Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет41/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Еңбек етсең, білім, өнер сенікі,
Өзің ие, міне, саған бостандық34,
десе, «Кедей баласы» өлеңінде «Еңбек ету, еңбекшілер ұраны» дейді. Ақынның лирикалық геройы заман рухын жақсы түсінген.
С.Сейфуллин «Маржан» атты өлеңінде оқушысына еңбек ет деп ұран тастамайды, еңбек етуші қыздың өзін жырға қосады. Бұл кешегі күл шығарып, тезек терген қазақтың күң қызы емес, теңдік алған, «денесі күшті темірдей» шыңдалған жаңа адам. Әдебиетте еңбекті мадақтау, оны үгіттеу I.Жансүгіров шығармаларына да тән қасиет. 1920-жылы жазған «Арыным» өлеңінде ақын «тапсыз, тату, мерекелі, өнерлі ел жасаймыз еңбекке қуанған» дейді. Ақын «Жастар ұраны» деген өлеңінде:


Көмекшіл көбейер
Шаруа көркейер,
Еңбекпен ағылар
Ел үшін теріміз35,
деп жастарға «ел үшін еңбек ет» деген ұран тастайды. Ақын бұл ұранда сол кездегі еңбекке деген жаңа көзқараспен қажетті идеяны ашық баяндайды. Үгіт, ұраннан гөрі еңбек процесінің өзін, еңбек етіп жүрген адамдарды жырлау керектігін түсінген ақын ендігі жерде осы талабын жүзеге асыруға талаптанып «Ақсабан» атты өлеңін жазады. Ілияс мұнда екіауыз өлеңмен томсарған тоғай, төбедегі торғын көкті, қырдағы қыбырлаған мал мен ойдағы егінді сөз етеді. Бірақ ақын әлі де тек сырттан бақылаушы ғана. Ол көбіне адамның жан сырын ашпайды, қыбырлаған, жыбырлаған адамдарды ғана көреді, шалғылардың сыңғырын ғана естиді. Бұған:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет