Д. Р. Онтагарова, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы «Химия және география»



бет3/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,98 Mb.
#34741
1   2   3   4   5   6   7   8

Әлемдік танымдық қызмет


Ақпараттың түрлері және олардың оқулық әдебиеттердегі көрінісі

1 - кесте



Ақпараттың түрлері

Ақпараттың оқулық әдебиеттеріндегі көрінісі

Мәтіндік ақпарат

Оқулықтағы мәтін, дәптердегі шығарма, ауа-райының болжамы, жарнамалар және т.б.

Сандық ақпарат

Көбейту кестесі, арифметикалық мысал, хоккей матчының есебі және т.б.

Графикалық ақпарат

Суреттер, схемалар, сызбалар, фотографиялар және т.б.

Музыкалық дыбыстық ақпарат

Дыбыстар, әуен, сөз

Бейнеақпарат

Түрлі – түсті графика, дыбыстық фильмдер, екі өлшемді және үш өлшемді қозғалыстағы объектілер.

Осы келтірілген ақпараттың түрлері мен олардың оқулық әдебиеттердегі көрінісіне (1 – кесте) және оқулық мазмұнының құрауыштары мен оларды тіркеу тәсіліне (2 – кесте) назар аударалық.


Оқулық әдебиеттердің мазмұнының құрауыштары және оларды тіркеу тәсілі

2 – кесте



Оқулық әдебиеттердің мазмұнының құрауыштары

Оқулық әдебиеттердің мазмұнын тіркеу тәсілдері

Негізгі ақпараттар

Мәтін, тұжырымдар, қорытындылар, суреттер, кестелер, схемалар, фотографиялар және т.б.

Оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру ақпараттары мәселелерінің қойылуы

Мәтіндерде, шығармашылық жаттығуларда, танымдық ойындарда және т.б. оқыту процесін ұйымдастыру

Оқушылардың пәнге мүдделілігі мен қызығушылығын дамыту элементтері

Мәтін тілі, оның мазмұнының қызықты болуы, формулалар мен құбылыстардың ұғынықтылығы, ғылым мен пән рөлінің ашылуы, т.б.

Осы келтірілген ақпараттар мен оқулық әдебиеттер туралы мәліметтерге талдау жасау арқылы біз оқулық әдебиеттерде де білім алуда ақпараттар көзіне жатады; демек олар да тек бір ғана қызмет атқарады деген қорытынды жасадық. Ол – ақпараттық танымдық қызмет.

Сонымен жоғарыда келтірілген мәліметтерді өзара салыстыра отырып, ақпараттың атқаратын қызметін сараптай отырып, оқулық әдебиеттердің де ақпараттық – танымдық қызметі негізгі төрт құрауыштан тұрады деген пікірге тоқтадық;



  • Әлеуметтік танымдық қызмет,

  • Мәдени танымдық қызмет,

  • Қоғамдық танымдық қызмет,

  • Ғылыми - әлемдік танымдық қызмет

Мына 3 – кестеде оқулық әдебиеттердің атқаратын ақпараттық – танымдық қызметінің құрауыштарын және оқушылар қандай пәндер арқылы қандай объектілерді танып білуі тиістігін ұсынып отырмыз. Бұл әлі де нақтылауды және жетілдіруді қажет ететіндігін ескертеміз.
Оқулық әдебиеттердің атқаратын ақпараттық – танымдық қызметінің құрауыштары, танымдық объектілер мен пәндер арасындағы қатыстар.

3 - кесте



Оқулық әдебиеттердің атқаратын ақпараттық – танымдық қызметінің құрауыштары

Оқушылардың танып білуіне тиісті объектілер

Оқытылатын пәндер

Әлеуметтік танымдық қызмет

Отбасы және қоғамдағы өзінің рөлі мен атқаратын міндеті мен байлық пен еңбек бөлісі, отбасының күн көрісін қамтамассыз ететін әлеуметтік заңдар, бейімділігіне қарай таңдап алған мамандыққа қатысты объектілер және т.б.

Әлеуметтік – экономикалық сала пәндері, әлеуметтік психология, отбасы психологиясы, кәсіптік білім пәндері және т.б.

Мәдени – танымдық қызмет

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар: атамекен, ана-тілі, тіл, дін, ортақ салт – дәстүр, төл әдет –ғұрып; ақпараттық қарым-қатынастық мәдениет, демократиялық және саяси мәдениет; денсаулық; салауатты өмір салыт және т.б.

Қазақ, орыс, шет тілдері, тарих, әдебиет, философиялық этика, эстетика, дене тәрбиесі және т.б.

Қоғамдық танымдық қызмет

Адам мен қоғам және олардың даму заңдылықтары, қоғамдағы саяси және әлеуметтік процестер және т.б.

Философия, тарих, құқықтану, экономикалық -әлеуметтік білімдер және т.б.

Ғылыми - әлемдік танымдық қызмет

Әлемнің ғылыми келбетінің картинасы; табиғат, экология және т.б.

Философия, математика, физика, астрономия, химия, биология, география және т.б.

Қазір Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының ғалымдары жалпы орта білім берудің ұлттық стандартын дайындау үстінде. Сол материалда келтірілген ұлттық деңгейдегі базалық біліктер тоғыз бөлімнен тұрады. Сол базалық біліктер оқулық әдебиеттердің атқаратын қызметтерімен толық үйлесім тауып тұрғанын мына кестеден көруге болады.


Ұлттық деңгейдегі базалық біліктердің қорытынды нұсқасының оқулық әдебиттердің атқаратын қызметінің құрауыштары бойынша жіктелуі.

4 – кесте



Оқулық әдебиеттердің атқаратын ақпараттық – танымдық қызметінің құрауыштары

Ұлттық деңгейдегі базалық біліктер

Әлеуметтік танымдық қызмет

Әлеуметтік машықты игеру; оларды нарықтық қатынас жағдайында өзіңді-өзің анықтау мен кәсіпқойлық өсуде пайдалана білу; отбасында және басқалармен ынтымақтастықта әлеуметтік міндетінді орындай білу; өз мүмкіндігінді нақты болашағы бар жобалау мен ұйымдастыру іс-әрекетімен ұштастыра білу, өз өмірің мен ісіңе жауапты болу; жаңа ақпараттық және қарым-қатынастық технологияны пайдалана білу.

Мәдени – танымдық қызмет

Мемлекеттік тілде, ұлтаралық қатынас тілі орыс-тілінде, шетел тілінде қарым-қатынас машығының болуы; өз халқаңның мәдениеті мен әлемнің алуан түрлі мәдениетін түсінуі және бағалай білу; салауатты өмір сүруге және демалысыңды сауатты ұйымдастыруға машықтану; өз қадір-қасиетіңді сезіне білу.

Қоғамдық танымдық қызмет

Өз Отаны-Қазақстанның патриоты болу; саяси жүйені түсіну; болып жатқан әлеуметтік оқиғаларды бағалай білу; азаматтық белсенділік таныту; рухани келісім мен түсінушілік идеясына иланымды болу.

Ғылыми - әлемдік танымдық қызмет

Әлемнің ғылыми картинасын түсіну;ізденшілік-зерттеушілікке және шығармашылық қызметке машықтану; жоғары технологияны меңгеру жағжайын ескере отырып,қоршаған ортаны сақтау туралы қамқорлық жасау; экологиялық тепе-теңдікті ұстап тұру үшін білімдерді пайдалану машығының болуы.

Бұл үйлесім оқулықтың атқаратын қызметін біздің дұрыс анықтап отырғанымызды көрсетеді. Демек, біз анықтаған оқулық әдебиеттердің қызметі Жалпы орта білім стандартына сай теориялық негіз ретінде оқулық әдебиеттерді әзірлеуде қолдануға болады деген сөз. Енді оқулық әдебиеттердің негізгі міндеті мен ұстанымдарына және олардың сапасына қойылатын негізгі талаптарға тоқталайық.

Оқулық әдебиеттердің негізгі міндеті – ақпарат алушы оқушыларға сыныптарға арналған оқу-әдістемелік кешендер арқылы әлеумет, мәдениет, қоғам, әлем туралы мүмкіндігінше белгілі бір көлемде шынайы мағлұматтар беру. Таратып айтсақ, келешек тұлға оқулық әдебиеттерден мынадай объектілер, құбылыстар мен процестер, олардың даму заңдары мен олардың өмірде қолдануы туралы нақты ақпараттар алуы тиіс:


  1. Өз отбасындағы және қоғамдағы байлық пен еңбек бөлісі, отбасындағы және қоғамдағы өзінің рөлі мен атқаратын міндеті, өзінің және өз отбасының күн көрісін қамтамассыз ететін әлеуметтік заңдар.

  2. Өз ұлтының Ұлттық құндылықтары; атамекені, ана тілі, қалыптасқан ділі мен діні, ортақ салт-дәстүрі, төл әдет – ғұрпы, тарихы, ғылымы, яғни ұлттық мәдениет негіздері және міндетті түрде «жалпы адамзат баласы жинақтаған мәдени құндылықтар».

  3. Өзі өмір сүріп жатқан қоғамдағы тарихи процестер, өз елінің өткен тарихы мен бүгінгі жағдайы және өз отбасы мен Отаны, өз ұлтының тұлғалары, басқа елдердің тарихы, жалпы адамзат қоғамының даму заңдары мен бағыттары.

  4. Бүкіл адамзатты және өзін қоршаған әлем, ондағы болып жатқан процестер, оны танып білудегі ғылымның рөлі мен оның дамуы кезеңдері, ғылыми – техникалық өрлеуге жеткізген, сондай-ақ кейде экологиялық зардап келтірген, ғылыми жаңалықтар.

Оқулық әдебиеттер осыларды қамти отырып:

    • Әр оқушының бейімділігіне, қарым – қабілетіне қарай ғылымның, өндірістің, өнердің белгілі бір саласында озық нәтижеге қол жеткізе алатын мамандықты таңдауына мүмкіндік туғызу;

    • Оқушылырдың дербестігін, ынталылығын, өз бетімен білім алуға дайындығын қалыптастыруға жағдай жасау;

    • Оқушыны жеке – дара және топтарда жұмыс істеуге үйрету;

    • Оқушыларды қоршаған ортамен өзара қарым – қатынаста болуға дайындау сияқты т.б. да ұйымдастырушылық міндеттерді атқаруы тиіс.

Оқулық әдебиеттер білім алудың негізгі құралы, әрі оқыту процесінде ақпараттық ортаның негізгі ядросы болғандықтан, оған мынадай жүйелеушілік міндеттерді жүзеге асыру жүктеледі:

  • Білім беру мазмұны бойынша қойылған талаптарға сай әртүрлі сипаттағы ақпараттарды жүйелі түрде жинақтау және орналастыру;

  • Оқу процесін ұйымдастыру жүйесін негіздеу;

  • Оқушы, оқу материалы және оқытушы арасындағы байланысты белгілі бір қарым – қатынастық жүйеге келтіру;

  • Білім алу мен білім сапасын бағалау мониторингі жүйесін құру және оны жүзеге асыру механизмдерін анықтау.

Білім беру мазмұнының негізгі құрылымы ретінде оқулық әдебиеттердің мазмұны осы жоғарыда аталған міндеттерді қамтуы тиіс. Қорыта айтқанда, оқулық әдебиеттер дегеніміз оқушылардың әлеуметті, мәдениетті, қоғамды, әлемді, ондағы қарым – қатынастарды және олардың даму заңдарын танып білу құралы қызметін атқаруы тиіс.

Оқулық әдебиеттердің негізгі мақсаты тәлім – тәрбие процесі мен білім беру міндетін анықтауға және оларды жетілдіруді жүзеге асыруды бағытталғандықтан, ол тәрбиелеушілік және біліктілікті дамытушылық ұстанымдарды басшылыққа алады. Осылар оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру ақпаратының негізін және оқушылардың пәнге мүдделілігі мен қызығушылығын дамыту элементтерін анықтайды.



Оқулық әдебиеттердің сапасына қойылатын негізгі талаптар:

Оқулық әдебиеттерде тәрбиелеу мен білім беру мазмұны мен барлық құрауыштарының жүзеге асырылуы.

Пән бойынша оқулық әдебиеттердің мазмұнының Жалпы орта білім беру стандартының талаптарына сәйкес болуы.

Пән мәтінінің қазіргі заманғы ғылым дамуының жетістіктеріне сәйкес болуы.

Оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктерімен жеке – дара қабілеттерін ескеретін оқу материалы мазмұнының баяндалуы анық, ұғынықты және қарапайым болуы.

Күтілетін нәтижелерге толық қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқулық әдебиеттер материалы мазмұнын іріктеудегі негізгі жүйелеушілік міндет пен тәсілдердің сақталу;

Оқулық материалының тәрбиелеушілік және біліктілікті дамытушылық ұстаным элементтерінің айқын болуы;

Оқулық материал мазмұнының іргетасы психологиялық –дидактикалық өреде қаланып, танымдық мәтін арқылы баланың қызығушылық сезімін тудырады.

Оқулық материал мазмұнын ғылыми – көпшілік стильде жазылып, сұқбатқа көп орын беріліп, оқушыны сөйлеуге машықтандыруы.

Оқулық материалда түсіндірме – көрнекілік мәтіні, түсіндірудің ұғынықты, ұтымды технологиясының қолданылуы.


Бұл талаптар әлі де зерделеуде, толықтыруды және жетілдіруді қажет етеді. Қорыта келе оқулық әдебиеттерді әзірлеудің ақпараттық моделін мына түрде ұсынып отырмыз: оқулық әдебиеттердің қызметі – оқыту объектілерін, міндеті – базалық ақпараттың (білімнің) мазмұны мен көлемін, көрнекілігі – көрнекілік объектілерді және олардың ақпараттық мазмұнын, ұстанымдары - тәлім – тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен біліктілікті дамыту элементтерін, талаптары – оқулық әдебиеттердің сапасын анықтау мен жетілдіру жолдарын анықтайды.

Оқыту объектілерін анықтауда күтілетін нәтиже – оқыту объектілері (пән бағдарламасы), базалық ақпараттың (білімнің) мазмұны мен көлемін анықтауда күтілетін нәтиже – базалық ақпараттың мазмұны мен көлемі және оқушылар білімінің сатылық деңгейі (пән стандарты), көрнекілік объектілерді және олардың ақпараттық мазмұнын анықтауда күтілетін нәтиже – көрнекілік объектілері және оларды пайдалану технологиясы, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен біліктілікті дамыту элементтерін анықтауда күтілетін нәтиже – тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен біліктілікті дамыту элементтерін іске асыру механизімі, оқулық әдебиеттердің сапасын анықтау және жетілдіруде күтілетін нәтиже – оқулық әдебиеттердің сапасын талдаудың сындықтар жүйесі және оларды пайдалану механизімі.

Бұл жүйе оқулық әдебиеттерді әзірлеудің ақпараттық – теориялық негіздері ретінде оқулық әдебиеттерді әзірлеуде және оқушылардың білім сапасын бағалаудың өлшемі қызметін атқаратын сындықтарды анықтауда басшылыққа алынады. Сонымен оқулық әдебиеттерді әзірлеудің теориялық – ақпараттық моделінің жобасын схема түрінде былайша өрнектеуге болады деген шешімге келдік (2-схема).
Ал қазіргі қолданыстағы оқулық әдебиеттер жоғарыда айтылған қызмет пен міндетті атқара алмай отыр. Себебі оқулық құрылымы мен мазмұны бұрынғы талапқа сай әзірленген. Сондықтан оқулық әдебиеттердегі ақпаратты меңгерген кезде оқушылар білімінің сатылық деңгейі қандай болуы керектігі, бейімдерін дамытуда, болашағын бағдарлауда қандай нақты нәтижеге қол жеткізу керектігі жүйелі түрде айқын, тайға таңба басылғандай жазылмаған. Сондай-ақ нәтижеге қол жеткізудің технологиясы мен оқушылардың өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру және бағдарланған білім алуда оқулық әдебиеттерді қалыптастыру енді қолға алынып жатыр.

Ілім алуда – білім мен білікті, машықты меңгерте отырып, оқушылардың бейімділігін анықтауға, біліктілігін дамытуға, оқытуда – оқулық әдебиеттер ақпаратын игерте отырып, оқушылардың күтілетін нәтижеге қол жеткізуін қамтамассыз ететін оқу процесін жобалауға бетбұрыс жасау мақсатымен оқулық әдебиеттерді қайта әзірлеу мен оқыту процесін ұйымдастыру тәсілін ақпараттық технология тұрғысынан қайта құру да алда тұрған міндет. Бұл мақалада берілген тұжырымдар әлі де зерттеліп зерделеуде, толықтыруды, жетілдіруді талап ететіндігін ескертеміз.



Оқулық әдебиеттерді әзірлеудің ақпараттық моделінің жобасы

2 – схема








Оқулық әдебиеттердің атқаратын қызметі

Оқулық әдебиеттердің атқаратын міндеті

Оқулық әдебиеттердің көрнекілік объектілері

Оқулық әдебиеттердің ұстанымдары

Оқулық әдебиеттерге қойылатын талаптар



Оқулық әдебиеттердің оқыту объектілерін анықтау

ОӘ-дің базалық ақпарат мазмұны мен көлемін анықтау

Көрнекілік объектілерін және олардың мазмұнын анықтау

ОӘ-дің мазмұнындағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен біліктілікті дамыту элементтерін анықтау

Оқулық әдебиеттердің сапасын анықтау және жетілдіру




Күтілетін нәтижелер




Оқулық әдебиеттер дің оқыту объектілері (пән бағдарлама сы)

ОӘ-дің оқыту объектілерінің базалық ақпараттық мазмұны мен көлемі және оқушылар білімінің сатылық деңгейі

ОӘ-дің көрнекілік объектілері және оларды оқулық мазмұнын меңгеруде пайдалану технологиясы

ОӘ-дің мазмұнындағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен біліктілікті дамыту элементтері және оларды іске асыру механизімі

ОӘ-дің сапасын талдаудың сындықтар жүйесі және оларды пайдалану механизімі



ОӘ осы жүйемен әзірленуі тиіс және бұл жүйкмен әзірленген оқулық әдебиеттер оқушылардың білім сапасын бағалаудың өлшемін анықтауға (тестіні құруға) негіз болады


Дәріс№ 11-16

Қазіргі заманғы мектеп химия оқулықтарының мазмұндық-құрылымдық сипаты (6 сағ)

Жоспары:

3.1 Химия оқулықтарының тарихы

3.2 Жаңа буын «Химия» оқулықтары

3.3 8-сынып «Химия» оқулығына талдау (авторы Н. Нұғманов)

3.4 9-сыныпқа арналған «Химия» оқулығының құрылымы мен ерекшеліктері

3.5 Жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныпқа арналған «Химия» оқулығының құрылымы мен ерекшеліктері

3.6 Гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныпқа арналған «Химия» оқулығының құрылымы мен ерекшеліктері
3.1 Химия оқулықтарының тарихы.

Осы орайда қазақ ғалым-ағартушылары Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев еңбектерінде оқытудың ғылыми-педагогикалық мәселелері мен оқу үрдісінде оқулықтарды пайдалану жөнінде келелі ойлары көрініс тапқан.

Оқулық мәселелерімен айналысқан көптеген көрнекті зерттеушілер В.Г. Бейлинсон, Д.Д. Зуев, В.В. Краевский, И.Б. Бекбоев, Э.М. Мамбетакунов және т.б. мектеп оқулықтарының моделін жасау үшін олардың әрбір құрылымдық элементінің қызметін ғылыми түрде терең функционалды сараптаулан бастауды ұсынған. Ал И.К. Журавлев, И.Я. Лернер, В.П. Беспалько және т.б. еңбектерінде оқулық түзудің дидактикалық негіздері жөнінде кеңінен қарастырылған.

Қазақстанда Ж. Қараев бастаған топ оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оларды әзірлеуге және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар, А. Құсайынов пен Ұ. Асылов оқулықтанудың өзекті мәселелері, А. Әбілқасымова Қазақстандағы жаңа буын оқулықтары қандай болу керек, қазіргі жағдайы және олардың сапасын кешенді бағалау, Қ. Аймағамбетова бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері, И. Нұғыманов химия оқу-әдістемелік кешеніндегі химиялық тілдің маңызы, Ж. Шоқыбаев химиядан жоғары мектепке арналған оқу құралдарының дидактикалық негіздері жөнінде зерттеу жасаған. Оқулық мәселелерін педагогикалық және психологиялық тұрғыдан жан-жақты талдауға бағытталған осы еңбектердің маңызды міндеттерінің бірі ─ ғылыми-әдістемелік тәжірибені жинақтап, зерттеу жұмыстарының құралдарын жетілдіру болса, мақсаты ─ оқулықтардың сапасын арттыру, әрі педагогикалық практикада оларды пайдалануды жетілдіру.

Оқулықтың оқу үрдісіндегі орны, маңызы, оның атқаратын қызметтеріне қойылатын талаптар тақырыбы әлемдік педагогикада жүздеген жылдар бойы талқыланып келе жатқаны баршаға белгілі. Мысалы, З.Е. Гельман, К. Швинге, Г. Майендорф, В.И. Дайнеко, Г.Н. Осокина, Л.М. Кузнецова, Л.Я. Зорина, И.Н. Чертков, Д.А. Эпштейн және т.б. ғылыми зерттеулерінде химия пәніне арналған алғашқы оқулықтарға тоқталған. Олар алғашқы химия оқулықтарының физика оқулығының құрамында болғанын айта келіп, олардың мазмұны мен құрылымы, жетістіктері мен кемшіліктері жайында сараптаулар жасаған.

Осылайша жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған оқу-әдістемелік кешен әзірлеу мәселелерінің жекелеген аспектілері бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзегіне айналды. Мысалы, К.Ш. Арынованың “Орта мектепте химиядан оқу-әдістемелік кешенді пайдаланудың әдістемелік негіздері” атты кандидаттық дисертациясы Қазақстандағы алғашқы жаңа буын оқу-әдістемелік кешендерін тиімді пайдалану жолдарын іздестіруге арналған. Ал қазір жалпы білім беретін мектептерде пайдаланып жүрген оқу-әдістемелік кешен мазмұны бекітілген жаңа бағдарламаға сәйкес күрделі өзгеріске ұшырады. Сөйтіп, Қазақстан мектептерінде еліміз егемендік алғанға дейін тек аударма оқулықтар ғана пайдаланылғандықтан, әрі химия пәнінен мұғалімдерге арналған жекелеген әдістемелік нұсқаулардан басқа құрал әзірленбегендіктен, химия пәнінен оқу-әдістемелік кешен дайындап, оқу үрдісінде пайдалану мәселелерін зерттеу толық, жан-жақты жүргізілмеген.

Осы тұрғыдан алғанда қоғамдық талап пен республикадағы оқулық жазу үрдісіне қатысты маңызды мәселелерді анықтау қажеттілігі туындады. Атап айтатын болсақ, біріншіден, оқулық ─ тек оқушы үшін ғана ұсынылатын құрал ғана емес, бүкіл қоғамның айнасы ретінде оның өркениетін қамтамасыз ететін білімнің қайнар көзі. Онда әлемдік тәжірибе мен ұлттық ерекшелік тоғыстырылуы тиіс. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы жолдауында тоқталып, еліміз бәсекеге қабілетті алдыңғы қатардағы 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыруы үшіе білім беру саласына жүктелетін маңызды міндеттердің бірі ─ жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің сапасын жақсартып, оны оқу үрдісінде тиімді пайдалануды жүзеге асыру екендігін атап көрсеткен. Осы орайда Білім және ғылым министрлігінің республикалық “Оқулық” ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жаңа буын оқулықтарының сапасын арттыру мақсатында кешенді ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Зерттеулер мен сынақтар нәтижесінде кейбір пән оқулықтарының әлі де сын көтермейтін жағдайда екендігі анықталып отыр.

Екіншіден, химиядан төл оқу-әдістемелік кешен түзудің ғылыми негізделген теориясы жазылмаған-ды. Осыған дейінгі тәжірибеде тек қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің ғана оқулықтарын республика ғалымдары жазды да, басқа пән оқулықтары Ресейден шығарылған түпнұсқаның аудармасы түрінде қолданылды. Бұл оқулықтар Орталықтың типтік бағдарламасын басшылыққа алып жазылғандықтан, ғылыми жүйесінде, мазмұндық сипатында аймақтық және ұлттық ерекшеліктер ескерілмейтін. Мысалы, химия оқулықтарында жергілікті табиғи шикізаттың кездесетін орны, оларды өңдейтін кәсіпорындар жөнінде ешқандай мағлұмат берілмейтін, тіпті экологиялық мәселе сөз болғанда мүлде басқа бір елдегі экологиялық апат жөнінде баяндалатын, ал қоршаған ортаның химиялық сипаты және алған химиялық білімді іс жүзінде пайдалану сияқты қажетті мәселелер ескерусіз қалып, жалаң теориялық білім беріліп келген еді.

Үшіншіден, жаңа буын оқу-әдістемелік кешен оқу үрдісінде кешенді пайдаланылғанда осы пәнді оқытудың бағдарламасында белгіленген білім беру, тәрбиелеу міндеттерін, оқушылардың жеке дамуын неғұрлым толық іске асыруға көмектесетіндігі белгілі. Бірақ өкінішке орай, әртүрлі себептерден оқу-әдістемелік кешеннің толық пайдаланылмауы білім сапасына кері әсерін тигізуде. Осылайша, оқушылардың білім сапасын және химия пәніне таным қызығушылығын арттырып, өмірлік дағдысын қалыптастыруға қойылатын талаптар мен оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны және оның оқу үрдісінде тиімді қолданылуы арасында қайшылық туындады. Міне, осы және басқа да жағдайлар химия пәні оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнын жетілдіре отырып, оның сабақта пайдаланылуын әдістемелік тұрғыдан қайта қарауды талап етеді.

Химия курсы бойынша жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнын анықтау және оны қолданудың әдістемесін жасау мақсатының міндеттері:

химия курсы жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнын анықтап, жүйелеудің ұстанымдары мен критерийлерін саралау;

оқу үрдісінде оқытудың күтілетін нәтижелеріне жетуге мүмкіндік беретін құрал ретінде химия пәнінің жаңа буын оқу-әдістемелік кешенін дайындау;

химия сабақтарын жаңа буын оқу-әдістемелік кешенімен оқытудың әдістемесін жасау;

жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің оқу үрдісіндегі тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру.

Химия курсы бойынша жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын анықтаудың ұстанымдары мен критерийлері сараланып, осының негізінде әлеуметтік сұранысқа сай әзірленген, оқу материалдары оқушыларға түсінікті болатын кешен дайындалса және оны сабақта қолданудың ерекшеліктері анықталып, тиімді әдістемесі жасалса, онда мектепте химиядан білім беру сапасы жетілдіріледі. Нәтижесінде оқушылардың химия пәніне таным қызығуы артып, олардың химияның негізгі мәселелерін меңгеруіне, ғылымның қазіргі даму деңгейіне сай дүниетанымын, соған сәйкес өмірлік дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік жасалады.

Әлемнің ғылыми бейнесі және таным үрдісі жайлы философиялық көзқарастар, педагогика мен психологиядағы жеке тұлғаны дамыту туралы және әлемдік, отандық ғалым-ағартушылардың іргелі еңбектері, білім беру саласына байланысты маңызды құжаттарын әдіснамалық негіз етіп алынған.

Химия пәнінен жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын анықтап, жүйелеудің ұстанымдары мен критерийлері ғылыми тұрғыда негізделсе және оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жетілдірілген жаңа буын оқу-әдістемелік кешен дайындалса, сондай-ақ, оны сабақта тиімді пайдаланудың әдістемесі жасалса ғана жаңа әлемдегі бәсекелестік жағдайында өмір сүретін жас ұрпаққа сапалы білім беріліп, жеткіншектердің ақыл-ой әрекеті дамып, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес өмірлік дағдысы қалыптасады.

Мұндай жұмыстың теориялық маңыздылығы:

─ химия курсы бойынша жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнын анықтаудың ұстанымдары мен жүйелеудің критерийлерінің саралануы;

─ мазмұны химияны оқытудың негізгі мақсаттарын іске асыруда осы жастағы оқушылар үшін тиімді болатын жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің дайындалуы;

─ жаңа буын оқу-әдістемелік кешенді сабақта пайдаланудың әдістемесінің жасалуы;

Практикалық маңыздылығы:

─ химия пәні бойынша оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнын анықтап, жүйелеудің басшылыққа алынған ұстанымдары мен критерийлерін жаратылыстану тобына кіретін басқа пәндердің оқу-әдістемелік кешенін түзуге қолдануға болады;

─ дайындалған химия пәнінің жаңа буын оқу-әдістемелік кешенін: химия пәнінен білім беру стандартын, оқу бағдарламасын, оқулықтарды, жұмыс дәптерін, есептер мен жаттығулар жинағын, дидактикалық материалдарды, мұғалімдерге арналған әдістемеліктерді және оларды сабақта пайдаланудың әдістемесін жалпы білім беретін мектептің оқу үрдісінде қолдануға болады;

─ химия пәнінің жаңа буын оқу-әдістемелік кешенін және оның негізінде әзірленген әдістемелік нұсқауларды жалпы білім беретін оқу орындары мен мұғалімдері даярлайтын немесе білімдерін жетілдіретін институттар практикасында қолдануға болады. ─

Әдістері:

─ білім беру ісіне қатысты мемлекеттік заңды, арнайы құжаттарды, ел президенті жолдауларын зерделеу;

─ оқу-тәрбие мәселелері мен оқу-әдістемелік кешен дайындауға қатысты педагогикалық, психологиялық, дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерді, сондай-ақ, әр кезеңдегі химия оқулықтарын теориялық, жүйелік және мазмұндық тұрғыдан талдау;

─ қолданыстағы оқу-әдістемелік кешенді сараптау нәтижелеріне талдау жасау және оны қорытындылау;

─ мектептегі оқу үрдісінде тікелей мұғалімдермен және оқушылармен жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны және оны пайдалану жөнінде пікірлесіп, сауалнамалар алып, тиімділігін тексеру мақсатында педагогикалық эксперимент жүргізу және оны қорытындылау.

Өткен кезеңдердегі химия оқулықтары мазмұнының заман талабына қарай өзгеру заңдылықтарын зерделеп, саралап алмайынша қазіргі және болашақтағы химия курстарының жүйелі мазмұны таңдалмайтындығы алғашқы химия оқулықтарын мазмұндық-әдістемелік тұрғыдан жан-жақты қарастыруды қажет етті. Олардың ішіндегі маңыздылары: білімнің сабақтастығы; алдын-ала оқыту және пысықтау курстарын жасау; жеке тақырыптар арасында байланыс орнату; иллюстративті және мәтіндік материалдардың өлшемдік үйлестігі; практикалық және зертханалық тәжірибелерді таңдап алу мен реттеп орналастыру; есептер шығару әдістемесі және т.б.

Осы мақсатпен профессор И. Нұғымановтың жетекшілігімен үш кезеңдегі үш оқулыққа мазмұндық талдау жасалды. Оның ─ біреуі Кеңес мектептерінде 1933-1953 жылдар аралығында пайдаланылған В.Н. Верховскийдің тұңғыш тұрақты оқулығы. Екіншісі ─ 1960 жылдардан осы кезге дейін қолданыста болған Ю.В. Ходаков және т.б. оқулығы. Үшіншісі ─ жетпісінші жылдардың соңында жарық көрген Н.С. Ахметов пен Л.М. Кузнецовтың байқау оқулығы.

Үш оқулықтың да өзіндік артықшылармен қатар кемшіліктері де болды. В.Н. Верховский оқулығы химия ғылымының даму логикасына сәйкес және заттың көзге көрінетін, зерттеуге болатын деңгейіне құрылғандықтан түсінікті болды, бірақ теориялық деңгейді төмендетіп алды.

Н.С. Ахметов заттың зерттейтін элементар бөлшегіне баса назар аударғандықтан химиялық білімді өз объектісінен алыстатып, ауырлатып жіберді. Ю.В. Ходаков және т.б. оқулығы осы екеуінің аралығында болғанымен деректі материалдарды молайтып, атом құрылысы жөніндегі көзқарастың орнын тиімді анықтай алмады.

Әр оқулық мазмұнын іріктеудегі жетекші идеясымен, затты оқып үйренудегі бастапқы деңгейімен және терминдерді анықтау тәсілдерімен ерекшеленеді: жетекші идея зат құрылысының теориясы арқылы айшықтанады; затты бастапқы оқып үйрену деңгейі ─ тәжірибелік, тәжірибелік-теориялық және теориялық болып бөлінеді; әр нәрсенің сипаты салыстыру арқылы ашылады; әр жаңа ұғым және оны белгілейтін термин мына ретпен енгізілді: заттың атауы және қасиеттері → зертханалық тәжірибе жасау және бақылау → қорытынды және ұғымның аты (термин).

Орта мектепке арналған алғашқы тұрақты оқулық ─ В.Н. Верховскийдің бейорганикалық химиясы химия ғылымының даму логикасына сәйкес құрылған. Оқушылар бір жыл заттарды тәжірибе жүзінде оқып үйренеді, ал атом-молекулалық теория 7-сыныптың соңында беріледі. Бұдан кейінгі оқулықтарда (Ю.В. Ходаков және т.б.) атом-молекулалық теория 7-сыныптың алғашқы тақырыбына ауыстырылған. Оларда затты бастапқы оқып үйрену деңгейі тәжірибелік және теориялық болады, яғни өтілген теория тұрғысынан сөзбен анықтау қатар жүргізілген. Соңғы кезде жарық көрген Н.С. Ахметов, Л.М. Кузнецова және С.Т. Сатыбалдина, Р.А. Лидин оқулықтарында алдымен заттың құрылысы туралы теориялық көзқарастар, содан кейін элементтер және олардың қосылыстары берілген. Тұжырымдап айтқанда химия оқулықтарының бір-бірінен ең басты айырмашылығы зат күрделенуі деңгейінің қайсысын негізге алатындығында болып отыр (1-сызбанұсқа):


1-сызбанұсқа ─ Химиялық түзіліс деңгейлері


Элементтер,

бөлшектер



Атом,

молекула



Зат

Физикалық денелер

1950─1990 жылдардағы оқулықтарда алдымен атом-молекулалық ілімді, содан кейін атом құрылысы мен химиялық байланыс теорияларын оқып үйрену көзделеді. Заттардың физикалық, химиялық қасиеттері осы теориялар мен периодтық заң тұрғысынан түсіндіріледі.

С.Т. Сатыбалдина мен Р.А. Лидин оқулығы зат күрделіленуінің эволюциялық көзқарастарына сүйенеді. Олар орта мектептегі химия курсының мазмұнын таңдағанда дәстүрлі әдістемеде кездеспеген жаңа жүйе ұсынды. Онда химиялық білім берудің жаңа жүйесіне қадам жасалғанымен, бұл оқулық Қазақстан мектептерінде пайдаланылып жүрген бағдарламаларға сәйкес болмағандықтан, тек қосымша оқу құралы ретінде қалып қойды. Елімізде жаңа буын оқулықтары жарыққа шыққанға дейінгі кезеңде Ресейде жарамсыз деп танылса да, бағдарламаға сәйкес келетін басқа оқулық болмағандықтан Г.Е. Рудзитис пен Ф.Г. Фельдманның оқулығы қолданылады. [1]


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет