Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М


Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын



бет12/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын...
Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қалпың,
Не түсер құр күлкіден жыртық-жыртың, –
деп өз халқының бойындағы осындай дерт мінездерді күйіне айтты. Еңбек етпей бос селтеңдеп, үй қыдырып, тамақ тойдырып, босқа жырқ-жырқ күліп, енді бірлері күндестікке түсіп өнімсіз іспен айналысқан адамдар Абай дәуіріндегі шынайы болған жай.
Ал бүгінгі совет адамдарының еңбекке деген көз қарасы бүтіндей өзгеше. Бұрын ғасырлар бойы жасалмаған, істелмеген істердің аз жылдардың ішінде жарық көруі еңбектің арқасы. Жаңарған қала, өзгерген дала, жаңадан салынған завод, фабрика, темір жолдар бұрынғы қазақ даласының меңіреу тыныштығын бұзып, қызу өмір әкелді. Еңбек бақытты өмірге, даңқты атаққа бөлендіретін, абыройға жеткізетін игілікті іске айналды. «Еңбек етпеген ішіп жемейді». Міне, социалистік заманның ұраны осы. Сөз жоқ, бұл ұлы құбылыс совет адамдарының психикалық пішінінің жаңаша қалыптасуына айрықша әсер етеді. Осыған байланысты совет әдебиетінің, оның ішінде қазақ әдебиетінің де, ерекше тақырыптарының бірі осы еңбек тақырыбы болды. Ә.Тәжібаев «Шын жүректен» деген өлеңінде:


Өзімдей өскен бірге құрбыларым,
Бірі әнші, бірі малшы, бірі – ғалым;
Бақыттың беттерінде нұры ойнайды
Осылар – батырлары бай еңбектің,
Жалтылдап көздерінде жайнап жалын.
Осылар – сақтаушысы жер мен көктің.
Осылар – жауды еріксіз бас идірген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет