Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы өзекті мәселелер



бет8/32
Дата08.04.2024
өлшемі4,68 Mb.
#200611
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:
Ы.Алтынсарин

2 «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы өзекті мәселелер


  1. Жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604)

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту барысында сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болған жағдайда жүзеге асырылады.

  1. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

2012 жылғы 8 қарашадағы № 500, соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:

  1. сыныпта, аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 17 сағатты;

  2. сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

  3. сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

  4. сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Осы оқу жылының тағы бір ерекшелігі – 2022-2023 оқу жылында
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәніні 2-сыныпқа енгізілуі. Яғни 2022-2023 оқу жылында 1-4-сыныптарында «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні оқытылады.

  1. сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні оқу жылының ІІ жартыжылдығынан бастап аптасына 1 сағаттан оқытылады.

  1. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген
№ 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына (4- қосымша) өзгерістер енгізілді).

  1. сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім алушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін ойын программалау ортасында қалыптастыруға, робототехника жиынтығының негізгі компоненттерімен таныстыруға, қарапайым роботтар жинауға және оларды басқаруға бағытталған.

  1. сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:

    1. «Компьютер»: Информатика кабинетіндегі ережелер;

    2. «Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;

    3. «Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (скретч)); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;

    4. «Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).

  2. сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:

    1. «Компьютер»: компьютер құрылғылары; енгізу (тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығыс (монитор, принтер, динамиктер/ құлаққаптар) құрылғылары.

Программалық қамтамасыз ету: файл және бума туралы түсінік; файл мен буманы құру, көшіру, орнын ауыстыру және жою; контекстік мәзірді пайдалану.
Қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелері;

    1. «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»:

Мәтіндер: пернетақта симуляторы мен мәтін редакторында сөйлемдерді
теру;
Графика: суретті өңдеу, суретті кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту, сурет
фрагментін көшіру және көрсету.
Мультимедиа: дыбысты жазу және ойнату, аудиофайлдарды өңдеу;

    1. «Интернет желісіндегі жұмыс»: берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану, қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу;

    2. «Есептей білу»: алгоритмдер: тармақталған алгоритм, алгоритмнің ауызша түрі. Программалау: программалау ойын алаңының кірістірілген графикалық редакторында жеке өзінің кейіпкерін жасау, пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру, кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогті ұйымдастыру;

    3. «Робототехника»: ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша роботтың қозғалысын ұйымдастыру, жанап өтетін датчикті қолдану, роботқа арналған аудиофайлды жүктеу, роботқа арналған программаны әзірлеуде дыбысты қолдану, құрылған роботты аудиторияға ұсыну;

  1. сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:

    1. «Компьютер»: компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған клавиштер. Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда «қызу» клавиштерді пайдалану. Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері.

    2. «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтінді теру ережелері; маркіленген және нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою; мәтінге суретті қою және орналастырылуын реттеу; Презентациялар:

презентация конструкторы; программа мәзірі; презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны. Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);

    1. «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу, құжаттан мәтін үзіндісін іздеу. Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары; жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану.

    2. Есептей білу».

Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалар жүйесі.
Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен және кейіпкерлермен жұмыс істеу.

    1. «Робототехника»: орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру; робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.

  1. сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:

    1. «Компьютер»: компьютер құрылғылары: компьютерлік және мобильді технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру.

Қауіпсіздік: сенімді пароль критерийлері;

    1. «Ақпаратты ұсыну және өңдеу». Мәтін: мәтіндегі кестелер.

Презентациялар: слайдтың макеті; объектілердің анимациясы; бейне мен аудионы орналастыру.
Мультимедиа: бейнеролик жасау.

    1. «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу: компьютерде файл мен бумаларды іздеу; ақпарат алмасу : браузерді реттеу (бетбелгі, журнал мен жүктеу); электрондық пошта: хабарлама қабылдау және жіберу, файлдары қоса берілген хабарлама.

    2. «Есептей білу»: алгоритмдер: енгізілген циклдер, логикалық операторлар, салыстыру операторлары.

Программалау: программалау ойын алаңында айнымалыларды қолдану; жеке сценарийі бойынша ойын әзірлеу.

    1. «Робототехника»: түс датчигі; ультрадыбыс датчигі.

  1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны

Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық» пәнінен бөлімдер мен тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында
«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білім алушы оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.

  1. Оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 286 бұйрығына сәйкес
«Цифрлық сауаттылық» пәні келесі оқулықтар тізбесімен оқытылады (2.1 кестесі):
2.1-кесте. «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша оқулықтардың, оқу- әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі

Сынып

Басылымның атауы

Автор(лар)

Шыққа н
жылы

Баспа



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет