Бұл Жамбыл көрген бұрын талау-таран,
Кез болды енді оған алтын заман.
Кең жатқан байтақ ұлан шежіремін
Тарихтың домбырасын қолыма алам.
Жиырма бес маған тағы қайтып келді
Қалайша жыр төкпессін, ән соқпассын,
Шаттықтан нәсер төккен дәуірде енді.
Совет өкіметінің кем-тарларға, жетім-жесірлерге жасаған әкелік қамқорлығы Қасым Аманжоловтың «Советтік менің өз елім» деген өлеңінде былай жырланады:
Өмірге ендім еңбектеп,
Шалқалап әкем шықты үйден;
Жетімдік тағдыр жетті ептеп.
Қабағын жаба түксиген.
Өмірден үміт жоқ өзге
Даланың тердім тезегін.
Әкем боп таптың сол кезде
Советтік менің өз елім!
Бақыт деген совет адамдарының арманы емес, бақыт олардың қазіргі өмірі, еңбегі, гүлденген шат тұрмысы болып табылады. Саттар Ерубаев «Бақыт» деген новелласында бақыт деген не екен? Соны көрсем деп арман етеді.
«Бақыт өмірмен қатар келмейді екен, өмірмен араласып өмір болып келеді екен. Бақыт қолыңды алмайды екен, жүрегіңді алады екен. Жүрегің бақытқа шомылып, сен өмірге өзімсініп кіріседі екенсің. Мен бақытты көрдім...».
«Мен содан бері бақытты адамды көрдім. Талай бақытпен бетпе-бет кездестім, қазір өзім бақыттың құшағындамын.
Мен көруге құмар болған бақыт – қазір мені де, менің жолдастарымды да көтеріп, шаршатпай алға қарай алып бара жатқан сияқты».
Сөйтіп жазушы еңбек арқылы, жеңіс арқылы бақытын тапқан совет адамдарының ісінен де, сөзінен де, жүзінен де бақытты көреді. «Жүрегің бақытқа шомылып, сен өмірге өзімсініп кіріседі екенсін» деген жолда терең сыр, мағына жатыр. Мұнда таптық қоғамға тән-таптық тартыстың немесе біреудің еңбегін қанап, біреуден бірдеңені алдап алу, істеген ісіңді бұлдап, тек пайданы, мансапты ғана көздеу жоқ. Қоғамдық іске өз ісім деп, өзімсініп шын ықылас, адал ниетпен беріле істеген адамды көреміз. Мұның терең сыры неде жатыр десек, ол ең алдымен адамды адамның қанаушылығының, жеке меншіктің жойылуында, адамдардың тең праволылығында, өкімет билігінің бұқара халықтың өз қолында болуында. Міне, жаңа қоғамдық қарым-қатынастар совет адамдарының бейнесіп өзгертті. Әрбір азаматтың патриоттық рухын өршітті.
Совет адамдарының патриотизмі өз отанына деген шексіз сүйіспеншілігіне негізделеді. Ұлы отанымызда қаншамалаған халықтар тұрады, олардың барлығы өзарадостық қарым-қатынаста. Совет адамдары сонымен бірге дүние жүзіндегі еңбекші бұқара халықтардың барлығын да сыйлайды, қадірлейді. «Отанға деген махаббат тұтас бір нәрсенің бөлегі сияқты, адамзатқа деген махаббаттан шығуы керек»I дейді В.Г.Белинский.
СССР-да социализмнің жеңуі және халықтар достығының салтанат құруы советтік патриотизм мен пролетарлық интернационализмнің өзара тығыз байланысты екенін көрсетті. Біздің елде қанаушы таптың біржола жойылуына байланысты патриотизм тарихта бұрын болмаған жаңа белеске көтерілді және отаншылдық сезім совет халықтарының бәріне бүтіндей ортақ сезім болып табылады. Буржуазия патриоттық сезімді тек ат төбеліндей үстем таптар мақсатына пайдаланса, советтік патриотизм халық мүддесіне қызмет етеді. Советтік патриотизм Ұлы Октябрь социалистік революциясының тарихи жеңісі. Ол совет өкіметі өмір сүре бастаған күннен бергі уақыттың ішінде дамып халықтық күш болып қалыптасып, социалистік мәдениеттің өркендеуінің негізгі қайнар бұлақтарының бірі болды. Советтік патриотизм саналы түрде дамиды, оның күшінің негізі де осында жатыр.
Коммунистік партия пролетарлық интернационализм принципіне сүйене отырып, совет халықтарын барлық елдердің еңбекшілерімен үнемі достық, ынтымақтық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеп келеді.
Совет адамдарының патриотизмі олардың өмірі мен қызметінің барлық салаларын қамтиды, олардың отан үшін, халық үшін істеген адал еңбектері арқылы көрінеді.
Кемеңгер Абай өз заманында елім, жұртым деп күңіренген, ел қамын ойлар, халық мүддесін қуар жан таба алмай «моласындай бақсының» жалғыз қалып еді. Міне, ендігі жерде әрбір совет азаматы халқы үшін жанын қиюға дайын екенін көреміз. Бұл ерлік отан басына екі талай күн туғанда көзге түседі. Осы Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», Ә.Нұрпейісовтің «Күткен күн», Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер» романдары, Б.Момышұлының «Артымызда Москва», Қ.Қайсеновтің «Ажал аузынан» повестері мен Қ.Аманжоловтың, Ж.Саинның, Ә.Сәрсенбаевтың, Д.Әбіловтың, Абдолла Жұмағалиевтің лирикалық өлеңдері, поэма толғауларынан, Баубек Бұлқышевтың очерк, публицистикаларынан анық көрінеді.
«Қазақ солдаты» романындағы Қайырғали бір сөзінде қазір соғыс уақыты. Мен де өз орнымда сияқтымын. Қазір азамат борышы не деп сұраса, мен қару асынуда дер едім» дейді. Қанқұйлы жау Ұлы Отанның топырағын қанды табанымен таптап жатқанда совет адамдары ерекше қайрат көрсетті. Совет адамдары сияқты қазақ халқының өкілі болған соң Қайырғали майданға өзі тіленіп барып, сүйікті отаны мен халқының бостандығы үшін күресті.
Жас жазушы Баубек Бұлқышев майданда жүріп жазған публицистикаларында бейбіт халықтың өміріне қауіп төндірген жауға деген кекті жүректен, ызғар айбынмен жазды. «Заман біздікі. Мен жаспын, өмір сүргім келеді. Мен өмірімнің өзім үшін қымбат екенін де жақсы білемін. Дүниеге мен келгелі де көп болған жоқ қой. Бірақ, бұл күресте сол өмірімді аямаймын да! Аяуға да хақым жоқ деп білемін!». «Ел намысы үшін өлген ер өлімі бізде қадірлі, сондықтан біз өлімнен намыс жоғары дегенді жау оғының астында да қайталап айтамыз».
Ғ.Омаровтың «Отан алдында» деген өлеңінің лирикалық геройы:
Достарыңызбен бөлісу: |