Тіл шалып, ой болжамас шеберлікпен,
Қозғалса бір капитан жөнін біліп...
Немесе:
Кетеусіз мұрындықты қолына алып,
Жарлыға, жаралыға жалын жағып.
Капитан аудармастан алып жүрсе,
Қиырдан қырағы көз жұлдыз шалып7, –
деп ақын В.И.Ленинді ауыр міндет жүктелген социализм кемесінің капитаны етіп бейнелейді. Мұнда «данышпан», «ұстаз», «көсем», «пайғамбар» деген жалпы сөздер емес, мәдениетті поэзияға тән нақтылы бейнелеу бар. Бұл қазақ әдебиетіне I.Жансүгіров поэзиясы арқылы келе бастайды.
В.И.Лениннің қазасы туралы немесе ұлы көсемнің қайтыс болғанына белгілі бір жыл толуына байланысты өлең шығарған С.Сейфуллиннің «Қайғылы хабар», Б.Майлиннің «Құр жылама», С.Дөнентаевтың «Ұмытылмас», I.Жансүгіровтің «Қош бабай», Ш.Иманбаеваның «Естірту», С.Мұқановтың «Ленин қабірінің басында» т.б. көптеген қазақ ақындарының өлеңдерінде бірі естірту, бірі жоқтау, бірі көңіл айту, енді бірі жұбату сияқты ұлттық әдебиеттегі, тұрмыс-салт жырларындағы бар дәстүрлі үлгілер кең пайдаланылды. Алайда осы дәстүрлі үлгілердің өзінде де образ нақыстары жаңаша келеді.
В.И. Ленин бейнесін жаңа үлгіде жырлау кейіннен етек ала бастайды. Мысалы, I.Жансүгіровтің 1929 жылы жазылған «Мавзолей» атты өлеңінің бас кезінде қала көрінісін беруде дыбыс қуалаушылыққа салынғанмен, осы өлеңінің соңғы шумағында В.И. Лениннің барлық елдің халқына қадірлілігін көрсету үшін әр ұлт адамдарын былай пішіндейді:
Ауған шалма
Араб башмақ,
Достарыңызбен бөлісу: |