Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет30/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Өзбек шапан,
Казақ тымақ,
Неміс кепкі,
Американ қалпақ,
Самоед тон,
Бұйра негр,
Ағылшын таяқ,
Үнді желек,
Қытай аяқ,
Жылжып ілбіп,
Келеді таяп.
Барлық әлем,
Өтпек қарап,
Еңбекші жұрт,
Езілген тап,
Мавзолейге
Етпек тауып!8

Осы бір әр ұлт адамдарының Ленин мавзолейінің алдында қатарласуы – лениндік ұлы идеяның бүкіл әлемге аяндығының ерекше символы екендігін өз алдына қойғанда, сол ұлт адамдарының пішіндерін олардың ұлттық киімдері, сыртқы пішіндері арқылы дәл тауып отырады. Оның үстіне өлеңнің үнемі төрт буынды, қысқа қайырылып отыратын ырғағының өзі де Мавзолейге кіргелі келе жатқан көп халықтың тоқтаусыз жүріп келе жатқан аяқ алыстарының ырғағына жақындайды. Көркемдігі жағынан бұл өлеңде де кемістік жоқ емес, бірақ жаңа ізденістердің барын да айта кету қажет.


Жаңа қоғам орнатушы, күрескер, құрылысшы, халық қамын ойлайтын, халықтың ұлы – жаңа адамның бейнесі қазақ совет әдебиетінде күрес тақырыбына байланысты келді.
Тақырып жаңалығының үстіне шығармадағы көркем образ, бейнелеу де жаңғырады. Ол жекелеген образдарда ғана емес, сонымен бірге өлеңнің композициялық құрылысында, ырғақ екпінінде де сезіледі. Қазақ ақындары: I.Жансүгіров, С.Мұқанов, И.Байзақовтар дәстүрлі толғау түрін жаңа тақырыпты жырлауға пайдаланады. Қазақ ақындарының революция тақырыбына жазылған өлеңдерінің идеясы орыс поэзиясындағы революциялық тақырыпқа жазылған өлеңдермен қабысып келеді. Тіпті «Смело товарищи, в ногу», «Марсельеза», «Интернационал» сияқты революциялық өлеңдердің әсерін көру де қиын емес. Бұл әсер тек идеяда ғана емес, өлеңнің композициялық құрылыстарында, кейбір эпитет, метафораларда, әсіресе, айрықша сезіледі. Ал, негізінен алғанда, орыс поэзиясымен идеялық тұтастықта бола отырып, революция туралы жазылған қазақ ақындарының өлеңдері ұлттық нақыш, ұлттық өрнек тауып отырғанын айту орынды.
Ақын болған істі баяндаушы немесе суреттеуші ғана емес, ол ең алдымен күрескер. Шынайы жазушы өзі қаласын мейлі, қаламасын мейлі қоғамдық мәселелер туралы өзінің көзқарасын көркем шығармасында айтпай тұра алмайды. Белгілі бір құбылысқа ол үкім шығарады, белгілі бір идеяны жақтап, бұқараны үгіттейді. Халыққа эстетикалық тәрбие беру совет әдебиетінің төл ісі. «Біздің газетіміздің сипаты туралы» деген мақаласында В.И.Ленин: «Бізде өмірдің барлық саласының жанды, нақтылы мысалдары мен үлгілері арқылы бұқараны тәрбиелеу»9 керек деп ерекше көрсетті.
Бұқара халықты тәрбиелеуде совет әдебиетінің атқаратын қызметі ерекше. Ұлы Октябрь революциясының социалистік сипатын түсіндіру, халықты азат ету жолында күрескен ерлердің жарқын бейнесін жасау, тозығы жеткен ескі өмір мен жаңа бастаманың арасындағы бітіспес күрестің пафосын жырлау, айналып келгенде социализмнің жеңісін орнықтыру, нығайту совет жазушыларының басты міндеті. Әдебиет социализмнің белсенді құрылысшысына айнала бастады.
Октябрь революцисының ұлы жеңістерінің бірі халықтар арасындағы ұлттық ала ауыздықты жойып, таптық бірлестікті нығайтуы еді. Совет әдебиетінің басқа тармақтарындағыдай қазақ әдебиетінде де бұл тақырып кең көлемде, революциялық тұрғыдан қойылып келді. «Ұштасқан үш тілек» деген өлеңінде I.Жансүгіров:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет