Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет2/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Бұл еңбек жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне және жалпы оқушы жұртшылыққа арналады.


АЛҒЫСӨЗ


КПСС XXII съезінің тарихи қаулысы мен Совет Одағы Коммунистік партиясының Программасы адамзат өміріндегі орасан зор жоспарларды жүзеге асырып жатқан қазіргі кезде осы ұлы алға басуға өз үлесін қосқан әдебиеттану ғылымының алдына да үлкен міндеттер қойып отыр. КПСС XXII съезіне жасаған баяндамасында Н.С.Хрущев жолдас совет әдебиеті өзінің идеялық мазмұны мен көркем формасының байлығы жағынан дүниежүзінде жоғарғы беделге ие болып отырғанын атап көрсетті.
«Біздің өнеріміздің жетістіктерінің, оның дәстүрлерінің орасан зор маңызы бар, бұлар бүкіл адамзаттың көркемдік-шеберлік жағынан дамуындағы елеулі кезең болып табылады. Тек социализм жағдайларында ғана еркін көркемдік творчествоның гүлденіп өркендеуі үшін, қалың бұқараның мәдени байлықтарды жасауға белсене қатынасуы үшін нағыз қолайлы мүмкіншіліктер жасалатындығын біздің еліміздің тәжірибесі дәлелдеп отыр. Совет өнері бүкіл адамзаттың рухани қазынасын байытады, коммунистік мәдениеттің салтанат құруы үшін жол салып бередіI».
Көптілді совет әдебиетінің мазмұны социалистік, формасы ұлттық деген белгілі қағида, шынында да, совет әдебиетінің өзіндік даму ерекшелігінің негізінде туды. Бұл қағида әр тілде, әртүрлі формалар арқылы бірегей социалистік мазмұнды айқындайтын Совет Одағын мекендеген көптеген ұлттар әдебиетінің толып жатқан теориялық, практикалық мәселелерін қамтиды.
Әдебиет, искусствоның қай проблемалары болса да мазмұн мен формаға соқпай кете алмайды. Алайда совет әдебиетінің мазмұны мен ұлттық формасы мәселесінің ең басты, нақтылы проблемалары бар және оның өзі совет әдебиет зерттеу ғылымында соңғы жылдары ғана қолға алына бастады да, алғашқы адымдар жасалды. Жеке ұлт республикаларындағы тиіп-қашты жазылған мақалалар көлеміндегі еңбектерді былай қойғанда, осы проблеманы Одақтық көлемде көтеріп, кең түрде қоюға күш салып жүрген К.Зелинский, Л.Новиченко, Н.Шамота, Г.Ломидзе сияқты әдебиет зерттеушілерінің аттарын атауға болады.
Осындай жекелеген ғана ғалымдардың алғашқы зерттеулерінен басқа бұл проблемаға арналған күрделі еңбек жоқтың қасы.
Әдебиеттің мазмұны мен формасы жан-жақты, тым қомақты проблема екендігін еске алсақ, жекелеген мақалалар арқылы күрделі мәселенің толық шешім ала алмайтыны өзінен өзі түсінікті. Бұл мәселені мақала түгіл бірді-екілі монография көлемінде де толық қамту қиын. Сондықтан да журналдық мақалалар осы проблеманың жекелеген мәселелеріне ғана арналып келді.
Әдебиеттің социалистік мазмұны мен ұлттық формасының жекелеген мәселелері туралы мақалаларды біз Қазақстан әдебиетшілері М.Әуезовтың, С.Мұқановтың, Е.Ысмайыловтың, Ә.Тәжібаевтың, Қ.Жұмалиевтың, М.Қаратаевтың еңбектерінен де кездестіреміз. Бұл мәселені Одақтық көлемде көтеріп және СССР халықтары әдебиетінің социалистік дәуірдегі дамуының ерекшеліктері туралы жиі-жиі жазып келген, академик, жазушы М.
Әуезовтың еңбектерін айрықша бағалау орынды. Совет әдебиетінің социалистік мазмұны мен ұлттық формасы жайында күрделі еңбек жазылмағанмен, бұл проблеманы зерттеудің алғашқы адымдары осы жекелеген үлкенді-кішілі мақалалар көлемінен басталды деуге болады. Әйткенмен бұл әлі жеткіліксіз.
Совет әдебиетінің даму ерекшелігінің нақтылы, күрделі жайларын зерттеу бүкіл совет әдебиет тану ғылымында соңғы жылдары ғана қолға алына бастағандығын жоғарыда атап кеттік. Бұл тақырыптың көптеген жайлары бірқыдыру шешімін тауып жатыр, сонымен бірге әлі шешімін таба алмай келе жатқан проблемалары да аз емес. Одақтық баспа орындарының беттерінде басылған көптеген айтыс мақалалар соның кепілі. Күні бүгінге дейін кейбір әдебиетшілеріміздің Одақтық журналдар беттерінде бірінің пікіріне бірі келіспей қайшы келіп, бірінің пікіріне бірі қарсы дау айтып жатқан жайлары да жиі ұшырасады. 1960 жылы январь айында М.Горький атындағы Дүниежүзілік әдебиет институты осы мәселенің басты бір проблемасы халықтар әдебиетінің өзара байланысы және әсер-ықпалы жайында арнаулы айтыс ұйымдастырды. Міне, осының өзі-ақ бұл мәселенің әлі толық шешімін таба алмай келе жатқандығының айқын дәлелі бола алады.
Совет әдебиетін зерттеушілердің алдында тұрған өте күрделі де жауапты бұл мәселенің барлық проблемаларын толық қамтып, оны жете талдап беру, біріншіден, ұзақ уақыт зерттеуді керек етеді, екіншіден, шағын еңбектің көлеміне ол сыймайды. Мұның екінші бір басты қиындығы – туған әдебиетпен бірге қатар өсіп, қанатын бір сермеп келе жатқан көптеген ұлттар әдебиетінің ерекшеліктерін де білудің қажеттігі. Біздіңше осы үлкен проблема кең көлемде, байыпты шешімін табу үшін ең алдымен әрбір ұлттар әдебиетінің ерекшеліктері зерттелуі тиіс. Әрине, ұлттың не халықтың өзіндік (ұлттық) ерекшеліктері бір ғана әдебиет саласында көрініп қоймайды. Ол халықтың мәдениетінен, искусствосының әр саласынан байқалады. Бірақ та тек әдебиет туралы сөз қозғағандықтан біз ол саланы қамтымауға тырыстық, өйткені оның өзі арнайы зерттеуді қажет етеді.
Біз осы шағын көлемді еңбегімізде белгілі бір жаңалық ашып тастауды міндетімізге алғанымыз жоқ. Әдебиет зерттеу ғылымындағы осы уақытқа дейін жазылған мақалалар мен еңбектерді пайдалана отырып, өзіміздің кейбір ойларымызды ғана ортаға салуға тырыстық. Осы еңбек оқушыға әдебиеттің социалистік мазмұны мен ұлттық формасы және оның тұтастығы, яғни әдеби дамуымыздың заңдылығы туралы азын-аулақ мағлұмат беруге жараса біздің мақсатымыз орындалды деп санаймыз. Тиянақты байыпты, көлемді зерттеу – әдебиеттану ғылымының алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі.
Осы еңбекті баспаға әзірлеу үстінде ағалық ақылын айтып, кеңес берген, достық көмегін көрсеткен әдебиетші-ғалымдар: Мұхаметжан Қаратаев, Мәлік Ғабдуллин, Есмағамбет Ысмайылов, Мүсілім Базарбаев, Тұрсынбек Кәкішев жолдастарға ризалық білдіріп, алғыс айтамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет