Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА «ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» ПӘНІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
Нұр-Сұлтан 2022
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми- әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылды (2022 жылғы хаттама).
Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022. – 148 б.
Жинақ Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының бастауыш сыныптарда 2022-2023 оқу жылында «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген.
Әдістемелік ұсыным орта білім беру ұйымдарының басшыларына,
«Цифрлық сауаттылық» пәнінің мұғалімдеріне, білім басқармалары мен бөлімдерінің, оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлеріне арналған.
2
© Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022
Кіріспе
Бастауыш мектепті ақпараттандыру қазіргі заманғы сапалы білімге қол жеткізуде және XXI ғасырда баланың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Цифрлық сауаттылық үнемі даму үстінде қызмет етеді, өйткені ол оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуде негізгі қабілеттерін көрсетуге ықпал етеді. Бұл ақпараттық мәдениеттің қалыптасуына және ақпараттық қоғамдағы балалардың әлеуметтенуіне қызмет етеді.
"Цифрлық сауаттылықтың" қарапайым тілмен айтқанда, бұл – адамның күнделікті өмірде және жұмыста ақпараттық технологияларды қолдана білуі. "Цифрлық сауаттылықтың" өзектілігі бастауыш сынып оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастырудан басталуында.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі.
Бастауыш сыныптарда "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің оқытудың мақсаты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін білім алушыларды компьютерлік құрылғы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, Интернет желісінде жұмыс істеу, есептеу ойлауы, робототехника мәселелері бойынша базалық біліммен, дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Бастауыш сыныптарда "Цифрлық сауаттылық" пәнін оқыту бойынша әдістемелік нұсқау келесі сұрақтарды қарастырды:
Халықаралық тәжірибе негізінде бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту ерекшеліктерін зерттеу
«Цифрлық сауаттылық»пәнін оқытудың өзекті мәселелері
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың әдістемелік жүйесі
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда АКТ ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері бойынша әдістемелік ұсынымдар
Нәтижесінде «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту қазіргі Қазақстандағы мектеп информатикасының даму тенденцияларын қамтамасыз ете отырып, іргелі білімнің қажеттілігін оның рөлін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |