Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиі» әдеби жәдігер


«Тарих-и Рашидидегі» түркі тіліндегі өлеңдер»



бет19/32
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#37058
түріАвтореферат
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
«Тарих-и Рашидидегі» түркі тіліндегі өлеңдер» атты тарауда еңбектегі түркі ақындарының шығармалары сөз болады.
Мырза Хайдар шығармасында оқиғалардың алуандығына орай түрлі парсы, араб және түркі бәйіттерін келтіріп отырған. Кітапта ұшырайтын түркі өлендерін негізінен, үш тұрғыда қарастыруға көңіл бөлдік. Біріншіден – түркі бәйіттерінің пайдаланылу себептерін іздеу, екіншіден – өлеңдердегі сөздік қорының этимологиясын айқындау, үшіншіден – қазақ тіліне аудару.
Мырза Хайдар «Сұлтан Саид ханның мақтан етерлік қасиеті және ерекше мінезі жайында әңгіме» атты тарауын «Сұлтан Саид хан (1486-1533) қадірлі, бақытты және қуатты патша еді. Әр түрлі қасиет дарыған, мақтан етерлік мінез-құлық бойына біткен ол жасы қырық сегізге қараған шағында Хақ тағаланың рахметіне бөленіп, о дүниеден орын алды» деп келіп: Сұлтан Саид ханның өнер мен шығармашылық дарыны жайында: «білімдарлығына келгенде мен оған тең келер кісі көрмедім. Тіпті, егер де оның қолына сауатсыз, сөздері түсініксіз хат түсетін болса, мейлі өлең, қара сөз болсын бәрі бір кідіріссіз оқи алатыны соншалық оны (көрген) біреу, бәлкім, мәтінін жаттан білетін шығар деп күмәнданатын да болар. Ол нәстәлиқ жазу үлгісімен көрнекі жазатын. Парсыша, түрікше өте сауатты, дұрыс, мінсіз жазатын. Мен сондай жиындардың бірінде хан суырып-салып айтқан өлеңдерін есімде сақтап қалған едім. Солардың ішінен бірнеше бәйітті осы жерде келтіре кетейін» [15, 173 б.] дейді де мына бәйітті келтіреді:
- Қәйси гошәннинг юзунг дик бир гол рәһнаси бар
Қәйси голниниг бир минг дик бол бол шейдаси бар

- Һур бир ле жәннәт алмани кунглум нейласун


Ярнинг куиде юз минг жәннәт алмауы бар

- Юзи узре какол у золфин пәришан куркали


Ай саид ашофте кунглумнинг әжәб соудасы бар [15, 175 б.]
Бұл шумақ үш бәйіттен тұрады.
Өлеңнің қазақша тәржімасы былай:
Бақшада өскен гүлдердің қайсысы саған тең келер
Мыңға жуық ғашықтық гүлден шырайлы саған сый келер.

Неге керек жаннат жайы, көңілде хұр жүргенде


Жаннат жайы, жар ауылы нұр ойнаған жүзімде.

Ғажап кекіл шашыңның төгілгенін көргенде


Арманым бар, әй Саид, абыржыған көңілде.
Бәйітші Саид ханның жоғарыдағы түркі өлеңдері думан-тойдың көңіл ашар бәйіттері екенін ұғыну қиын емес.
Екінші дәптердің «Әкем Мұхаммед Хұсейін Гургеннің «Алла оны жарылғасын» Шаһибек ханнан Хорасанға қашып баруы және оған қатысты бірнеше әңгіме» атты тарауында Шаһибек хан Хорасанды жаулап алғанда, белгілі ақындар қатарында болған Сұлтан Ахмет Мырза әмірзадаларының бірі Әмір Моғолдың түркіше өлеңі берілген:
Алма аләмени ке аләмда бәси ғамлар бар
Ал кунгл мемлекетин. Кур ке ни аләмлар бар [15, 303 б.]
Бұл бәйітте қазақ оқырманына түсініксіз бірде-бір сөз жоқ. Өйткені, арабтан аләм (әлем, ғалам) мемлекет сөздері және парсының ғәм (қам, құса, мұң) сөзі қазақтың төл сөзіне айналып кеткен. Тек парсының «бәси» (қазақшасы көп, мол, толы) сөзі қазақ тіліне енген жоқ. Бәйіттің қазақша тәржімасы:
Жаулап алып қайтесіз мұңға толы әлемді
Көңіл жұртын жаулап алғын, көресің кең әлемді.
Ақын Әмір Моғол аталған бір бәйіттің арқасында Шаһибектен алпыс мың шахрухи сыйлық алды. Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі түрікше өлеңдердің қатары жоғарыда аталған тарауда толығады. Әлішер Науаимен бірге Банаи есімді замандас ақын болған. Екеуінің арасында ылғи қатты қалжың болып тұратын. Әрине, кез келген шығарманы бастау қиын шаруа, ал ақындар үшін бір басталып кетсе, оны жалғастыру оңай болар еді. Әлішер Науаи өмір сүрген кезде «мәтлә бәйіт» (бастауыш бәйіт) сатып алу дәстүрі болған. Сол себепті Әлішер Науаи түрікше жырланған бір «мәтлә» бәйітті Маулана Саһибиден, екінші рет тағы бір түрікше бастауыш бәйітті Маулана Лүтпіден сатып алғандығы айтылады.
Маулана Саһибиден:
Кукраким дүр Собһининг Піраһәнидин чакрак,
Кирпиким шәбнам тугулкан сәбзедин нәмнакрак [15, 312 б.].

Көкірегім ашық менің таң сәрінің арайындай


Кірпіктегі тұнық мөлдір, таңғы шықтың шапағындай.

Маулана Лүтпіден:


Башимиздин сайейе сәрву қәдинг кәм булмасун,
Зат-е пакинг булмаса аләмда адам булмасин [15, 313 б.].
Аудармасы:
Көлеңкесі сұңғақ бойдың сақталса екен басымызда,
Бұл әлемде пәк жарсыз болмаса екен бір адам да
Бұл екі бәйіттің сөз құрамында парсы тілінің ықпалы айқын көрініс тапқан. Әлішер Науаимен Банаи арасындағы қалжыңдарға аталмыш екі түрікше бастауыш бәйіттер арқау болған.
Мырза Хайдар еңбегінің «Негізгі әңгімеге қайта оралу» тарауындағы Саид ханның ішімдікке салынып жүрген кезін мына түрікше бәйітпен сипаттаған:
Алчекуге жам әжәл кунглум да ол сақи дүрәр
Тулғунже пейманым ол сақи биле бақи дүрәр [15, 530 б.].
Аудармасы:
Құй, даяшы, кесеме ішейін ажал жеткенше,
Көңілім толып, кесеммен даяшы мәңгі кеткенше.
«Хан сонша шарапқа берілген болса да, ішкіштігінен толықтай арылып кетер деп кім ойлаған» деп автор таң қалады.
Гүлге ұқсап тұрғайсың, таң сәріде ашылған,
Гүл де емессің, сен күнсің, нұрын шашып тасыған.
Шабыттанып келгенде гүлдер ашсын қақпасын,
Сәлем айтып, тез жеткін, пәледен құдай сақтасын [15, 530 б.].
Мырза Хайдар Саид хан өлгенше оның қызметінде болды. Бірақ, хан қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Рашид хан әмірліктегі дулат әулеттеріне қысым жасап, оларды қудалай бастаған-ды. Автор Саид ханмен болған сол бір тамаша кезеңді еске алып, Рашид ханның жауыздық істеріне түңіліп жүретін. Оңашада парсыша яки түркіше бәйіттер жырлап мұң шағатын. Тағдырдың қыңыр мінезіне шағым айтып, түрікше рубаи да жырлады.
Қорытып айтқанда, «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі түркі тіліндегі бәйіттердің басым бөлігін Саид хан жырлаған. Мырза Хайдар кітабында Саид ханның ақындық дарыны жайында: «Өлең шығарғанда оның күш-қуаты мен дарынына тең келер адам өте сирек кездесетін. Ол ешқашан өлеңді ойланып отырып жазбайтын, ылғи шабыттанып отырып айтатын. Бас қосуларда алдындағы өлең жинақтарды ашып, қандай мақам, қандай ырғақ демей, соған сәйкес өлеңді суырып салып айта беретін. Әрі оны бір-екі рет оқитын, естіген жан жадына сақтап қалатын, олай болмаған жағдайда жазып алуға келіспейтін»[18, 77б] деп жазды. Міне, Мырза Хайдар өзі айтқандай, Саид ханның түркі өлеңдерінің «суырып-салма» өлең түріне жатады. Оны парсы әдебиетіне «Фи Бәдайе» деп атайды. Мұның өзі тілдік және дүниетанымдық тұрғыдан саяси-мәдени кеңістігімізді Орта ғасырлар аясында зерттеуге айтарлықтай нақты да сенімді дереккөз бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет