Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет39/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Ақшалап басын қар көміп,
Аспанның төсін арда еміп,
Анасындай алтын күн,
Сел жіберіп бір жуып,
Жел жіберіп бір желпіп
Ауық-ауық құшақтап,
Әлсін-әлсін нұр сеуіп,
Есейген асқар Гималай...
Сол күннен нұр ала алмай,
Басы мұнар бауыр тар...
Гималай асқар неге олай?25
деп ақын өзінің үйреншікті дәстүрлі сұрауы арқылы Гималай басындағы ауыр күн, қайғылы халді аңғартады. «Анасындай алтын күн» деген жол да бұл жерде образ кейпінде келіп отыр, Күн тағы да бостандықтын, бақыттың бейнесінде. Гималай басындағы мұнар мен тұман, қалың мұздар да ел басындағы ауыртпалықтар.
Сол тар қапастағы ауыр күндердің болу себебін Ілияс әлгі сұрауға жауап арқылы ашады. «Қабағы жабық, қаны арық», «Жаны жара, тәні ауру», «Заманы дозақ, қанды азап» кешкен Гималайдың бұл ауыртпалығын көріп, оған аяныш білдіріп қана қоймайды, ақын сол құлдықтан құтылудың даңғыл жолын сілтейді, ол Комминтерін бастаған революциялық жол. Ол үшін Гималай толғанып, бұрқанып, бұрсанып қозғалуы керек. Және оған ақын шүбаланбайды да. Құлдық бұғауындағы халықтардың ерте ме, кеш пе санасы оянып, күш-қуаты толып, өз тәуелсіздігін алатынына берік сенеді.
Ішінде лаулаған жалыны бар, қозғалса жер сілкінтер күші бар алып Гималайды халық бейнесінде суреттеп отырған ақын оған эпостық сипат бере суреттейді:

Буырқанып, бұрсанып,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет