Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет10/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Жанымды қиып сен үшін,
Өкінбен сірә өлгенге, –
деп ант етеді.
Отан үшін, халық үшін ерлік өліммен өлген совет азаматының образын Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» деген поэмасында ерекше пафоспен жырлады. Ақтық демі біткенше жаумен жағаласып өледі.


Қош бол енді, туған елім!
Кетті де бір қарыздар жан.
Бұл емес еді көксегенім,
Бұл емес еді, арман арман!
Осы-ақ болды келген қолдан;
Осы-ақ болды-ау әттең шіркін!
Сен бөгелме ұлы жолдан,
Туған халқым, туған жұртым!...


Міне, советтік патриотизм рухында тәрбиеленген совет адамдары Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күш-қуатын да, өмірін де аяған жоқ. Майдандағы совет жауынгерлері мен тылдағы еңбек ерлерінің батырлығы социалистік Отанға жан қиярлықпен қызмет етудің баға жетпес үлгісін дүниежүзі халықтары алдында көрсетті.
М.Иманжановтың «Орынбай қарт» деген әңгімесінде мынандай жай сөз болады. Жасы жетіп Орынбай қарт өкіметтен жәрдемін алып, жұмыстан босап, бір-жола демалысқа шығады. Бірақ ел басына қатерлі күн туғанда ер азаматтар қолына қару алып майданға аттанып жатқанда, кәрі екенмін, еңменіп қалған екенмін деп Орынбай үйінде отырмайды. Өз Отанының, өз халқының бейбіт өмірін сүйетін ол жауды жеңу үшін майданға жәрдем керегін түсіне білді. Сондықтан да ол еңкейген жасына қарамастан өзі тіленіп еңбек майданына қайта оралды.
Совет адамдарының бойындағы осындай моральдық асыл қасиеттер отанға, халыққа деген шексіз сүйіспендіктен келіп туады.
Совет заманы тудырған совет адамдарына тән заман рухы Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайырғали, Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романындағы Шығанақ, Олжабек, Жанбота, «Миллионер» повесіндегі Жомарт, Жанат, Ә.Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емес» пьесасындағы Жанас, Арман, Анар, 3.Шашкиннің «Теміртау» романдарындағы Дәмеш, Қайыр, Ораз және көптеген ақындардың өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкерлерінің образдарынан айқын көреміз.
Аз ісін місе тұтпай, бойындағы бар жігер, қайратын сарқа пайдаланатын іске жұмсау үшін үнемі ілгері ұмтылып, алға басатын және сол көздеген мақсатына жетпей қоймайтын, гуманистік қасиеттері мол Қайырғали, еңбекті творчестволық іс дәрежесіне көтерген, жарқын оптимизм кеудесіне мол ұялаған, өзінен кейінгілерге тәрбиеші, коллектившіл Шығанақ, кеудесі кең дүниеге сүйреп, жасы жетсе де колхоз жұмысының жандануына барын салатын, теріс болса туысқанын да аямай сынайтын, турашыл да әділ Жанас тағы басқаларының бойындағы толып жатқан озық қасиеттер өмірдің типтік бейнесін айқындайды.
Бұрында, адамдарда ондай жақсы мінездер болмап па екен деген сұрақ тууы мүмкін. Болған. Адалдық, кішіпейілділік, ақкөңілдік, турашылдық Дәркембай мен Базаралы, Байжан мен Бұланбай бойында да бар болатын. Бұл жерде ескеретін бір жай: социалистік қоғам халықтардың бойындағы озық идеялар, жақсы қасиеттердің барлығын жоққа шығармайды, қайта оны ілгері дамыта түседі. Нағыз шынайы патриотизм, гуманизм, буржуазиялық қоғамда бүкіл халыққа немесе ұлтқа тұтас, бірдей ортақ қасиет бола алған жоқ. Үстем тап өкілдері патриотизмді, гуманизмді тек өздерінің таптық мүдделерінің тұрғысынан түсінді. Буржуазия өзінің таптық мүдделері үшін ұлттық мүдделерді сатып жібереді. «Капитал еңбекшілерге қарсы барлық елдердің капиталистері арасындағы одағын қорғауды отан мүдделерінен, халықтан және неден де болсын жоғары қояды»I – деп жазды В.И.Ленин.
Нағыз, шынайы патриоттық сезім тек еңбекші бұқараға ғана тән нәрсе.
Ал, қанаушы тапты жойған социалистік қоғамда патриотизм бүкіл халықтық асыл қасиетке айналды. Сонымен қатар социалистік қоғам дамуының процесі тудырған қоғамдық ережелердің сақталуы, жаңа социалистік дәстүрлердің етек алуы таптық қоғамдағы халық тұрмысының мешеу дәуірімен салыстырғанда әлде қайда дамып, өсіп кетті. Сондықтан да советтік патриотизм, гуманизм дүние жүзіндегі ең озық патриотизм, гуманизм болып саналады. Олай болса озық, асыл қасиеттер сол советтік патриотизм мен гуманизмді тудырушы совет адамдарына тән типті ерекшеліктер болып саналады.
Совет адамдары қоғамдық борышты, қоғам мүдделерін өздерінің жеке бастарының мүддесінен жоғары қояды. Сондықтан да ол өзін елдің иесімін, оның даңқты тарихын жасаушымын, ұлы коммунистік құрылыстың белсенді құрылысшысымын деп біледі.
Совет адамдарының социалистік саналылығы, олардың жалынды патриотизмі, ең алдымен, олардың еңбекке ер атандыратын іс, қоғамдық меншікке өз бақытының гүлденуінің негізі деп қарайтынынан көрініп отырады.
Совет адамдарының моральдық бейнесін сипаттайтын қасиеттер коммунизмнің ұлы ісіне берілгендік, рухани тиянақтылық, еңбексүйгіштік және жігерлілік. Сөйтіп, социалистік қоғамның ережелерін мүлтіксіз орындау, жоғары идеалды болу. Социалистік құрылыс осы жаңа қоғамға тән қоғамдық ережелерді, нормаларды тудырады. Бұл ережелер буржуазиялық қоғам тудырған бақталастық, мансапқорлық, өтірік, өсекшілдік, алдау-арбаушылық, қанау, зорлаушылық, моральдық, рухани азғындаушылықтың барлығына қарама-қарсы кішіпейіл сыпайылық, әділ-турашылдық, принципиалдылық, моральдық тұрақтылық, ең озық гуманизм, интернационалистік қасиеттерді тудырады.
Міне совет адамдарының типтік характерін тудырған типтік жағдайлар осындай.
Данышпан ақын Абай сол кездегі қазақ қауымының рухани қарым-қатынасын сезгіштікпен, көрегендікпен жырлап берді. Патриархалдық-феодалдық қоғамның ғасырлар бойғы келе жатқан ескілігін, енжарлығын, жалқау, мешеулігін, надандығын қатты түйреді. Өзара бақталас, бәсеке, көрсе қызар, дау қуу сияқты жаман әдеттерді тудырған сол кездегі қоғамдық формацияға ақын тура айтпаса да әлгіндей жиренішті ғұрыптарды сынау арқылы қарсы тұрды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет