Д. Р. Онтагарова, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы «Химия және география»



бет1/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,98 Mb.
#34741
  1   2   3   4   5   6   7   8

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ



3 деңгейлі СМЖ

құжаты


ПОӘК

№ 1 басылым

18. 09. 2013 ж.



042-18-34.2.29

/01-2013



ПОӘК

Магистранттарға арналған «Химия пәніндегі оқулықтардың құрылымдық - мазмұндық негіздері»

пәні бағдарламасы


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Химия пәніндегі оқулықтардың құрылымдық - мазмұндық негіздері»

6М011200 - « Химия» мамандығы үшін

Семей

2013




  1. ӘЗІРЛЕНГЕН

ҚҰРАСТЫРУШЫ: ________ «_____» ___________ 2013 ж.


Д.Р. Онтагарова , педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

«Химия және география» кафедрасы




  1. ТАЛҚЫЛАНДЫ:




    1. «Химия және география» кафедрасы отырысында

« » ___ _______ 2013 ж. № хаттама


Кафедра меңгерушісі Д.Р. Онтагарова
2.2 Жаратылыстық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында
«____» __________ 2013 ж. № ___ хаттама

Төрайымы, доцент __________________ З.В.Абдишева


3.БЕКІТІЛДІ :
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған « » ____ 2013 ж., № ____ хаттама

ОӘК төрағасы, проректор _______________ Г.К.Искакова

Мазмұны


1

Глоссарий

3

2

Дәрістер

5

3

Зертханалық сабақтар

26

4

Студенттердің өздік жұмыстары

53

ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ:





  1. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, химиялық формулалар, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз

  1. Білім беру жүйесі-білім беру мекемелері мен білім беруді басқару ұйымдары арқылы жүзеге асатын білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттардың өзара байланыстылығының жиынтығы.

  2. Гуманитарлық технология - адамдардың өзін көрсету, олардың интеллектуалдық қасиеттерін өздері жүзеге асыру технологиясы

  3. Даму –қажетті және бағыттық сипаттағы материалдық және идеалды нысандардың заңдылықты сапалық өзгерісі

  4. Дәріс– оқу материалын реттеп беру



  1. Даму –қажетті және бағыттық сипаттағы материалдық және идеалды нысандардың заңдылықты сапалық өзгерісі.

  2. Диагностика –арнайы жобаланған ғылыми әдістердің көмегімен педагогикалық үрдіс,құбылыс т.б. сандық бағамдау мен сапалық сараптау жасау.

  3. Дидактика – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы

  4. Диверсификация ( лат.diversus= түрлінше + facere=жасау)-мыс.білім беру мекемелерін д.//бірмезетте түрлі типтегі оқу орындарының қатар дамуы;қазақша айтсақ,білім беру мекемелерінің түрлінше дамуы.

  5. Жаңа ақпараттық технология –коммуникациялауды жүзеге асыратын ақпараттық сараптау мен өңдеудің өзара берік байланыстағы тәсілдері,амалдары және құралдарының тұтасқан жүйесі.

  6. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу–тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

  7. Жаңашылдық //жаңа енгізілім (инновация)-мектепішілік басқару жүйесіне жаңа тұрақты элементтерді,өзгерісті белгілі бір бөліктер бойынша енгізу үрдісі.

  8. Жобалап оқыту технологиясы -тақырып (жобалық) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек және ол магистранттың қызығушылығын тудыруы қажет; оқытушының рөлі өзгереді, ол тек қана ұйымдастырушы әрі кеңесші болуы тиіс; жобалай оқытудың өн бойында іздену әрекеті, зерттеу әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады.

  9. Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология

  10. Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

  11. Мотивация-жеке бастық және ұжымдық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы түрткі үрдіс.

  12. Педагогикалық технология– педагогтің жеке басының шығармашылық күш-қуатын өрістетуде қамтамасыз етудегі, адамаралық және іс-әрекеттегі қарым-қатынасты жоғарлатудағы, кәсіби еңбектегі адамның рухани жоғары биіктен көрінуіне ықпал ететін адамгершілік жүйе», –деп анықтама береді.

  13. Проблемалық оқыту – ойлау операциялары (логика, талдау, қорытындылау және т.б.) мен оқушылардың ізденіс әрекеттерінің заңдылықтарын (проблемалық, ситуациялық, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.б.) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі

  14. Сабақ - өте күрделі, жан –жақты, көп қызмет атқаратын педагогикалық үрдіс.

  15. Технология -латын сөзі «texne» – өнер, кәсіп шеберлік, «Iogoc» – ғылым, ілім деген мағынананы білдіреді.

  16. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе.

Кіріспе


Дәріс№1-4Химия ғылымы және оқу пәні арақатынасының сипаты

(4 сағ)

1.1 Химиядан үздіксіз білім берудің өзіндік ерекшеліктері

1.2 Ғылым жүйесі негізінде оқу пәндерінің пән мазмұнының

іріктелуі және құрылуы

ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ

Химияның қоғамдағы рөлі,Химия ғылымының негізгі мәселелері

Химияның негізгі даму кезеңдері

 

ХИМИЯНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ



Адамзат баласы ежелгі уақыттан бастап табиғатты басқарудың, ұзақ өмір сүрудің, байлық пен молшылыққа жетудің негізгі жолдарын химия ғылымымен байланыстырды. Мыңдаған жыл бойы философия тасын іздеудің өзі - осыны дәлелдейді.

Адамзат химиямен екі түрлі формада байланыс жасайды. Біріншісі - химиялық процестер мен адамзаттың тіршілік етуі, адам баласы сусыз, оттегісіз, қоректік зат есебінде қолданылатын химиялық қоспаларсыз тіршілік етуі мүмкін емес.

Бұдан басқа адамзат химиямен материалдық өндірісте байланысқа түседі. Ал буның өзі табиғат пен қоғамдағы байланысты тудырады. Химиялық технология заттың ішкі белсенділігін пайдалана отырып, механикалық және органикалық дүниенің арасында аралық орын алады.

Химиялық айналымдарды ежелгі уақыттан бастап адамдар тұрмыста қолдана бастады. Мысалы: рудадан металл қорыту, теріні илеу мен бояу, әйнек пен керамика алу химиялық жолдармен біздің эрамызға дейінгі мыңжылдықтарда қолданыла бастады.

Ежелгі уақыттан басталған химизациялау процесі XX ғасырда өз шыңына жетті.

«Адамзат - табиғат» жүйесінде жасанды жолмен алынған, өңделген, өзгертілген заттар толыққанды, негізгі элементтерге айналды.

Полимерлерді синтездеу заттардан қасиеттері жаңартылған материалдар алу мүмкіндігін ашты.

Химияның көмегімен берік, ыстыққа төзімді, тот баспайтын, со-зылмалы, пластикалық, электр өткізгіш, изоляциялық материалдарды жасау   -   техниканың,    машинаның   индустрия   дамуынның   негізгі жақтарының бірі болып саналады. Техника дамуының кез келген қадамы химизацияны соқпай өтпейді.

Өндірісті химизациялаудың дамуы - еңбекті энергиямен қамтамасыз етудің жағдайын жасайды.

Бұл жерде химия екі жақты түрде қатысады: біріншіден, химиялық процестердің өзі энергия көзі болып саналады (жану, электрохимия-лық процестер); екіншіден, жасанды, химиялық жолмен алынған заттар энергетика саласында кеңінен қолданылады (ішкі жану двигателі, акумуляторлар, реактивті двигателдер мен атом реакторларының тетіктері тағы басқа), сонымен қатар буларға әр түрлі жасанды отын түрлері мен химиялық үстеме заттарды қосуға болады.

Заттарды химиялық жолмен жаңадан алу - табиғатты адамзаттың қажеттілігіне қарай бағыттау, икемдеу ғана емес, сонымен қатар, өндірісте еңбек өнімділігін арттыруда да қажетті құрал болып табылады.

Адамзаттың өндірістік-химиялық қызметі табиғаттағы заттарды өзгертумен бірге табиғаттың химиялық эволюциясының күшті әлеуметтік факторы болып саналады.

 

ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Химияның зерттеу пәні мен мазмунына сипаттама беруге ты-рысқан көптеген анықтамалар бар. Кейбір ғылыми әдебиеттерде хи-мияны - элементтер мен олардың қосылыстары туралы ғылым деп атайды. Ал, екінші біреулерінде - заттар мен олардың айналым тура-лы, үшіншісінде - заттың сапалық өзгерісі туралы ғылым деп қарастырылады. Бұл анықтамалардың бәрі де өз бетінше дұрыс, де-генмен химия ғылымы дегеніміз не деген сұрақққа толық жауап бере алмайды.

Бұл сұраққа жауап беру үшін, химияның заттар туралы білім жиынтығы ғана емес, басқа ғылым салаларының арасында өзінің әлеуметтік мәні бар, үнемі дамып отыратын, белгілі бір тартіппен қурылған білім жүйесі екендігін түсіну қажет. Химияның басқа ғылым саласынан ерекшелігі - өзінің зерттеу пәнін өзі жасайды (Д.И.Менделеев). Басқа ешбір ғылым бір уақытта ғылымның да, өндірістін де рөлін атқара алмайды.

Барлық химиялық ғьглым жүйесі - теориялар, заңдар, әдістемелер мен технологиялар - химияның негізгі мақсаты үшін - қажетті қасиеттері бар заттарды алуеа негізделген.

Химия ғылымының барлыц тарихы, дамуы осы негізгі мәселені шешуге арналған.

Ал оның өзі негізгі 4 факторға байланысты: .

1) элементтік және молекулярлық құрамына;

молекулаларының құрылымына;

химиялық реакция кезеңіндегі термодинамикалық және кинети-


калық жағдайларға

заттардың химиялық ұйымдасу деңгейіне

 

ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ



Химия дамуының барлық тарихы оның негізгі алдыға қойған мәселесін шешу жолында әдістеме-тәсілдердің ауысып отыруымен сипатталады. Химия ғылымының даму деңгейіне байланысты материя құрылымы, табиғаттағы заттардың құрамы, олардың бөлшектері -молекулалардың құрылымы туралы уғымдар да өзгеріп отырды.

XVIII ғасырға дейінгі химияның даму кезеңінде қажетті қасиеттері бар заттарды алу мәселелері көп жағдайда оңды нәтиже бере қойған жоқ. Табиғаттағы денелердің қасиеттерінің пайда болуы туралы екі удай пікір айтылған болатын. Антикалық уақыттың ұлы ғұламалары Демокрит (б.э.д. 470-380 ж.), Эпикур (б.э.д. 341-270 ж.) атомистік теорияны ұсынды. Олардың көзқарасы бойынша, барлық денелер көлемдері мен формалары әр түрлі атомдардан тұрады, ал бул атомдар олардың сапалық өзгешеліктерін түсіндіреді деген данышпандық көзқарасты устады.

Ал Аристотель (б.э.д. 384-322 ж.) мен Эмподокл (б.э.д. 490-430 ж.) табиғатта кездесетін денелердің әр түрлілігі олардың қасиеттерінің: жылу мен суықтың, құрғақтық пен ылғалдың, жарық пен қараңғының тағы басқа тіркесіп келуі арқылы түсіндіріледі деп айтты. Кейінірек осы көзқарасты ортағасырлық алхимиктер де дамытты. Бул кезеңде табиғат туралы білім жүйесін қураған - натурфилософия мен кәсіптік химия жеке-жеке дамыды.

Ал заттардың қасиеттерінің мәселесін шешу тәсілдері XVII ғасырдың екінші жартысында Р.Бойлдің еңбектерінде көрініс тапты.

Оның зерттеулері денелердің қасиеттері абсолютті емес, олар оны қураушы материалдық элементтердің сипаттарына байланысты екендігін көрсетті. XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың басына дейін заттардың құрамы туралы ілім барлық сол кездегі химияны қамтыды. Ол қазір де химияның бір бөлігі ретінде қарастырылады.

Химия ғылымдары дамуының екінші кезеңі немесе құрылымдық химия XIX ғасырды қамтиды. Химия дамуының бул кезеңі өндірістің мануфактуралық сипатының техникаға, кеңейтілген материалдық-шикізат базасына негізделген фабрикалық сипатпен алмасуы арқылы сипатталады.

Сол кездегі химия өнеркәсібінде өсімдік пен жануарлардан алына-тын заттарды өңдеу орын алды, олардың әрқайсысының ерекше сапалық ерекшеліктері болды, дегенмен, қурамы бірдей: яғни көбінесе сутегі, оттегі көміртегі, күкірт, азот, фосфордан түрды. Сонымен, зат-тардың жеке қасиеттері олардың химиялық қурамымен анықталмайтындығы белгілі болды.

Ал енді, осыдан кейін заттың құрылымы деген ұғым ғылымға енді. Химиктер заттардың қасиеттері мен сапалық жағынан әр түрлілігі олардың қүрамымен емес, молекулаларының құрылымымен анықталатындығына көз жеткізді.

Ал, зат қурылымымен таныс болғаннан кейін оны құрайтын моле-кулалардың атомдары қайсысы химиялық байланысқа жақсы қатысады, қайсысының қабілеті төмен деген сурақ туды. Себебі, зат қурамына кіретін барлық атомдар химиялық айналымға бірдей дәрежеде қатыспайды екен. Осыдан келіп, «реакцияәа қабілеттілік» деген тағы бір уғым химия ғылымына енді.

Өзінің екінші даму деңгейінде химия аналитикалық ғылымнан синтетикалық ғылымға айналды. Бул кезең органикалық синтез хи-миясының дамуымен байланысты.

Осы кезде тоқыма өнеркәсібіне арналған бояулар шығару, дәрі-дэрмек, жасанды жібек алу мүмкіндігі туды.

Бұл кезең - құрылымдық химия кезеңі деген шартты атауға ие болды, оның басты жетістігі - молекула қурылымы мен заттардың функционалдық   белсенділігінің   арасындағы   байланысты   анықтау болды.

Химия дамуының үшінші кезеңі - XX ғасырдың бірінші жартысын қамтиды.

XX ғасырдың алғашқы жартысындағы автомобиль өндірісінің, авиацияның, энергетикалық, құрал-жабдық шығарудың дамуы мате-риалдар шығаруға жаңа талаптар қойды.

Жоғары октанды мотор отынын, арнаулы синтетикалық каучук пен пластмасса, беріктігі аса жоғары изоляторлар, органикалық және бейор-ганикалық полимерлер, жартылай өткізгіштер шығару қажеттілігі туды. Бүндай материалдарды алу үшін бурьінғы заттың қурамы мен қурылымы туралы химиялық білім жеткіліксіз болды. Құрылымдық химия зат қасиеттерінің температураның, қысымның, еріткіштердің тағы басқа факторлардың әсерінен өзгеретіндігін есепке алмаған болатын.

Осыған байланысты, осы кезеңде химия ғылымы процестер мен заттардың езгеру механизмі туралы ғылымға айналды. Осының нәтижесінде қурылыс жумыстарына қажетті ағаш пен металдың орны-на синтетикалық материалдар, тамақ шикізатттарын, олиф, лак, жуғыш заттар тағы басқа өндіруді қамтамасыз етті. Ал каучук, этил спирті, жасанды талшық өндіру мунай шикізатына, азот тынайтқыштарын алу - ауа азотына негізделді.. Енді үздіксіз жүйемен жумыс істейтін мунай-химия өнеркәсібі дамыды.

Егер 1935 жылы тері, резина, талшық, жуғыш заттар, лактар, олиф, сірке қышқылы, этил спирті толығымен тек жануарлар мен өсімдіктер шикізатынан алынатын болса, ал XX ғасырдың 60-шы жылдарында техникалық спирттің 100%-ы, жуғыш заттардың 80%-ы, олиф пен лак-тың 90%-ы, талшықтың 40%-ы, каучуктың 70% және тері материалда-рының 25%-ға жуығы газ және мүнай шикізаттарынан алынды. Соны-мен бірге химия жылына мыңдаған тонна малға азық-түлік ретінде қолданылатын мочевина мен белок және миллиондаған тонна тыңайтқыш берді.

Сонымен, химия өзінің дамуының үшінші кезеңінде заттар туралы ғылым емес, заттардың өзгеруі мен өзгеру механизмдері туралы ғылым болды.

Химия еылымы дамуының төртінші кезеңі - XX ғасырдың екінші жартысы. Бул кезеңді эволюциялық химия кезеңі деп атайды.

Эволюциялық химияның негізінде химиялық өнімдерді алу про-цестерінде химиялық реакциялардың катализаторларын өздігінен жетілуге жеткізетін, яғни, химиялық жүйелердің өздігінен құрылуына әкелетін шарттарды пайдалану принципі жатыр. Буның өзін - химияны өзіндік бір биологизациялау тәсілі деп қарастыруға болады.

Ал бұл процесс белгілі бір уақыт бойында дамиды және сыртқы жағдайларға тәуелді емес. Уақыт бул жерде маңызды фактор, өйткені химиялық жүйенің эволюциясы қарастырылып отыр.

Химиялық жүйенің негізінде әлемнің химиялық картинасы қалыптасады, яғни табиғатқа химиялық көзқараспен қарау. Оның негізгі мазмуны мынандай:

тірі және өлі табиғатты химиялық мағанада қарастыра келгендегі сол дәуірдегі химиялық білімнің қортындысы;

табиғат обьектілерінің барлық негізгі түрлерінің пайда болуы мен эволюциясы туралы түсінік;

табиғат обьектілерінің химиялық қасиеттерінің оның қурылымына байланыстылығы;

табиғат процестерінің химиялық қозғалыс  процесі  ретіндегі жалпы заңдылықтары;

тәжірбиелік жағдайда синтезделетін ерекше обьектілер туралы білім.

50-60 жылдарға дейін эволюциялық химия туралы ештеңе белгілі болған жоқ. Жануарлар мен өсімдіктердің шығу тегін Ч.Дарвиннің зво-люциялық теориясы арқылы түсіндіруге тырысқан биологтардан айырмашылығы, химиктерді заттардың шығу тегі туралы мәселе толғандырмады. Ал, XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, химик-терге өз обьектілеріне байланысты эволюциялық мәселелерді шешу мүмкіндігі туды. Эволюциялық химияны-химиялық жүйелердің өздігінен ұйымдасуы мен ездігінен дамуы туралы ғылым деп те атай-ды. Бул жерде химия биологиямен тығыз байланыс жасайды. Тірі организмдерде жүретін барлық процестерді химия тілімен, химиялық процестер арқылы беруге болады екен.

Расында, егер денедегі зат алмасу процесіне таза химиялық көзқараспен қарасақ (А.И.Опариннің тәжірибесін), біз уақыт тәртібін сақтайтын, өзара бір-бірімен байланысты бірнеше химиялық реакция-ларды байқаймыз.

Тірі организмдердегі ереше кейбір қасиеттер, мысалы квбею, қозғалғыштық, қозу, сыртқы ортаның әсеріне жауап беру - барлығы химиялық реакциялар арқылы түсіндіріледі.

Әрине, тіршіліктің барлық қубылыстарын химиялық жолмен түсіндіру қателік болар еді, бул тіпті дөрекі механистикальщ кезқарас ретінде қарастырылатын еді. Бұған химиялық процестердің тірі және өлі жүйелердегі жүруінің ерекшеліктері дәлел бола алады.

Қазіргі кезде химия үшін биологиялық принциптерді қолдану маңызды болып саналады. XX ғасырдың өзінде биологиялық процес-тер үшін биокатализдің үлкен әсері бар екедігін ғалымдар түсінген. Сондықтан химиктер тірі табиғатқа катализаторлар қолдану төжірибесін жасайтын жаңа химияны шығаруды мақсат етіп қойды. Ұқсас молекулалар синтездеу принциптерін, әр түрлі қасиеттері бар, ферменттер принципімен жұмыс істейтін катализаторлар қолданылатын химиялық процестерді басқарудың жаңа түрі шықты

 1.1 Химиядан үздіксіз білім берудің өзіндік ерекшеліктері

Елімізде болып жатқан терең ѳзгерістер қоғамның барлық тіршілік сала- ларына , оның ішінде білім жүйелеріне де әсерін тигізіп отыр. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, білім салаларына мемлекеттік саясатты кѳрсетіп, осы жүйедегі ѳзекті проблемаларды реформалауды анықтады. Білім беру - қоғамның ѳсіп келе жатқан әр жеткіншектеріне ѳзінің жолын таңдау аясын кеңейтуде, тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған процесс ретінде сонымен бірге білім мазмұнын жақсарту мақсатында принциптерді іске асырады.

Үздіксіз білім беру табиғаты күрделі де кѳпқырлы. Ол мәдени, саналы педогогикалық мазмұнға ие. Үздіксіз химиядан білім беру, ең алдымен пәндер жиынтығының негізінде құрылған, ѳзекті химиялық проблемалар деп аталады: мысалы, іс жүзінде машина жасау, аспап жасау және басқа ѳнеркәсіптік салаларда пласмассаны ѳндіру проблемасы, металдарды коррозиядан қорғау проблемасы.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке тұлғаны қалыптастыруға , дамытуға және кәсіби біліктілігін шыңдауға бағытталған ролі былайша кѳрсетілген: « педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандарттарына кѳзделген деңгейден тѳмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабылеттерінің кѳрініп , дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» .

Қазіргі кездегі қоғамды ақпараттандыру жағдайында маман даярлаудың жалпы мақсаты-ақпараттық-компьютерлік технология құралдарының барлық мүмкіндігін қолдану қабылеттігіне даярлау арқылы үздіксіз білім беру бағытын қалыптастыру,тұлғаның білім беруді ақпараттандыру саласынан білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Қазіргі жағдайда техника саласы үшін мамандарды дайындау сапалығына қойылатын талаптар,жоғары білімнің мемлекттік үлгісіне сәйкес инженер кадрлардың дайындық деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп инженерлік-техникалық үздіксіз білім беру жүйесінің жақсаруы туралы мәселені жаңаша қояды. Мұнда студенттердің сұранысы мен жоғары оқу орнының талаптары ескеріліп, болашақ инженердің тұлғасын жасаудың жаңа жолдарын тауып,оның жеке тұлғалық нақты сапаларының, ѳз бетінше білім алу қабылетін,ѳзінің кәсіптік әрекетін творчестволықпен әрі жауапты түрде іске асыруының мақсатты түрде қалыптасуына кѳңіл бѳлінеді.

Қалыптасқан жаңа жағдайда, мемлекеттік білім беру саласындағы саясатты тәрбиелі де ѳнегелі, парасатты да салмақты, рухани ішкі дүниесі бай, адамгершілік түсінігі мол, әрі ұлттық және дүние жүзілік жетістіктерді қоғамдық ѳмірдің кез-келген саласында дамытуға қабілетті жеке тұлғаныңқалыптасуына бағытталуы тиіс. Өйткені ұлтымыздың кемелді келешегінің ең басты кепілі, сапалы, әрі жаңа заманның талаптарына сай білім беру жүйесі.

Қазіргі зерттеліп отырған жаңа сипаттарға үздіксіз білім берудің қарастырылып отырған мәселесін кеңірек, жан-жақты талдау тән. Бұл оның уақытша, мазмұнды әрі әлеуметтік аспектілеріне де қатысты. Ол оқыту бағыты мен оқушылар категориясына үздіксіз сипат береді. Уақытша аспектілерге келетін болсақ, бұрын үздіксіз білім беру адам ѳмірінің бір немесе басқа шектеулі кезеңіне ( біліктілігін үздіксіз арттыру, үздіксіз кәсіби дайындық т.б.) байланысты болса, соңғы жылдары бұл адам ѳмірінің еңбекке жарамды кезін ғана емес, сонымен қатар балалық шағынан қартайған кезіне дейін адам ѳмірін қамтитын үрдіс ретінде қарастырылуда.

Қоғамдық ѳмірге үздіксіз оқыту үрдістері елеулі ықпал етеді. Ертеңгі қоғамдық ѳміріміздің қажетін қанағаттандыру үшін қажетті қор құру мақсатымен қоғамдық ѳндірісті жетілдіру үрдісінің ѳзара диалектикалық байланысы, жаңа техника, технология мен еңбекті ұйымдастырумен үздіксіз білім беруді енгізу, тұлғаның білімділігін тереңдетіп, кеңейтудің маңызы артуда.

Химиядан үздіксіз білім берудің ѳзіндік ерекшеліктері,ол педагогикалық ғылым және оқу пәні болғандықтан,қоғамның талаптарына сай педагогика ғылымы анықтап берген жалпы орта білім беру және тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылады. Химиялық материалдарды оқып-үйрену барлық пәндерге ортақ педагогикалық қағидаларға сүйенеді.Химиядан үздіксіз білім беру ғылым ретінде дидактиканың аса маңызды қорытындылары мен ұстанымдарына заңдылықтарына сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың аса маңызды міндеттерін шешеді. Материалистік диалектика негізінде химияны оқытуға қойылатын негізгі талаптардың бірі заттар мен құбылыстарды жеке күйінде емес,маңызды байланыстары және негізгі қарым қатынастары тұрғысынан үйрену болып табылады.

Затты тереңірек зерттеп танудағы алғашқы басқыш- заттың молекулалық құрылысымен танысу.Заттың молекулалық құрылысы туралы алғашқы қарапайым мәліметтер- заттардың ѳзара байланысы және ѳзара тәуелділігі, оның құрамы мен құрылысы жѳніндегі сипаттамалар.Барлық заттар ѳзгеріске ұшырайды,табиғатта ѳзгермейтін зат жоқ екені арқылы адамдардың дүние танымдық материалистік кѳзқарастары қалыптасады.

Адам әрекетінің не нәрсеге бағытталғанына қарамастан, қосымша тағы бір нәтижеге - адамның қайта тәрбиеленуіне қол жеткізуге болады. Сондықтан қажеттіліктің артуы тікелей зертеуді қажет етіп, тұлғаның жан- жақты даму, оның жоғары интелектуалы мен рухани мәдениетінің қалыптасу құралы ретінде қарастырылады.

Үздіксіз білім берудің мақсаты-физикалық әрі әлеуметтік- психологиялық қалыптасуы, гүлденуі, қажетті күш-мүмкіндіктерінің жетілуі кезеңінде, сондай-ақ жоғалтқан күш-қуат, мүмкіндіктерінің орнын толтыратын қартайған шағындағы тұлғаның дамуы болып табылады.

Кең рухани ѳндіріс механизмі ретіндегі үздіксіз білім беру адамдардың жаңа экономикалық, қоғамдық-саяси, ғылыми, техникалық ақпаратты жүйені меңгеруін, олардың интелектуалды да мәдени деңгейінің ѳсуін қамтамасыз етеді. Қоғамдағы жеке адам үшін үздіксіз білім беру тұлғаның дамуына қажетті, оған жаңа сипат беретін қажеттері мен сұраныстарының дамуы мен ашылуы, кѳп қырлы білімділік және рухани сұраныстары мен қажеттіліктерінің қалыптасып, қанағаттандырылу үрдісі мен құралдарының тұтас жиынтығы ретінде кѳрінеді.

Тұтас қоғам үшін үздіксіз білім беру әр адамның , тұлғаның жалпы және кәсіби дамуы үшін қажетті алғы шарттарды жасаудағы мемлекет саясатының арнайы саласы болып табылады.

Үздіксіз білім берудегі негізгі міндеттің бірі -технократтық жүйені жеңу болады. Үздіксіздіктің мәні - уақыты , жылдамдығы бойынша жеке де жан- жақты оқытудағы тұлға мен қоғамның дамып отырған қажеттіліктерін ѳтеу , олардың әрқайсысына білім алудың ѳзіндік жүйесін таңдауға мүмкіндік беру.

Үздіксіз білім берудің ѳзіндік ерекшеліктері - құрамдардың түрлері мен ұйымдастыру жолдарының кѳпқырлылығы мен икемділігінде, оқытуды гуманитарландыру мен демократияландыруда, бағыты мен мазмұны бойынша оқыту үрдістерінің сараптауында .

Үздіксіз білім берідің гуманистік сипаты оқыту үрдісінің субъектісі ретінде адамға бағытталуымен және оның бірлесе үйрену жағдайында оның шығармашылық қабілетінің дамуына қажетті алғы шарттар жасауымен анықталады.

Үздіксіз химиялық дайындаудың түрі мен мазмұны жоғары оқу орындарында студенттерді дайындаудың берілген оқу жоспарында қарастырылған негізгі пәннің қисынды дамуы деп аталады.

Оқу үдірісінде дәрістер, семинарлар, лабораториялық сабақтар қолданылуы керек , дегенмен , студенттердің үлгерімін бақылау мен есептеу рефераттар және әдебиеттерді шолу , жобалау , лабораториялық және есептеу жұмыстары бойынша, оқу жоспарында қарастырылған арнаулы тапсырмалардағы ғылыми-зерттеулер бойынша есеп беру басым болуы керек.

Үздіксіз білім беру мазмұны қоғамдық дамудың ғылым мен ѳндіріс мәселелерін шешуде , ѳмірге қатысты , мақсатты болуы керек.

Үздіксіз білім берудің түрлі деңгейі мен ұйымдастыру құрылымдарының сәйкестілік принципінің негізі - фундаментальды мазмұн болып табылады. Ол қатынас құралы ,дұрыс оқып жазудан бастап , білім және қызмет саласының сәйкес инварианттарына дейін негізгі құрылымда жинақталады. «Негізгі білімді» оқу дағдыларынан игере отырып адам оқудың түрін , мерзімі мен жылдамдығын ѳзі таңдап , білім алу үрдісін жекелендіре алады. Интелектуалды негіз жаңа технологиялық ѳндіріске қажетті қолданбалы білімді игеруге біліктілігін арттырып , қайта даярлануына мүмкіндік береді.

Үздіксіз білім берудің маңызды сатысы - мамандарға кәсіптік білім беретін жоғары білім болып табылады. Оның қызметі жалпы қоғамдық және ғылыми техникалық ѳрлеудің одан әрі даму мәселелерін, жаңа қалыптан тыс міндеттерді шешуге бағытталған. Жоғары оқу орнының түлегі білім жағынан да, дамуы жағынан да тежелмейтіндіктен , ол жоғары негізгі білім ретінде танылады. Дүние танудағы қажетті құралды игере отырып, маман ғылыми негіздерді қолданып ғана қоймайды, сонымен қатар ѳндірістің жаңа технологияларын ойлап шығарып, ѳз шығармашылығын мәдениетімізді ѳркендету арқылы осы негіздерді қайта қарайды.

Жоғары білімді қайта құру бағыттары -білімді, ғылым мен ѳндірісті интеграциялау, маманның шығармашылығын дамытуға және оқу үрдісін компьютерлендіруге қажетті тиімді шаралар жасау болып табылады.

Жоғары мектеп потенциалы мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру үшін еліміздің барлық салаларында,соның ішінде химия ѳнеркәсібінде де қолданылуы керек.

Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының жанынан құрылған аспирантура , доктарантура , ізденушілік - үздіксіз білім берудің толыққанды да маңызды саласы болып табылады.

Қазіргі кезде аспирантура жоғары оқу орындары мен мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесіндегі мекемелерде оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізетін ғылыми-педагокикалық мамандар даярлайды. Болашақта мұндай қызметті барлық жүйедегі педагогтарды даярлайтын үздіксіз білім берудің арнаулы бѳлімдерін атқаратын болады.

Докторантура мен ізденушілік институтында оқитын кандидаттар «табиғи» жолмен сұрыпталса, аспирантурада контингент таңдауда ұқсас диагностикалық әдістер дайындалады.

Қоғамдық даму қажеттілікттері үздіксіз білім берудің жүйешесі ретінде халық шаруашылығының саласындағы мамандар мен жұмысшылардың біліктілігін арттыру жолдарына кѳптеген ѳзгерістер енгізуді талап етеді.Бұл жүйедегі оқу үрдісін белсенді оқыту, оқу үрдісін компьютерлендіру негізінде қайта қарап,мамандардың ѳз бетінше оқуына жағдай жасап, қуаттап отыру керек.Нәтижесінде,үздіксіз білім беру деңгейінің дискретті сипатына ие болып, шын мәнінде үздіксіз білім алуға жол ашылады.

Әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық ѳрлеудің деңгейіне қарай ғылымның,техника мен технология дамуының соңғы жаңа бағыттары,оларды пайдалану, түрлі қондырғылар, мәшинелер мен құрал- жабдықтардың жаңа түрлерін жѳндеу, құрастыруға байланысты мамандарды қайта даярлау кѳлемі мен мәні күн санап артуда.

Қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың негізгі құрылымына негізгі ұйымдастыру түрлерінің (негізінен жоғары оқу орындары мен жоғары кәсіптік техникалық лицейлер -олардың бѳлімдері) арнаулы бѳлімдер сондай-ақ мақсатқа сәйкес құрылған жоғары оқу орындары жатады.

Үздіксіз білім беру тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуымен шектелмейді. Адамдардың түрлі мәдени-ағарту қажеттіліктері мен сұраныстарын ѳтейтін бағыты мен мазмұны бойынша талаптарға негізделген бейресми оқыту түрі де үздіксіз білім берудің ажырамас бѳлігі болып табылады.

Елімізде ѳмірге келген әрбір жеке тұлға ѳз ѳмірінің,ѳзіндік білім мен тәрбиесінің субьектісі ретінде қарастырылып,оқу-тәрбие үрдісінің дамытушылық,тұлғалық бағдарлы тұрғыдан ұйымдастырылуы,қай тұрпаттағы (орта мектеп,гимназия, лицей т.с.с.)қай деңгейдегі (колледж, институт,университет) болмасын, білім беру орындарының басты міндеті болу қажет.Олай болса, білікті де іскер, қоғамдық ѳмірдің барлық саласына бейім,кез-келген кәсіптік білімді меңгеруге дайын, экономикалық тұрғыдан сауатты, әлеуметтік мол жеке тұлға қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім беру ісін сапалы жүзеге асыра алатын пәрмәнді білім беру жүйесін құрып,оны үнемі жетілдіріп отыру-заман талабы.

Қазіргі ѳндірістің, тағы бір ерекшелігі — ол білімді инженерлер, жоғары білімді мамандар мен қатар ѳз ісін шебер меңгерген жұмысшы және орта білімді мамандар даярлауды да талап етеді, оларсыз қандай да бір ѳндіріс процесінің ілгері басуы да мүмкін емес.

Үздіксіз білім алу екі мүддеден, екі қажеттіліктен туады: бірі — қоғамның, мемлекеттің, екіншісі — жеке адамның қажеті мен мүддесі. Қоғамның, мемлекеттің мүддесі алған білімін нақ қазіргі жағдайға, оның талабына сәйкестендіру, ол үшін күн сайын ѳсіп отырған саяси, ғылыми, мәдени ақпараттық жаңалықтарды қабылдауға бейімдеу; бұрынғы алған біліміндегі олқылықтарды толықтыру, әр адамның творчествалық үшін, потенциялын дамыту.

Біз жан-жақты гармониялық дамыған адамды тәрбиелеуді кѳздейміз. Мұның ѳзі әр адамның білімін жетілдірудегі жеке адамның қажеті мен мүддесін күн сайын қанағаттандыру міндетін күн тәртібіне қояды. Демек, бұл — адамның білімге деген рухани қажеті мен талабын қанағаттандыру, мамандығын жетілдіру, қоғамдық мамандықтарды білгірлікпен меңгеруді қамтамасыз ету.

Үздіксіз білімнің басты ерекшелігі — оның еріктілігінде. Мұндай еріктілік оқудың сапасын, тиімділігін арттыруіа себепші болады. Өйткені, қосымша білім алуға қатысушыларда ѳз білімімді толықтырсам деген игі тілек бар, олай болса мұндай оқу адамның қабілеті мен мүмкіндігіне сай құрылады.

Үздіксіз білім алу дәстүрлі білім беретін базалық оқу орындарынан тыс қосымша білімге ие болу деген сѳз. Қазіргі жағдайда біз білімді адам деп тек кѳп білетін адамды ғана айтпаймыз, сонымен бірге жағдайға, талапқа сай ѳз білімін толықтыратын, тоқтап қалмай ѳсіп отыратын адамды айтамыз. Біздің қоғамымыз үшін қалың бұқараның білімділігінің үлкен практикалық маңызы бар. Өйткені, ғылыми-техникалық процестің ѳскелең дамуы, қоғам мен қоғамдық ѳндірістің ілгерілеуі кѳп жағдайда халық бұқарасының жаңа білім қорлары мен дер кезінде қарулануына тікелей байланысты. Олай болса, прогресс тек жеке ғалымдарға, я болмаса жеке коллективтерге байланысты ғана емес, ең алдымен миллиондаган еңбекшілердің, білім дәрежесі.

Мынадай заңдылықты естен шығаруға болмайды, неғұрлым адамның білімі мол болған сайын оның білімге, оқуға құмарлығы, ѳз білімін жаңалықтармен толықтыруға құштарлығы арта түседі.

Қорыта айтқанда,заманның жаңа даму сатысында үздіксіз білім берудің ѳзіндік ерекшеліктері, қоғамның жаңа экономикалық саясат,әлеуметтік және интелектуальдық деңгейіне сай келуі тиіс.Осыған орай,білімнің мақсаты, оқу жүйесін реттеу,ұйымдастыру әдістері зерттеліп ѳз шешімін табуды қажет етеді. Химиядан үздіксіз білім беруді ұйымдастыру әдістері бүкіл оқу барысында ѳзара белгілі бір ізділікпен оқытылады. Бұл жағдайда химиялық дайындық студенттердің кейінгі қызмет етуінде де тиімді роль атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет