Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет28/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Октябрьден жөн тартып
Жол жүргелі жыл қанша?
Он төрт!
Он төрт!
Он төрт жыл!
Он төрт!
Он төрт станса4,
деп әрбір жылды бір станцияға теңейді. Бұл Ілияс Жансүгіровтің ақындық дүкенінен жасалған өзіндік дүниесі.
Ілияс революция мен Коммунистік партияны бір-бірінен бөлмей жырлайды. Бұл оның 20-жылы жазған «Ортақшыл партия» атты өлеңінен бастап арқауын үзбей келе жатқан соңғы шығармаларынан көрінеді. Ақын революция мен Ленин есімінің арасын да бөлген емес. Революция – халық, халық – Ленин. Міне, Ілияс өлеңдері осылай бір-біріне жалғасып, байланысып жатады.
Дүниежүзі пролетариатының данышпан көсемі В.И . Лениннің мезгілсіз қазасы озық ойлы адамзат баласына ауыр қасырет әкелді. Өзінің данышпан көсемінің қазасына байланысты совет ақындары көптеген өлеңдер жазды. Орны толмас ауыр қайғыға ұшыраған халыққа көңіл айтты, сонымен бірге данышпан көсемнің бейнесін жасауға тырысты.
Рас, В.И. Ленин бейнесін жасауда совет әдебиетінде, оның ішінде қазақ әдебиетінде, жаңалықтармен бірге кейбір қайталаулар да болды. Ленин еңбекші елдің данышпаны, көш басшысы, пайғамбары, ары мен намысы дегенді басқа ақындармен қатар I.Жансүгіров те айтты.


Сол көптің көшін тура бастайтұғын,
Дана еді, данышпан еді тізгін ұстар5,

деген жолдардағы ойлар В.И. Ленин образына лайықты келіп жатса да, онша жаңалық емес-ті. «Тізгін ұстар дана» деген сөздер де бұрыннан айтылып келе жатқан образ болатын.


«Ленин тірі» деген, кейінірек жазған, өлеңінде I.Жансүгіров өмірде өлмейтін адамдар болады, ол В.И. Ленин дегенді айтады. Ақынның мұнысы да Абай айтып кеткен: «Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына із қалдырған» деген жолдардың қайталуы сияқты. Бірақ, бұл ретте I.Жансүгіров, жоғарыда айтылғандай, тек барды өзінше қайталаушы ғана болып қалған жоқ, данышпан көсемнің бейнесін жасауда өзінше соқпақ жолмен келгенін айтқымыз келеді. Бұған ақынның «Ленин өлді» (1924) деген өлеңі жатады. Бұл өлеңінде I.Жансүгіров өмірді толқынды теңіз бейнесінде, ал социалистік құрылысты сол теңіздегі кеме бейнесінде жырлайды. Мың құбылған асау толқын қаншама шиыршық атып, буырқанып, бұрсанса да кеме оған мойымай, қарыштай басып, ілгері кете береді. Осы бір образдың түпкі төркінін қазбаласақ, бұл халық әдебиетінде бар бейне екенін көреміз. Халық әдебиетінде өмірді – теңізге, өмірдің ауыртпалықтарын – толқынға теңеу жиі ұшырайды. Ал, теңіздегі кеме де көркем образ үлгісінде аз қолданылмайды. Қазақ арасына кең тараған «Қарғаш» әнінде:


Сен есіме түскенде, беу, қарағым,
Кемесіндей дарияның бұраңдаймын6, –
деген жолдар бар. Мұнда ынтық жігіт сүйген қызы есіне түскенде қайырлаған кемедей тоқырап қалады. Ал, Ілиястың кемесі бұл кемеден өзгеше, оның кемесі жеке адамның ынтықтығын бейнелемейді, абстракті түрде де жырланбайды, одан кең көлемде, қоғамдық сипат алады. Жаңа социалистік құрылыс бейнесіндегі кеменің бастаушысы - капитаны бар. Кеме тағдыры да сол капитанға байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет