасты тексергенде:


  • Іштің ақ сызығы аймағының терісінде, шынтақтың бүгетін жерінде, қолтық асты ойысында, ауыз қуысының шырышты қабатында, тілінде сұр - қоңыр түсті нілдену байқалады.

  • Артериялық қан қысымы 80/60 сын. бағ.б.

  • Бұлшықет межеқуатының төмендеуі

  • Гипокалиемия, гипернатриемия, қанда қант мөлшері – 3,3 ммоль/л

  • Қанда кортизол, зәрде кортикостероидтар деңгейі төмендегендігі анықталды.

    1. Қандай бездің зақымдануы осы көріністерді береді?

    2. Ауру қалай аталады?

    3. Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай?

3 тапсырма. Сөзжұмбақты шешу














16




17










1























































2


































3













18










19





























































20



















4












































































24













21




22







23







25










5































6

































































































7

26










































































































8




















































9










27



































































10











































28





































11





























































29

























12































13

































































































14

























15















































Көлденеңінен:

  1. гиперпаратиреоз кезінде бүйректе өтетін үрдіс.

  2. құрысуға бейімділік ( гипопаратиреоз синдромдарының бірі).

  3. Грейвс ауруының (базедов ауруы) бір негізгі симптомы.

  4. гиперпаратиреозда қанда кәлций мөлшерінің өзгерісі.

  5. май алмасуы бұзылуымен сипатталатын Иценко- Кушинг ауруының симптомы.

  6. гиперәлдостеронизмде қанда натрий мөлшерінің өзгерісі.

  7. аденогипофиздің толық жеткіліксіздігі.

  8. тағам және суда тапшылығынан эндемиялық жемсау дамитын химиялық элемент

  9. гонадотроптық және/немесе жыныс гормондары тапшылығынан дамитын синдром

  10. қантсыз диабетте зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерісі.

  11. балалық шақта СТГ артық өндірілуінен дамитын ауру.

  12. гиперпаратиреозда сүйек тінінің өзгерісі.

  13. бүйрек үсті бездерінің алғашқы және салдарлық жеткіліксіздігін ажырататын белгі

  14. балалық шақта СТГ тапшылығынан дамитын ауру.

  15. организмде тиреоидты гормондардың жеткіліксіздігінен туындайтын жағдай

Тігінен:

  1. гипертиреозда кірпігін сирек қағу, төмен қарағанда жоғарғы қабақтың көз алмасының қозғалысынан қалыс қалуы сияқты симптомдар қай бұлшықет қызметінің бұзылуымен сипатталады?

  2. гипопаратиреозда дамитын симптом.

  3. гипертиреозда дамитын аритмия.

  4. әйелдерде ерлердің екіншілік жыныстық белгілері пайда болуы

  5. пангипопитуитаризмде организмнің тез арып-азуы.

  6. қалқанша бездің ұлғаюы.

  7. Тапшылығы, қантсыз диабетті дамытатын гормон.

  8. қантсыз диабеттің бір белгісі

  9. өсуі тоқтаған организмде СТГ артық өндірілуінен дамитын ауру.

  10. гиперәлдостеронизмде азаятын элемент.

  11. бүйрек үсті бездерінің созылмалы жеткіліксіздігімен сипатталатын аурудың атауы…….

  12. қалқанша без қызметінің артуынан туындайтын синдром

  13. гиперкортизолизмдегі сан, құрсақ терілеріндегі қоңыр-қызыл жолақтар.

  14. біріншілік гиперәлдостеронизммен сипатталатын синдромның атауы…….



Әдебиеттер :

Негізгі :

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. Оқулық – Алматы; «Эверо», 2007.-Б. 580-593

  2. Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. С. 433-448

2. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2009 .

3. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 538-558

4. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 193-

229.


5. «Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар » жинағы негізінде сынамалық тапсырмалардың нұсқалары құрастырылған / Т.П. Ударцева және Н.Н. Рыспекова. ред, аударған редакциялаған М.Б.Байбөрі -Алматы, 2007. 417-449 беттер

Қосымша:

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 315-322; 332-361.

  2. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 624- 637

БАҚЫЛАУ

(сынамалық тапсырмаларды орындау )

«Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар» жинағы негізінде сынамалық тапсырмалардың нұсқалары құрастырылған / Т.П. Ударцева және Н.Н. Рыспекова. ред, аударған редакциялаған М.Б.Байбөрі. 417-449 беттер
АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР (СӨЖ)

1 тақырып. «Балалық шақтағы эндокриндік бұзылыстардың ерекшелігі».



  • Балалардағы қалқанша безі қызметінің бұзылыстарының ерекшелігі

  • Балалардағы қантты диабет кезіндегі Мориак синдромы (тақырыптардың біреуін таңдаңыз).

Мақсаты:

  1. Балалардағы гипотиреоздың этиологиясы мен патогенезін өз бетінше оқу.

  2. Балалардағы қантты диабет кезіндегі Мориак синдромын өздігінен оқу.

Тапсырмалар:

  1. Сұрақтар бойынша оқу материалымен жұмыс жасау:

  1. Балалардағы біріншілік, екіншілік және үшіншілік гипотиреоздың этиологиясы

  2. Балалардағы гипотиреоз кезіндегі организмдегі бұзылыстардың патогенезі

  3. Балалардағы Мориак синдромының патогенезі

  1. Есептерді шешу

  2. Сынамалық тапсырмаларды шешу

  3. Мориак синдромының патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру

СӨЖ орындалу түрі:

Берілген әдебиеттер бойынша материалды өз бетінше оқу, сынамалық тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шешу,реферат жазу, тақырыпқа презентация, эссе.


Орындалу және бағалау критерийлері: «Білімін бағалау критерийлері мен ережелері» 2.11 бөлімінен қараңыз

СӨЖ – ді өткізу мерзімі

«Эндокрин жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау


1 тапсырма. Есептерді шешу

1 есеп

Жас және кәрі егеуқұйрықтардың қалқанша безі алынып тасталды.


    1. Тиреоидэктомия қай егеуқұйрықтарға ауыр тиеді?

2 есеп

Аудандық ауруханаға 5 жасар бала түсті. Бойының және ақыл-ойының дамуы артта қалғаны байқалады. Беті ісінкі, тілі үлкен, тілінің шеттерінде тіс іздері көрінеді. Терісі құрғақ. Іші кебіңкі, жиі іш қатулар дамыған. Тамыр соғуы минөтіне 60 рет, АҚ 95/60.



  1. Қандай гормонның артықтығы немесе жеткіліксіздігі осындай өзгерістерге әкелуі мүмкін?

  2. Ауру қалай аталады, оның мүмкіндік этиологиясы мен даму тетігі қандай?

  3. Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай?

3 есеп

5 жасар балада соңғы жылдары бойы өсуінің тоқтауы байқалады. Ақыл-есі және психикалық дамуы қалыпты. Науқас тарихынан нәресте уақытылы, 3 кг салмақпен туылған. 3,5 жасында қызылшаның ауыр түрімен ауырған.


  1. Қай гормонның артықтығы немесе жеткіліксіздігі осындай өзгерістерге әкелуі мүмкін?

  2. Ауру қалай аталады, оның мүмкіндік этиологиясы мен даму тетігі қандай?

  3. Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай?

  4. Баланың физикалық дамуын ынталандыруға бола ма?

  5. Гипотиреоидтық нанизмнің гипофиздік нанизмнен ерекшелігі неде?

2 nапсырма.Сынамалық тапсырмаларды шешу



1.Алғашқы гипотиреоздың себебі (7)

  1. аутоиммундық тиреоидит

  2. қалқанша бездің аплазиясы

  3. гипофиздің зақымдануы

  4. тироксин түзілуінің тұқым қуалайтын ақауы

  5. гормондардың қан нәруыздарымен берік байланысуы

  6. тағаммен йодтың аз түсуі

  7. кобальт, молибден, цинктің тапшылығы

  8. тіндердің тиреоидты гормондарға төмен сезімталдығы

  9. струмэктомия

  10. радиоактивті йодтың әсері

2. Салдарлық гипотиреоздың себептері (2)

  1. аутоиммундық тиреоидит

  2. гипоталамустың зақымдануы

  3. гипофиздің зақымдануы

  4. кобальт, молибден, цинктің тапшылығы

  5. қанда гормондар белсенділігінің төмендеуі

  6. тіндердің тиреоидты гормондарға төмен сезімталдығы

  7. радиоактивті йодтың әсері

3. Гипотиреоз дамуының безден тыс тетіктеріне жатады (4)

  1. гипофиздің зақымдануы

  2. гормондардың қан нәруыздарымен берік байланысуы

  3. қанда гормондар белсенділігінің төмендеуі

  4. тіндердің тиреоидты гормондарға төмен сезімталдығы

  5. радиоактивті йодтың әсері

  6. тіндерде тироксиннен гормондық тұрғыдан белсенді емес трийодтирониннің түзілуі

4. Гипотиреоздың мүмкіндік себептері (3)

A) тиреоциттердің йодты сіңіруінің тежелуі

B) тағам және суда йодтың тапшылығы

C) тиреолибериннің артықтығы

D) қалқанша бездің аутоиммундық бүлінісі

E) АКТГ артықтығы



5. Гипотиреоз кезінде жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарына жатады (4)

  1. психикалық белсенділіктің төмендеуі

  2. ойлау және сөйлеудің баяулауы

  3. ашуланшақтық, жылауықтық

  4. жоғары психикалық қозғыштық

  5. жадтың бұзылуы

  6. тежелгіштік, ұйкышылдық

6.Туа біткен гипотиреоз кезіндегі энцефалопатияның патогенезінде

маңызы бар (3)

  1. жүйке жасушаларының жетілуі төмендеуінің

  2. адренореактивтілік төмендеуінің

  3. тежелу тапшылығының

  4. гипоксияның

7. Тиреоидты гормондардың тапшылығы әкеледі (4)

  1. жүрек бұлшықетінің интерстициалдық ісінуін

  2. дисметаболизмдік кардиомиопатияға

  3. тахикардияға

  4. брадикардияға

  5. ҚМК төмендеуіне

8. Гипотиреозға тән (4)

  1. ішек және өт жолдарының гипотониясы және гипокинезиясы

  2. іш қату

  3. қуыстық және іргелік ас қорытудың бұзылыстары

  4. іш өту

  5. іш кебу

9. Қалқанша бездің балалық шақтағы гипофункциясының көрінісі (4)

  1. ақыл-есі дамуының жарымеске дейін кешеуілдеуі (кретинизм)

  2. бала еңбегінің ұзақ бітпеуі

  3. сүт тістер ауысуының кешеуілдеуі

  4. алыптықтың дамуы

  5. бойдың өспей қалуы

10. Йодтың суда және тағамда жетіспеуінен дамиды (1)

  1. аутоиммундық тиреоидит

  2. гипертиреоз

  3. гипопаратиреоз

  4. эндемиялық зоб

  5. жайылған уыттық зоб

11. Мориак синдромының симптомына жатады (4)

  1. бауыр көлемінің ұлғаюы

  2. бойы өсуі мен жыныстық жетілуде артта қалу

  3. май тінінің қайта бөлінісі

  4. бауырдың майлық сіңбеленуі

  5. бойының ұзын болуы

12. Мориак синдромының патогенезінде маңызы бар (4)

  1. инсулиннің тапшылығы

  2. кортизолдың артық өндірілуі

  3. глюкагонның артық өндірілуі

  4. қанда бета-липопротеидтер мен БМҚ жоғарылауы

  5. жыныс гормондары сөлденісінің артуы

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 446-448

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.-С. 515-522

  3. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 214-216

Дополнительная

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 647-651

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 353-362.

  3. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006.С. 211-213.


«ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ» МОДУЛІНЕН МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ

Мақсаты:

  1. аудиториялық және аудиториядан тыс өткізілген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалау

Бақылау міндеті:

  1. Өткізілген тақырып бойынша білімдерін бекіту


Студенттер білімін бақылаудың сұрақтары:

  1. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің орталық реттелу тетіктерінің бұзылыстары (транс- және парагипофиздік реттелу), себептері, даму тетіктері. Кері байланыс тетігінің бұзылысы.

  2. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің бұзылыстарына әкелетін дерттік үрдістер.

  3. Гормондар белсенділігінің бұзылуының шеткері (безден тыс) тетіктері.

  4. Қалқанша безі қызметінің бұзылуы. Гипотиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.

  5. Гипертиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.

  6. Бүйрек үсті бездерінің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі .

  7. Гиперкортицизм, этиологиясы, негізгі көрністерінің патогенезі.

  8. Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму тетіктері.

  9. Қантты диабеттің I және II түрінің этиологиясы мен патогенезі

  10. Гипергликемиялық және гипогликемиялық команың патогенезі.

СЫНАМАЛЫҚ БАҚЫЛАУ



1. Парагипофиздік реттелу бұзылысының себебі

  1. ТШҚҰ- синдромы кезіндегі гипофиздің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы

  1. нейрогипофиздің зақымдануы

  1. гипоталамустың нейросөлденістік жасушаларының уыттанулық иммундық зақымдануы

  2. гипофиздің өспесі

  3. жүйкелік өткізгіштердің зақымдануы

2.Трансгипофиздік реттелу бұзылысының себебі

  1. қалқанша бездің аденомасы

  2. нейрогипофиздің зақымдануы

  3. жүйкелік өткізгіштердің зақымдануы

  4. аденогипофиздің өспесі

  5. орхит

3.Трансгипофиздік реттелудің бұзылысына әкелмейтіні

  1. либерин түзілуінің бұзылысы

  2. статин түзілуінің бұзылысы

  3. гипофиздің тропты гормондары түзілуінің бұзылысы

  4. шеткері бездердің денервациясы

  5. психикалық жарақат

4. Трансгипофиздік реттелу, негізгі болып табылады

А) бүйрек үсті безінің қыртысының шоғырлы аймағына+

В) ұйқы безіне

С) бүйрек үсті безінің шумақты аймағына

D) қалқанша маңы безіне

Е) айырша безіне



5. Трансгипофиздік реттелу негізгі болып табылады

  1. нейрогипофизге

  2. ұйқы безіне

  3. жыныс безіне

  4. қалқанша маңы безіне

  5. эпифизге

6. Кері байланыс тетігінің бұзылысының негізінде жатады

  1. қандағы гормондар мөлшерінің өзгерісін қабылдайтын гипоталамус орталықтары сезімталдығының төмендеуі

  2. тропты гормондар өндірілуінің жоғарылауына жауап ретінде либериндер өндірілуі азаюы

  3. шеткері бездердегі гормондарының деңгейі жоғарылағандықтан статиндер өндірілуінің артуы

  4. либериндер өндірілуі жоғарылағандықтан аденогипофиз гормондары өндірілуінің артуы

  5. тропты гормондар өндірілуінің төмендеуінен либериндер өндірілуінің артуы

7. Кері байланыс тетігінің бұзылысы байқалады

  1. тропты гормондар мөлшері төмендегендіктен, статиндер өндірілуінің азаюында

  2. шеткі бездегі гормондар деңгейінің жоғарылауынан либериндер өндірілуінің азаюы

  3. шеткі бездердің аденомасында

  4. шеткі бездердегі гормондар мөлшері азаюынан аденогипофиз гормондары өндірілуі артуында

  5. психикалық қозу кезінде либериндер өндірілуінің артуы

8. Гормондар белсенділігінің шеткері, безден тыс тетіктерінің бұзылысына жатады

  1. бездердің өспесі

  2. без гормондарының биосинтезі бұзылысы

  3. бездің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы

  4. без дамуының туа пайда болған ақауы

  5. гормондық қабылдағыштардың бөгелуі

9. Эндокриндік бездер қызметінің алғашқы бүлінісіне әкелуі мүмкін

  1. нысана жасушаларда гормонды қабылдағыштар санының азаюы

  2. бездің қабынуы

  3. глюкокортикоидтардың қолдаушы (пермиссивті) әсерінің бұзылысы

  4. айналымдағы гормонның бөгелуі

  5. гормондардың әсерсізденуінің бұзылысы

10. Без гипофункциясына әкелуі мүмкін

  1. гипоталамус либериндерінің тым артық өндірілуі

  2. без аденомасы

  3. без атрофиясы

  4. гипоталамус статиндері сөлденісінің төмендеуі

  5. нәруыздар мен гормондар байланысуының төмендеуі

11. Бездер гиперфункциясының көріністерін дамытады

  1. прогормонның гормонға тым артық айналуы

  2. гормондық қабылдағыштардың бөгелуі

  3. гипофиздің тропты гормондарының сөлденісі төмендеуі

  4. бездің қабынуы

  5. бездің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы

12. Гиперкортизолизмге әкелмейтін жайт

  1. кортиколиберин сөлденісінің жоғарылауын дамытатын гипоталамус, таламустың зақымдануы

  2. АКТГ сөлденісі жоғарылауымен сипатталатын гипофиздің базофилдік аденомасы

  3. глюкостеромалар

  4. бүйрек үсті бездері қыртысының шумақты аймағының өспелері

  5. бронх өспелері кезінде АКТГ-нің эктопиялық түзілуі

13. Гиперкортизолизм кезінде нәруыз алмасуы бұзылуының салдары болады

A) антиденелер өндірілуінің жоғарылауы

B) бұлшықет атрофиясы, остеопороз

C) глюконеогенездің төмендеуі

D) қандағы қалдық азоттың төмендеуі

E) жұқпаларға төзімділіктің жоғарылауы



14. Гиперкортизолизм кезіндегі гипергликемияның патогенезінде маңызы бар

  1. глюконеогенездің белсенділенуі

  2. липогенездің белсенділенуі

  3. гликогеногенездің белсенділенуі

  4. гликогенолиздің тежелуі

  5. липолиздің тежелуі

15. Гиперкортизолизм кезіндегі су-электролит алмасуының бұзылысына жатады

  1. гипернатриемия, гипокалиемия, ішекте кальций сіңірілуінің тежелуі

  2. гипонатриемия, гиперкалиемия, АҚК-нің (ОЦК) жоғарылауы

  3. гиперкәлциемия, АҚК-нің азаюы

  4. гиповолемия

  5. гиперкалиемия, гиперволемия

16. Гиперкортизолизм көрінісіне жатады

  1. артериялық гипотензия

  2. жүдеу

  3. аяқтарда майдың жиналуы

  4. гипогликемия

  5. іштің, иықтың, санның терісінде жолақтардың пайда болуы

17. Гиперкортизолизм көрінісіне жатады

  1. артериялық гипотензия

  2. жүдеу

  3. майдың бет, мойын, іште жиналуы

  4. толық және жартылай салданулар

  5. экзофтальм

18. Гиперкортизолизм кезіндегі остеопороздың патогенезінде маңызы жоғы

  1. сүйек тіні нәруыздарының ыдырауы жоғарылауының

  2. сүйектің нәруыздық бетіне кәлций бекітілуі бұзылуының

  3. ішекте кәлций сіңірілуі төмендеуінің

  4. салдарлық гиперпаратиреоз дамуының

  5. гипопаратиреоз дамуының

19. Бүйрек үсті бездерінің жіті жеткіліксіздігінің себебі болуы мүмкін

  1. бүйрек үсті бездері қыртысты қабатының аутоиммундық зақымдануы

  2. бүйрек үсті бездерінің туберкулезі

  3. бүйрек үсті бездерінің қыртысына өспелердің метастаз беруі

  4. ТШҚҰ-синдромы кезінде бүйрек үсті бездері артерияларының тромбозы

  5. бүйрек үсті бездерінің туа біткен гипоплазиясы

20. Аддисон ауруына тән

A) терінің гиперпигментациясы, гипонатриемия, гиперкалиемия+

B) терінің гиперпигментациясы, гипернатриемия, гипокалиемия

C) тырысулар

D) артериялық гипертензия

E) семіру



21. Аддисон ауруы кезіндегі тері және шырышты қабықтар гиперпигментациясы патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:

Кортизол тапшылығы → кері байланыс тетігі бойынша ? өндірілуінің артуы → тері және шырышты қабықтарда меланин жиналуының жоғарылауы → гиперпигментация



  1. АКТГ

  2. АДГ

  3. СТГ

  4. ТТГ

  5. ГТГ

22. Бүйрек үсті бездерінің созылмалы жеткіліксіздігінің себебі болуы мүмкін

  1. бүйрек үсті бездерінің туберкулезі+

  2. бүйрек үсті бездері қыртысты қабатына қан құйылу

  3. ТШҚҰ-синдромы кезінде бүйрек үсті бездері артерияларының тромбозы

  4. глюкокортикоидтармен емдеудегі доғару синдромы

  5. екі жақты адреналэктомия

23. Бүйрек үсті бездерінің жіті жеткіліксіздігіне тән

  1. артериялық гипертензия

  2. гипернатриемия

  3. гипокалиемия

  4. гипергликемия

  5. артериялық гипотензия

24. Бүйрек үсті бездері қыртысты қабатының қызметі бұзылуы салдарынан дамитын эндокринопатияларға жатпайтыны

A) Конн синдромы

B) Иценко-Кушинг синдромы

C) Симмондс ауруы

D) Аддисон ауруы

E) адреногениталды синдром



25. Гипотиреоз кезінде сөлденісінің жеткіліксіздігі дамиды

A) тироксин, трийодтирониннің

B) АКТГ

С) ДҚГ


D) СТГ

E) глюкагонның



26. Гипотиреоз көрінісіне жататыны

  1. негізгі алмасудың жоғарылауы, жүдеу

  2. дене қызымының жоғарылауы, тершеңдік

  3. гиперхолестеринемия

  4. тахикардия, артериялық гипертензия

  5. қалқанша безінің ұлғаюы, экзофтальм

27. Гипотиреоз көрінісіне жатпайтыны

  1. аутоиммундық тиреоидит

  2. тиреотропиномалар

  3. тағаммен йодтың жеткіліксіз түсуі

  4. струмэктомия

  5. радиобелсенді йодтың әсері

28. Тиреоидты гормондардың жеткіліксіздігінен дамиды

  1. гиперкинездік диарея

  2. дисметаболизмдік кардиомиопатия

  3. тахикардия

  4. холестерин деңгейінің төмендеуі

  5. гипергликемия

29. Гипотиреоз кезінде қанда ТТГ мөлшерінің жоғарылауы, дерттік үрдістің орналасқанын көрсетеді

  1. гипофизде

  2. гипоталамуста

  3. мый қыртысында

  4. таламуста

  5. қалқанша безде

30. Гипотиреоз кезінде қанда ТТГ мөлшерінің азаюы, дерттік үрдістің орналасқанын көрсетеді

  1. аденогипофизде

  2. қалқанша безде

  3. бүйрек үсті безінде

  4. нейрогипофизде

  5. таламуста

31. Эндемиялық жемсау патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:

Йод тапшылығы ® тиреоидты гормондардың3, Т4) түзілуінің төмендеуі® қанда Т3, Т4 мөлшерінің азаюы ® ? ® қалқанша безінің гиперплазиясы

  1. ТТГ (тиреотропин) сөлденісінің жоғарылауы

  2. соматостатин сөлденісінің жоғарылауы

  3. соматомединдер сөлденісінің жоғарылауы

  4. тиреолиберин сөлденісінің азаюы

  5. кортиколиберин сөлденісінің төмендеуі

32. Балалық шақтағы қалқанша бездің гипофункциясына жатпайтыны

  1. ақыл-ой дамуының идиотияға (кретинизм) дейінгі кемістігі

  2. еңбектің ұзақ уақыт бітпеуі

  3. сүт тістері ауысуының кешеуілдеуі

  4. жыныстық және ақыл-ой дамуының уақытынан ерте дамуы

  5. бой өсуінің артта қалуы

33. Гипертиреоз дамуы мүмкін

  1. АКТГ-ның артық сөлденісінде

  2. нейрогипофиздің аденомасында

  3. тиреостатин артық сөлденісінде

  4. организмге глюкокортикоидтарды енгізгенде

  5. тиреоынталандыратын иммуноглобулиндердің түзілгенінде

34. Гипертиреоз кезінде зат алмасу өзгерістеріне жатады

  1. Тотығу-тотықсыздану үрдістерінің қарқыны төмендеуі

  2. АҮФ түзілуінің күшеюі

  3. негізгі алмасудың жоғарылауы

  4. гиперхолестеринемия

  5. липогенездің белсенділенуі

35. Гипертиреоздың көріністеріне жататыны

  1. қалқанша безінің ұлғаюы, микседема, брадикардия

  2. қалқанша безінің ұлғаюы, экзофтальм, тахикардия

  3. қалқанша безінің ұлғаюы, шаштың түсуі, терінің құрғауы

  4. қалқанша безінің ұлғаюы, іш қатуы, іштің кебуі

  5. сүт тістері алмасуының кідіруі, физикалық және ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі

36. Қантты диабеттің I түріне тән

  1. инсулиннің ұйқы бездік жеткіліксіздігі, HLA антигендерімен бірігуі

  2. инсулиннің ұйқы безінен тыс жеткіліксіздігі, HLA антигендерімен бірігуі

  3. ангиопатияның кеш дамуы

  4. жас 40-тан асқанда

  5. біртіндеп басталу, жеңіл өту

37.Қантты диабеттің II түріне тән

  1. инсулиннің ұйқы бездік жеткіліксіздігі

  2. инсулиннің ұйқы безінен тыс жеткіліксіздігі

  3. диабеттік кома дамуына бейімділік

  4. ангиопатияның ерте дамуы

Е) HLA антигендерімен бірігуі

38. Қантты диабет синдромы симптомдарының бірізділігін көрсетіңіз

  1. глюкозурия, гипергликемия, полиурия, полидипсия

  2. полидипсия, полиурия, гипергликемия, глюкозурия

  3. гипергликемия, глюкозурия, полиурия, полидипсия

  4. полиурия, полидипсия, гипергликемия, глюкозурия

  5. полиурия, гипергликемия, глюкозурия, полидипсия

39. Қантты диабеттің I түрі кезіндегі гипергликемияның патогенезінде маңызы жоғы

  1. гликогеногенез белсенділенуі

  2. жасушалардың глюкозаны пайдалануының төмендеуі

  3. глюконеогенездің күшеюі

  4. қанда инсулиннің қарсыластарының артуы

  5. гликогенолиз белсенділенуі

40. Қантты диабеттің бастапқы сатысындағы глюкозурия, салдары болып табылады

A) кетонемияның

B) гипергликемияның

C) гиперлипидемияның

D) полиурияның

E) гиперлактатацидемияның



41. Қантты диабет кезіндегі полиурияның патогенезінде маңызы бар

  1. алғашқы несептің осмостық қысымы жоғарылауының

  2. бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңірілуі жоғарылауының

  3. Боумена-Шумлянский қапшығында қысым жоғарылауының

  4. бүйректің проксималды өзекшелерінің тектік ақауының

  5. бүйрек өзекшелерінің АДГ-ға сезімталдығының төмендеуі

42. Диабеттік кома патогенезінде маңызы жоғы

  1. гиперосмолялды дегидратацияның

  2. кетоздың

  3. гипогликемияның

  4. ацидоздың

  5. гиперазотемияның

43. Гиперосмолялды диабеттік команың патогенезінде маңызы бар

  1. айқын гипернатриемия

  2. күрт айқын гипергликемия және жасуша дегидратациясы

  3. теңгерілмейтін кетоацидоз

  4. гиперкалиемия

  5. айқын гиперлактатацидемия

44. Кетоацидоздық диабеттік команың патогенезінің негізгі тізбегі

  1. өте айқын гипергликемия

  2. гиперкетонемия және теңгерілмеген ацидоз

  3. қан және жасушааралық сұйықтықтың гиперосмиясы

  4. жасушалардың айқын сусыздануы

  5. сүт қышқылының көп жиналуы

45. Микроангиопатия патогенезінде маңызы жоғы

  1. гипергликемияның

  2. ұсақ қантамырларының негізгі мембраналарына нәруыздардың глюкозамен байланысуының

  3. глюкозаның сорбитолға ауысуының белсенділенуі және оның ұсақ қантамырларының қабырғасында жиналуының

  4. қан тамырлары қабырғасы нәруыздарының антигендік қасиетке ие болуы және ұсақ қан тамырлары қабырғаларының иммундық зақымдануы

  5. артериялардың атеросклерозының

46 Макроангиопатия патогенезінде маңызы жоғы

  1. атерогендік төмен тығыздықты липопротеидтер деңгейі жоғарылауының

  2. жоғары тығыздықты липопротеидтер деңгейі төмендеуінің

  3. тромбоксан А2 түзілуі күшеюінің

  4. артериялардың тегісет жасушалары өсіп-өнуі түрткіленуі

  5. NO түзілуі жоғарылауының

47.Қанда қант - 20 ммоль/л,несепте глюкоза мөлшері - 3 ммоль/л, несептің салыстырмалы тығыздығы - 1035, тәуліктік диурез - 3500 мл. Сіздің тұжырымыңыз :

  1. қалыпты

  2. қантты диабет

  3. қантсыз диабет

  4. бүйректік глюкозурия

  5. фосфаттық диабет

48. Тәуліктік диурез - 3500 мл, қанда қант мөлшері 3,3 ммоль/л, несепте глюкоза мөлшері - 1 ммоль, несептің салыстырмалы тығыздығы – 1030.

Сіздің тұжырымыңыз:

  1. қалыпты

  2. қантты диабет

  3. қантсыз диабет

  4. бүйректік глюкозурия

  5. фосфаттық диабет

49. Йодтың суда және тағамда жетіспеуінен дамиды

  1. аутоиммундық тиреоидит

  2. гипертиреоз

  3. гипопаратиреоз

  4. эндемиялық жемсау

  5. жайылған уыттық жемсау

50.Мориак синдромының патогенезінде маңызы жоғы

  1. инсулиннің тапшылығы

  2. кортизолдың артық өндірілуі

  3. глюкагонның артық өндірілуі

  4. қанда бета-липопротеидтер мен БМҚ жоғарылауы

  5. жыныс гормондары сөлденісінің артуы

ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ




  1. Эндокринопатиялардың пайда болуы мен көріністерінің патогенезінің тетіктерін түсіндіре білу

Оқыту құралы

  1. Оқу –әдістемелік материалдар электронды түрде

  2. Сабақтарға көрсетілімдік материалдар

№ тақырып

Тақырып

Көрнекті құралдар түрі

№№ кестелер және папкалар

1

Ішкі сөлденіс жүйесінің патофизиологиясы

Таратылатын материалдар

Кестелер


Қабырға газеті

Слайдтар

Жануарлар

Жабдықтар


ЖМ 4-ТЖ
21.1 қыртысты қабаттың реттелуі

21.2 Шеткері бездерге аденогипофиздің әсері

21.3 Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері жүйесі

С-3.5 Эндокринопатиялардың жалпы тетіктері

СЛ-21.1 Ішкі сөлденіс жүйесінің патофизиологиясы (жиынтық)

Егеуқұйрық, тышқандар

Глюкометрлер, піспелер, жануар табиғатты жай инсулин, глюкоза ерітіндісі (20%)


2. СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР сабаққа арналған есептерді қараңыз

Ситуациялық есептердің жауаптары:

1 есеп

1. Алынған мәліметтер қалқанша бездің қызметі қалай өзгергендігін көрсетеді, гипер- немесе гипофункциясы ма?

Мәліметтер гипотиреозды көрсетеді

2. Дерттік үрдіс қайда орналасқан? Үрдіс қалқанша безінде орналасқан.

2. есеп



  1. Ит не себепті өлді? Бүйрек үсті бездерінің жіті жеткіліксіздігі дамыды.

  2. Қыртысты қабат гормондары жеткіліксіздігінен бе, әлде милық қабат гормондары жеткіліксіздігінен бе? Қыртысты қабат гормондары жеткіліксіздігінен милық қабат гормондары дербес жүйке жүйесінің түйіндерінде де өндіріледі.

3 есеп

  1. Гипоталамус және гипофиз ( Иценко-Кушинг ауруы) немесе бүйрек үсті безі (Иценко-Кушинг синдромы), немесе АКТГ эктопиялық түзілуі

  2. АКТГ деңгейін анықтау, гипофиз және бүйрек үсті бездері мөлшерлерін анықтау

  3. Көрсетілген өзгерістердің патогенезі қандай?


Гиперкортизолизм

Зат алмасудың бұзылысы

Нәруыз алмасуы

Бұлшықетте және дәнекер тіндерінде нәруыз ыдырауының күшеюі, нәруыз түзілуінің төмендеуі

Гиперазотемия, теріс азоттық баланс



Көмірсу алмасуы

  • глюконеогенез күшеюі

  • глюкозаның майға айналуының тежелуі

  • глюкоза-6-фосфатаза белсенділігінің артуы→глюкозаның қанға шығуы

гипергликемия (стероидты қантты диабет)



Май алмасуы

Үшацилглицериндер түзілуінің жоғарылауы, бауыр мен май тінідерінде май қышқылдары тотығуының азаюы

Бетте майдың артық жиналуы («ай тәрізді бет», кеудесінде, ішінде, мойнында «бизоний өркеші»)



Су-минералдар алмасуы

  • глюкокортикоидтар→ангиотензиноген түзілуінің және ангиотензинге айналдыратын ферменттің жоғарылауы → әлдостерон сөлденісінің жоғарылауы→ натрийдің қайта сіңірілуінің күшеюі, калийдің қайта сіңірілуінің төмендеуі

гипернатриемия, гипокалиемия

Жасуша сыртында судың жоғарылауы, АҚК ұлғаюы




  • ішектерде кәлций сіңірілуінің тежелуі, несеппен кәлций бөлінуінің артуы

салдарлық гиперпаратиреоз



Негізгі көріністері

Артериялық гипертензия

  • ренин-ангиотензин-әлдостерон жүйесінің белсенділенуі → АҚК артуы және шеткері қан тамырларының кедергісінің артуы

  • катехоламиндерге (гипернатриемия) тамыр қабырғасының сезімталдығының жоғарылауы

  • ОЖЖ қозу үрдісінің күшеюі (аммиак концентрациясы артуы) → тамыр қозғалтқыш орталығы межеқуатының жоғарылауы

Стероидты кардиомиопатия

Жүрек бұлшықетінде зат алмасу бұзылыстары, гипоксия

«Кушинг тәрізді келбет»

Майлардың көптеп жиналуы және денеде көптеп таралуы: бетте, мойында, іште, кеудеде майдың артық жиналуы, аяқ-қолда майдың азаюы

Бұлшықеттік әлсіздік

Жасуша ішілік калийдің азаюы, жасуша сыртында натрийдің жоғарылауы, қаңқа еттерінің дистрофиялық өзгерістері

Остеопороз, сүйек деформациясы мен сынуы балаларда бой өсуінің тежелуі

  • сүйек тінінде нәруыз ыдырауының артуы, сүйектің нәруыздық негізіне кәлций бекуінің бұзылуы

  • ішектерде кәлций сіңірілуінің төмендеуі →салдарлық гиперпаратиреоз дамуы

Іштің, иықтың, санның терісіндегі сызықтар - көгілдір түсті дистрофиялық «созылу сызықтары»

  • теріде нәруыз түзілуінің тежелуі → коллаген, эластин ж.б.жеткіліксіздігі

  • тері асты шел май қабатының майда қантамырлары, сызықтар аймағында көрінуі

  • тері асты шел май қабатында веналық қан іркілуі

Маскулинизация - әйелдерде ерлерге тән екіншілік жыныс белгілерінің пайда болуы: сақал, мұрттың өсуі, дауыстың өзгеруі (барифония)

  • бүйрек үсті бездері арқылы жыныс гормондарының өндірілуі артуы →гипофизде гонадотропты гормондар өндірілуінің тежелуі → жыныс бездерінің қызметінің тежелуі

Трофикалық жаралар, іріңдік зақымданулар, жұқпаға төзімділіктің төмендеуі

  • глюкокортикоидтардың артық мөлшерінен пайда болған иммунодепрессия

  • нәруыз түзілуінің төмендеуі

№ 4 есеп


  1. Бұл көріністер қай бездің зақымданғанын көрсетеді? Бүйрек үсті безінің қыртысты

қабатының

  1. Ауру қалай аталады? Аддисон ауруы (бүйрек үсті безінің созылмалы жеткіліксіздігі)

  2. Байқалған көріністердің патогенезі қандай?



Патогенездегі негізгі тізбек: бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жеткіліксіздігі


Зат алмасу бұзылыстары

Су -электролит алмасуы

Әлдостерон жеткіліксіздігі, кортизол мен кортикостеронның мөлшері аз болуы

натрийдің қайта сіңірілуінің төмендеуі, бүйрек өзекшелері арқылы калийдің қайта сіңірілуінің жоғарылауы



гипонатриемия, гиперкалиемия, АҚК азаюы



Көмірсу алмасуы

Глюкокортикоидтар жеткіліксіздігі



  • глюконеогенез және гликогенолиз төмендеуі

  • инсулин белсенділігінің жоғарылауы

  • глюкоза-6-фосфатаза белсенділігінің төмендеуі

  • ішектерде глюкозаның сіңірілуінің төмендеуі

гипогликемия



Нәруыз алмасуы

глюкокортикоидтардың қолдаушы әсерінің жойылуы, андрогендердің жеткіліксіздігі

Нәруыз түзілуінің төмендеуі, нәруыз ыдырауының басым болуы



гиперазотемия, теріс азоттық тепе-теңдік



Негізгі көріністері

Бұлшықеттік әлсіздік, шаршағыштық, адинамия

  • миоцитте иондар тепе – теңсіздігі → қозудың, өткізгіштіктің, жиырылғыштықтың бұзылыстары

  • Гипогликемия→ энергиямен қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі

  • миоциттер салмағының азаюы, андрогендердің анаболизмдік әсерінің төмендеуі салдарынан дистрофиялық өзгерістер

Артериялық

гипотензия



  • АҚК азаюы

  • Тамыр қозғалтқыш орталығы межеқуатының төмендеуі

  • Артериолалардың тегісет жасушалары межеқуатының төмендеуі

  • катехоламиндерге тамыр қабырғасының сезімталдығының жоғарылауы

  • Жүректің жиырылғыштық қызметінің төмендеуі

Анорексия, лоқсу, құсу, іш аймағында ауыру сезімі


  • асқазан және ішектер сөлденісінің жеткіліксіздігі, ұйқы безі сөлденісінің төмендеуі

  • Натрий бөлінуі салдарынан дамыған осмостық диарея

  • қуыстық және мембраналық асқорытылудың бұзылысы

Бүйрек үсті бездерінің алғашқы жеткіліксіздігіндегі тері мен шырышты қабаттардың гиперпигментациясы

кортизол жеткіліксіздігі

кері байланыс тетігі бойынша АКТГ, бета-липопротеин және меланоцит күшейткіш гормондар сөлденісінің жоғарылауы



Теріде, шырышты қабаттарда, әсіресе, ашық аймақтарда, тыртықта және тері қыртыстарында, ұрт, ерін, тілдің шетіндегі шырышты қабаттарда меланиннің шөгуі





Сөзжұмбақтың жауаптары











г




с







л

у

р

о

л

и

т

и

а

з
















а

д










с

п

а

з

м

о

ф

и

л

и

я




э

к

з

о

ф

т

а

л

ь

м







н




р

























а




а

ы

о




к







х




с

х

г

и

п

е

р

к

а

л

ь

ц

и

е

м

и

я







и

к




и




х










а




к

у




з




а




е

п

к




к




а

л




о

ж

и

р

е

н

и

е




к

о




г

и

п

е

р

н

а

т

р

и

е

м

и

я




б




т




с

л




о




л




д







н










п

а

н

г

и

п

о

п

и

т

у

и

т

а

р

и

з

м

и

и

и







д







д




я




у







е

й

я




з




й

о

д




и




р




г










а







и




у




г

и

п

о

г

о

н

а

д

и

з

м

ц




с




р




я




и




л










и




г

и

п

о

с

т

е

н

у

р

и

я




п

и




с




я







н




т




е

я

т







г

и

г

а

н

т

и

з

м










р







р










ч




к







т







и







о

с

т

е

о

п

о

р

о

з




п

и

г

м

е

н

т

а

ц

и

я










с










н




р













к




н




е










н

а

н

и

з

м




а




г

и

п

о

т

и

р

е

о

з







й




з



Мерзімдік бақылаудың эталон жауаптары




1-E

6-A

11-A

16-E

21-A

26-C

31-A

36-A

41-A

46-E

2-D

7-C

12-D

17-C

22-A

27-B

32-D

37-B

42-C

47-B

3-D

8 -E

13-B

18-E

23-E

28-B

33-E

38-C

43-B

48-D

4-A

9-B

14-A

19-D

24-C

29-E

34-C

39-A

44-B

49-D

5-C

10-C

15-A

20-A

25-A

30-A

35-A

40-B

45-E

50-E




Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет