Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет18/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Қарт бурадай қамданыпVII
Нар маядай бақырдыVIII
Бесті айғырдай кісінепIX


Қазақ халқы көшпелі халық болған, жүгін көбіне түйеге артқан. Төрт мүлік малының ішінде ең төзімді, күштісі түйе болған. Түйелердің ішінде өте берігі – нар түйе. «Нар жолында жүк қалмас» деген мақалдың тууы да осыдан. Сондықтан да күштіліктің бейнесі көбінесе осы нар болып келеді.
Ал ата-ана мен бала арасындағы немесе бір ата-анадан туған аға мен іні немесе аға мен қарындас арасындағы туыстық қатынас та көбіне малға байланысты айтылып отырады. Аға мен қарындас арасы малдың төлдерімен салыстырыла, теңеле беріледі. Мысалы;


Қозыдай менің егізімX
Тай-құлындай тебіскен
Бірге туып бірге өскенXI


Ата-ана әр уақытта баласын қозыға, лаққа тайға құлынға теңей отырады да, ал ата-ананың өзі сол төлдердің анасы, атасы ретінде салыстырылады.


Уа, қозым деп зарлаған,
Жас қозыдай маңыраған,
Саулы інгендей аңырағанI
Келі түйем ішінде
Қайырлы бураға ұқсаған
Қайырлы туған Қобылан
Ботам, сенен айрылдым
Алалы жылқы ішінде,
Көзге түсер тұлпардай
Тұяғы бүтін сұңқардай
Құлыным, сенен айрылдым.
Келісті түзу мысқалдай
Ай мүйізді қошқардай
Тілеп алған жалғызым.
Қозым, сенен айрылдымII
Анаң байғұс зарлайды
Ботасы өлген інгендейIII
Жүрегім алып ұшады
Кеткен қозым келгендейIV
Құлтай менен Алпамыс
Ботадай боздап көрістіV


Қазақ халқының әдеті мен ғұрпы да осы төрт түлік малға байланысты келеді. Діни нанымның кейбір түрлеріне байланысты қазақтар құдайы шалған. Ауырған баласына немесе қауіпті сапарға аттанған адамдарына мал сойып, құдайы айтатын әдеті бар. Ол кейде ақсары бас қой, кейде лақ, қозы т.б. мал бола береді. Міне, батырлар жырында жауға кеткен батырға деген шын берілгендік сезім – ата-ананың, іні-қарындастарының өздерін соның жолына құрбандық ету ниетінен айқын көрінеді. Алайда, олар өздерін тек құрбандық демей, ол әдетте құдайы деп айтылатын құрбан малдардың түрлеріне теңеліп отырғанын көреміз.

Ел жұртын есен көргенше


Айтып кеткен құдайға
Қоныр шұнақ тоқтымынVI
Көкем мен сенің жолыңа
Мен бір құрбан лағынI
Күнінде күйеу болып келер болсаң
Жолыңа біз тұрамыз айтқан тоқтыII.


Халық тіршілігінің негізі мал болып есептелсе, ол малдың жауы қасқыр болды. Халық сондықтан да қасқырдың жайын жақсы білген. Қойға шапқан қасқырдың қимылын, әрекетін талай көрген халық, теңеу-салыстыруларында оған да ерекше орын беріп отырған. Қасқырмен салыстыру, теңеудің біразы әсіресе батырдың ерлігін бейнелегенде жағымды түрде де көрінеді.

Жалғыз өзі батырдың


Жойып кетіп барады,
Қойға тиген қасқырдай
Сойып кетіп барадыIII


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет