Балғалы бауыр баста тұр,
Күйелі дене, күс білек
Орақты бауыр қаста тұр,
Маңқиған мұжық түстірек,
«Әйда, бірге жүр», – деді.
Ұмтылдым, тұрдым үш тіреп,
Ұстадым қолын бұлардың,
Айқасып қалды үш білек.
Таяғым таптым, таяндым,
Өзімді сездім күштірек.
Үшеуміз бірге аттандық,
Ұштасқан соң үш тілек10, –
деп жырлайды.
Айқасып жатқан білектер ұғысқан, табысқан тілектердің айғағы. Балғалы жұмысшы, орақты шаруа, ақ таяқты ат қып мінген қазақ ауылының бақташысы – үшеуі де еңбекші бұқара өкілдері. Замана жасаған жағдай, мүмкіндікті біздің еңбекші бұқарамыздың дұрыс түсіне білуін ақын қуана жыр етеді.
Қазақ даласында совет үкіметінің біржола жеңгенін айтатын, революцияның адам санасына жаңа рух әкелегенін ең алғаш жырлаған ақын-жазушылар С.Сейфуллин, Б.Майлиндер болды.
С.Сейфуллиннің «Асау тұлпар» (1922) атты өлеңдер жинағы шықты. Сол жылдары Б.Майлиннің қоғамдық жаңа қарым-қатынасты суреттеген өлеңдері жазылды. Бұл ретте Мырқымбай бейнесі, әсіресе, көзге ерекше түседі. Табиғатында ақ көңіл, аңқылдақ, бірақ үстем тап өкілдерінің қанауынан әбден езіліп, еті өліп кеткен Мырқымбай революция рухын, тап тартысының негізін бірден түсінбей, шегіншектей береді. Б.Майлин кейіпкерінің санасын бірте-бірте болып жатқан оқиғаларға, нақтылы іс-әрекеттерге, яғни типтік жағдайға байланысты ала отырып, олардың көкірек көзі ашылуының эволюциялық сатысын керсетеді. Таптық жіктің бітіспейтін диалектикасына көзі жете бастаған Мырқымбай, ақырында, кеше бетіне қарсы келуге жүрегі дауаламайтын қожасымен ат құйрығын біржола үзісіп, күрес жолына түседі. Бірақ шыншыл ақын елімізде социолизм орнату үшін күресте партия ұранын, заман талап етіп отырған міндеттерді құрғақ даурықпаға айналдырып, революция болды, совет үкіметі орнады, әбден жетілдік деп жалған патетикаға түспейді.
I.Жансүгіров – сол кездегі дәстүрлі сөз бейнелерін толық пайдаланған ақын. Ол бір емес, бірнеше өлеңдерінде бұрынғы езуші, қанаушы тап өкілдерін қазақ даласында мол ұшырайтын қадір-қасиеті жоқ «қара құсқа» теңеп отырады, енді бірде кішігірім, момын аңдардың жауы болған қаршығаға теңейді.
«Қара құс, қаршығаның қанаты жоқ», енді бар өнеріңді салып сайра, әніңді еңбекші кедейлерге жеткіз, «солардың мұңы менен мұқтажын айт» дейді «Жас бұлбұл» деген өлеңінде. Бұл символмен жазылан өлең. «Жас бұлбұл» бұрын қара құс, қаршыға сияқты жыртқыштардың жемі болған, ән мен өнердің иесі болған момын құс – бүгінгі еркіндік алған жас еңбекші азаматтар. Сол «бұлбұлдарға»:
Достарыңызбен бөлісу: |