Д. Р. Онтагарова, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы «Химия және география»


Ғылым жүйесі негізінде оқу пәндерінің пән мазмұнының



бет2/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,98 Mb.
#34741
1   2   3   4   5   6   7   8

1.2 Ғылым жүйесі негізінде оқу пәндерінің пән мазмұнының

іріктелуі және құрылуы

Дидактика – білім беру мазмұнымен айналысатын, оқыту жөніндегі, оқыту үрдісінің заңдылықтарын, оқытуды ұйымдастыру формаларын, құралдары және әдістерін зерттейтін ғылым, ол педагогиканың басты бөлімдерінің бірі.

Оқыту мазмұны қаншалықты оқыту мақсатын көрсете алса, соншалықты одан кейінгі компоненттері тиімді жүзеге асырылады.

Оқытуда маңызды мәселелердің бірі – оқушыларда шығармашылық ойлаудың қалыптасуы.



Алайда бұл мәселе шығармашылық ойлауды жүйелеу мәселесіне тіреледі. Бұл мәселе ойлауды жүйелеудің бір белгісі – оқып – үйретілетін нысанның жан – жақты қарастырылуымен шектеледі.

Білімді жүйелеу деп ондағы барлық элементтердің өзара байланысының және басқа да осы нысанға қатысты білімдермен байланысының болуын түсінеміз.

Оқып-үйретілетін нысанның жан – жақты қарастырылуы оқытушыға да, оқушыға да оңай емес. Сондықтан дидактикалық мақсатта көп жақтылы қарастыру емес, нысанды неғұрлым маңызды жақтарынан қарастыру тиімді. Сонымен қатар оқытылатын ғылымның негізгі ілімдерімен сәйкес келетін жақтары бойынша қарастыру неғұрлым ыңғайлы және ғылыми дәйектелген болады. Сондықтан оны жүзеге асыру үшін оқып – үйретілетін пәндердегі ілімдерді және осы ілімдердің өзара байланысының жүйесі болуы керек, яғни ғылым жүйесін оқу пәні жүйесіне ауыстыру керек.

Ғылымның, әдіснама және жаратылыстану білімдерінің даму кезеңінде бұл міндет жүйелеу теориясы көмегімен шешіледі. Бұл теорияның ұсыныстары мен қорытындыларын қандай да бір әрекетті ұйымдастырудағы нақтылы мәселелерді шешуге қолдануды жүйелік-құрылымдық қыры деп атайды.

Әдетті жүйе деп өзара байланыстағы компоненттердің кешенін түсінеміз.

Жүйе – кез келген дискреттік түзілулердің немесе элементтер жүйесінің жиынтығы, белгілі бір өзара байланыста бола отырып, материалды және рухани сипаты бар және осы жиынтыққа тұтастық береді.

Материалдық сипаттағы дискреттік түзілулер.


Дәріс№ 5-10

Заманауи оқулықтардың мазмұны мен құрылымының теориялық негіздері (6 сағ)

Жоспары:


2.1 Химиялық пәндердің мазмұнын құрудың ғылыми-теориялық негіздері

2.2 Химиялық білім мазмұнының нормативті-құқықтық құжаттары

2.3 Оқулықтардың құрылымдық ерекшеліктері, оқулық сапасына қойылатын негізгі талаптар.

Химиялық пәндердің мазмұнын құрудың ғылыми-теориялық негіздері О.С.Зайцев химиялық пәндердің мазмұнын құру дидактикаға, жүйелер теориясына, әдістемелік білімге, тарихи білімдерге сүйене отырып құрастырылуы керек деп көрсеткен.

Оқытудың мазмұны қаншалықты оқытудың мақсаттарын көрсете алса, соншалықты оқытудың басқа буындары тиімді жұмыс істей алатын болады.

Зерттелетін нысанды (мысалы реакция немесе заттар) көп қырынан қарастыру оқып – үйренушіге де, оқытушыға да қиынға соғары белгілі, сондықтан дидактикалық мақсатта нысанды неғұрлым маңызды деген бірнеше жағынан қарастырумен шектеледі. Мұндай қарастырудың қырының соңы ғылымның негізгі ілімдерінің сонымен сәйкес келуі керек. Онымен байланысқан ілімдер жүйесін бөліп алу талап етіледі.

Қазіргі кезеңде мұндай міндет жүйелер теориясы көмегімен шешіледі. Әдетте жүйе деп өзара байланысты тақырыптардың кешенін немесе компоненттерді түсінеміз.

Жүйенің келесі анықтамасын берейік.

Жүйе кез келген дискретті түзілудің немесе элементтер жүйесінің жиынтығы, ол жүйелер өзара белгілі бір байланыста және материалды немесе рухани сипатқа ие бола отырып осы жиынтыққа тұтастық береді.

Материалды сипаттағы дискреттік түзілу – олар заттар, химиялық реакциялар, молекулалар, атом, электрон, комплексті немесе коллоидты бөлшек, нәрсе, оқулық беттерден тұратын және т.с.с.

Рухани сипаттағы дискреттік түзілу – химия ғылымы, барлық білімнің қоры тәріздес (оқу пәндері, оқу жоспары, теория, түсінік, дәріс, сабақ т.с.с.)

Заттардың қасиеттерінің жиынтығы, нысандардың ұқсастық және айырмашылықтарының белгілері, ұғымдар – бұлар жүйе.

Маңызды, яғни жүйенің белгісі – оның тұтастылығы. Жүйенің тұтастылығы деп егер адам одан қандай да бір элементін алып тастасақ, жүйенің бұзылуына не басқа жүйенің құрылуына әкелетінін түсінеміз.

Айталық, «Хими» пәнін жүйе деп есептейік. Осы химия курсын құрайтын элементтер мазмұнның блоктары болады. Ол Д.И.Менделеевтің периодтық ілімі, ерітінділер туралы ілім, химиялық кинетика, химиялық термодинамика, коллоидты химия, элементтердің және қосылыстардың қасиеті, сапалық және сандық анализ. Блоктарға бөлуде оның өте көп болмауы ескерілуі керек. Сондай-ақ өте аз блок саны жүйенің бұзылуына және бір блоктың басқаларды басымырақ болып жүйеге айналып кетуіне әкеледі.

Химияда жалпы 4 ілімді бөліп қарастыруға болады:


  1. Химиялық процестердің бағыты туралы;

  2. Химиялық процестер жылдамдығы туралы;

  3. Зат құрылысы;

  4. Периодтылық туралы (Элементтердің және оларлың қосылыстарының қасиеттерінің периодты өзгеруі)

Осындай оқыту жүйесі пәнаралық байланыстарды максималды санына жеткізеді. Бұл өз кезегінде ғылыми білімнің қалыптасуына және соған сәйкес ойлау типін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

1


1 2

3 4

Бұл схема зерттелетін нысанды төрт қырынан

қарастыруға мүмкіндік береді.

Егер дәстүрлі химия курсының мазмұнын осы көрсетілген блоктарға жіктесе, 4 блоктың мазмұны өте көлемді екендігіне көз жеткізуге болады және бұл бөлімде фактілі материалдар жеткілікті, ол студенттердің жаттап алуына есептелген. Тарауларды көлем борйынша қысқартудың және оларды блоктың мазмұнына айналдырудың екі жолы бар.

Бірінші жол, тараудың мазмұнын ерікті түрде біреуін қысқартып, біреуін ұзартуға болатындығында, алайда бұл жол ғылыми негізделмеген және жүйелеу қырына қарама – қарсы.

Екінші жолы пәнішілк байланыстардың блогын байланыстыруға қабілетсіз материалды алып тастау және байланыстырушы материалды енгізу. Артықшылық неғұрлым пәнішілік байланысы жоғары материалдарға (теория, қағида, факті) беріледі. Бірақ бұл іріктеу іргелі химиялық ұғымдарға, заңдарға, теорияларға қолданылмайды.

Пәннің мазмұнына кіретін материалдарды маңызды көздерінің бірі пәнаралық тақырыптардың материалдары.




Матема-биология

тика геология


физика химия





Пәнаралық байланыстар оқып – үйренушіге оқып отырған ғылымның шегін және оның аралас ғылымдар түйісу қырын нақты көрсетуге, зерттелетін нысанды жан – жақты қарастыру дәрежесін көтеруге мүмкіндік береді.

Пәнішілік байланыстарды екі пәннің тақырыптарын өзара салыстыра отырып, анықталған байланыстар санына қарап, пәнішілік байланыстың қаншалықты мәнділігіне тұжырым жасауға болады және мұндай сызбанұсқаны құрастыру бәір материалды екінші рет қайталанбауына ықпал етер еді.

Көптеген оқу орындарында химия курсы студенттің таңдаған мамандығына сәйкес ғылымның кішігірім тарауларына ерекше назар аударуға тура келеді. Мысалы: «Экология негіздерімен жалпы химия курсы» бес блоктан тұратын мазмұнның жүйесін ұсынуға болады:
Термодинамика

Құрылысы






Кинетика

Периодтылық



Экология


2.2 Химиялық білім мазмұнының нормативті-құқықтық құжаттары

Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей білім стандарты негізгі жалпы білім беретін пәндердің базалық білім мазмұнының инвариантты ядросын, оқушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемін, ең бастысы олардың дайындығының деңгейіне қойылатын талаптарды анықтайды. Бұл пәндердің ішінде жаратылымстану ғылымдарын оқып үйрететін физика, химия, биология, география да бар. Білім стандартының атқаратын ең басты қызметі – жалпы білім беру жүйесінің біртұтастығын сақтай отырып, демократияландыру, ізгілендіру, түптеп келгенде, ертеден қалыптасқан оқу процесіндегі бақылау мен бағалауды түбегейлі өзгерту, сол арқылы ғылым мен практиканың, озық педагогикалық тәжірибенің бірлігі мен өзара байланысын сақтау негізінде әрбір оқушының игеруге міндетті білімінің нәтижесіне сай нормаларды, параметрлерді, оқыту сапасы мен білім деңгейінің көрсеткіштерін тағайындап береді.

Мемлекеттік білім стандартының негіздерін құрайтын құжаттарды үш топқа бөліп саралайды:


  1. Мемлекеттік білім стандартының тұжырымдамалық құраушылары.

  2. Мемлекеттік базистік оқу жоспарын, базалық білім аймағының мазмұнын белгілейді.

  3. Әдістемелік құраушылары оқушыларға білім беруді, дамытуды, тәрбиелеуді ұйымдастыруға тікелей жауап береді.

  • ҚР Білім туралы заңы.

  • Бағдарламалар (8-11 сыныптар)

2.3 Оқулықтардың құрылымдық ерекшеліктері, оқулық сапасына қойылатын негізгі талаптар.


Оқулық әдебиеттерді әзірлеуге байланысты барлық цикл – жазу, сынақтан өткізу, сараптау, сынақтан өткізу, баспадан шығару, жалпы таралымға жіберу, практикаға енгізу атқарушы орталық органның басшылығымен және бақылаумен жүзеге асырылады. Оқулықтарды әзірлеуден бастап Республика мектептеріне еңгізуге дейінгі барлық процесті педагогикалық жұртшылық қадағалап отырады.

Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Білім акдемиясында Оқулықты әзірлеу теориясының зертханасы құрылды. Ондағы мақсат: біріншіден – оқулық әдебиеттерді әзірлеудің теориялық негіздеріне не жататынын нақтылап анықтау, екіншіден – заман талабына сай ақпараттық тұрғыдан оқулық әдебиеттерді әзірлеудің теориялық негіздерін бір жүйеге келтіру және олардың мазмұнын ашу. Ол үшін көптеген ғылыми кітаптармен және мақалалармен танысып, зерттеу жүргізіп, талдау жасадық. Ол ғылыми еңбектердің негізінде оқулық әдебиеттерді әзірлеудің теориялық негіздеріне оқулық әдебиеттердің атқаратын қызметі, негізгі міндеті мен ұстанымдары, көрнекілік элементтер, оқулықтарға қойылатын талаптар жататынына көзіміз жетті.

Мақалада зертхана қызметкерлерінің зерттеу жұмыстарының алғашқы нәтижелерін мектеп мұғалімдерінің, оқулық авторларының, педагог ғалымдардың назарына ұсынып отырмыз. Ондағы мақсат – барлық қауым атсалысса оқулық әдебиеттерді әзірлеудің теориялық негіздері қаланып, келешек ұрпаққа арналған төл оқулық әдебиеттер Ұлттық құндылықтар қатарына қосылар еді деген ниет.

Қойылған мәселелерді шешу үшін ең алдымен «Адамзат баласы Дүниені қалай танып біледі?» деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Мұнда біз дүние ретінде бізді қоршаған ортадағы барлық объектілерді (Әлем кеңістігін, жер бетіндегі барлық тіршілік иелерін, орман – тоғай, өсімдіктерді, тау – тас, теңіз, мұхит, өзен – көлдерді және т.б.) және онда болып жатқан құбылыстарды, қоғамды, адамзат баласы арасындағы әлеуметтік экономикалық қарым – қатынасты, мәдениетті айтып отырмыз.

Дүниені танып білу үшін адамға сезім мүшелері берілген. Көзбен айнала қоршаған ортадағы объектілерді көреді, құлақпен олардан тарап жатқан дыбыстарды естиді, тілмен дәмді, мұрынмен иісті, денемен олардың қатты- жұмсақ, ыстық – суығын сезеді. Осылайша сезім мүшелерінің қызметі арқылы адамзат баласы объектілерден тарап жатқан ақпаратты қабылдайды, оны миға жинақтайды, сақтайды. Егерде оны түсінсе, онда оны санадан өткізіп зерделейді; білімі жетсе, олардың жалпы сипаты мен қасиеттерін анықтайды; белгілі бір дәрежеде олар туралы мағлұмат қалаптастырады. Олай болса, адамзат баласы бүкіл дүниені ақпарат арқылы танып біледі. Демек ақпарат тек қана танымдық қызмет атқарады деп айта аламыз. Ақпарат деген не? Ақпарат (латын сөзі information – мәліметтер, түсіндіру, баяндау) – мағлұматтар, қандайда бір мәліметтердің жинағы. Сонымен қатар айналадағы дүние туралы анықталмағанды анықтайтын мәліметтер. Ақпарат – белгілі бір нәрсе (әлем, адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.

Білім – адам санасындағы ақиқаттықтың шын көрінісі; қоғамдық практикада тексерілген танымдық процестің (қызметтің) нәтижесі; адамдардың қоғамдық материалдық және рухани іс- әрекетінің қалыптасқан жемісі.

Ақпараттың анықтамаларының көп болуы – бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көптүрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең тараған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.

Соның екінші теориясы қазіргі заманғы кибернетика ғылымының пайда болуымен тікелей байланысты және адам немесе аспап қабылдайтын кез келген хабарламада ақпарат болады деген пайымдауға негізделген. Ақпаратты бұлай түсінуді академик В.М.Глушков айқын бейнелеп жеткізген. Ол «Ақпаратты тек әріптермен шимайлаған кітап беттері немесе адамның тілі ғана емесе, күн сәулесі де, тау жоталарының қыртысы да, сарқыраманың шуылы да, шөптің сыбдыры да жеткізеді» деп жазды.

Яғни ақпаратты материалының қасиеті ретінде қарастырып, оның табиғаты мен құрылымы, реттелуі, көптүрлілігі және т.б. туралы түсінік береді. Ақпарат материалдан (объектіден) тыс болуы мүмкін емес, демек, ол болған және мәңгі болады. Оны жинауға, сақтауға және өңдеуге болады.

Ақпаратты сақтау объектілері толып жатыр. Соның бірі және бірегейі – кітап. Енді оқулық әдебиеттерді бүгінгі таңдағы анықтамаларына тоқтасақ. Оқулық–қоғамның әлеуметтік тапсырысына сай нақты оқу-тәрбие процесінің таңбалық (материалданған) жүйесін жүзеге асыруда стратегиялық бағыты бар педагогикалық жүйенің ақпараттық моделі.

Оқулық – білім алушылар меңгеруге міндетті ақпараттардың негізгі көзі қызметін атқарушы, білім алушылардың (жеке тұлғалардың) логикалық ойлауын қалыптастырушы, шығармашылық қабілеттерін дамытушы және адамгершілік ұстанымды тасушы құрал.

Оқу әдістемелік кешен – жеке тұлғаның танымдық қызметін басқарудың әдістемелік жүйесінің бір тұтастығын қамтамассыз ететін, ядросы оқулық болып саналатын, дидактикалық – әдістемелік құралдардың жиынтығы. Осы айтылғандарды салыстыра отырып, оқулық әдебиеттерде Адамзат баласының ақпарат арқылы меңгерген дүниетанымы туралы мағлұматтар таңбалар мен шартты белгілер түрінде жинақталғанына оңай көз жеткізуге болады.

Біз ақпараттың атқаратын қызметінің құрауыштарын, ақпараттың үлгілері мен олардың оқулың әдебиеттердегі көрінісін 1 – схема мен 1 – кесте түрінде өрнектеп, оған талдау жасадық. Мақсат – оқулық әдебиеттердің қызметін анықтау.

1 – схема









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет