Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет15/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

ІX
Совет жазушыларының Бүкіл одақтық II съезінде сөйлеген сөзінде грузин жазушысы И.Абашидзе былай деген болатын:
«Совет әдебиеті тек идеялық мотиві жағынан ғана емес, оқушылар жүрегінде сүйіспендік сезімін оятатын, туысқан халықтар өкілдерінің есте қаларлық тамаша көркем образдарын жасауы арқылы да шын мағынасындағы халықтар туыстығы мен достығының әдебиеті болып саналады. Нақтылай айтқанда, соңғы жиырма жыл ішінде грузин әдебиетінде туысқан халықтар өкілі бейнесінің галереясы жасалды. Орыс, украин, белорусс, армян, азербайджандықтардың т.б. осы сияқты образдар грузин халқының сүйікті бейнелерінің бірінен саналатынын толық сеніммен айтуға болады».I
Өз халқы өкілдерінің бейнесін жасаумен бірге жазушылардың екінші бір халықтар адамдарының да ұлттық бейнесін жасауы совет әдебиетінің басты ерекшелігінің бірі болып отыр. Бұл социалистік реализм әдісінің заңды бір құбылысы болып саналады.
Советтік ұлттар әдебиетінің тарихына көз жүгіртсек орыс әдебиетінде татар, қазақ, қырғыз, өзбек, түрікпен, грузин, армян т. б. халықтар өкілдерінің бейнесі жүрсе, осы халықтардың қай-қайсысының болсын әдебиетінде де орыс, татар, өзбек халықтарының өкілдері суреттеледі. Майда ұлттарға бостандық алып берген, үнемі қамқорлық жасап келе жатқан орыс халқының өкілдері бұл ретте ерекше орын алатыны атап айтуды хажет етеді. Мұны қай ұлт әдебиеті қалай, қай дәрежеде жасап келеді деген мәселе өз алдына, бірақ орыс ұлтының бейнесін жасауға тырыспаған, талап етпеген ұлттар әдебиеті жоқ деуге болады. Сондай әдебиеттің бірі қазақ совет әдебиеті.
Қазақ әдебиетінде орыс адамдарының бейнесі көрінуі үлкен жаңалық. Бірақ бұл тек жаңалық жасау ниетінен туған жоқ, ол ең алдымен заман шындығы талап етіп отырған, өмірдің өзі тудырған құбылыс. Қазақ, халқының кешегісіне бір сәт ой барлатсақ, Қазақстанның Россияға қосылғаннан бергі қазақ халқының экономикасы мен мәдениетіне енген жаңалықтарды ешкім көрмей кете алмайды. Өз халқының болашағын ойлап, сол үшін еңбек еткен, кейінгі ұрпақтары атын мақтанышпен атайтын қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың, халық ағартушысы, әрі жазушы Ыбырай Алтынсариннің, қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаевтың сол XIX ғасырда айтып кеткен сөздерін еске алсақ, Россияның қазақ халқы үшін қандай роль атқарғандығын айқын сезінуге болады.
«Орысша оқу керек, қызмет те, мал да, өнер де, ғылым да бәрі орыста тұр – орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті. Оны білгенге дүние арзаныраққа түседі» деп Абай айтқан. «Біз Россия болмаса құрып бітеміз, орыс жоқ жерде оқу жоқ, оқу жоқта зорлық пен қараңғылық бар, біз орыстарсыз тек Азия ғана болып қаламыз» – деп жазды Шоқан. Бұл пікірлер қазақ халқы қараңғылық көрпесін айқара жамылған, сауатсыздықтың шырмауында жүрген кезінде айтылды.
Орыстың прогресшіл идеялы, сапалы қауымдарының өмірге озық көзқарасы, Россиядағы үлкенді-кішілі халықтар мен ұлттардың алдыңғы қатарлы адамдарына барынша ықпал жасап, әсер етіп келгендігін халықтардың өткендегі тарихынан байқау қиын емес. Украин халқының ұлы кобзары Тарас Григорьевич Шевченконың суреткерлік шеберлігі мен ақындық талантының көзін ашқан, оған барынша жағдай жасап мүмкіндік тудырған орыстың белгілі суретші-живописец Брюллов пен ақын Жуковский болғаны белгілі. Чернышевский мен Добролюбов ұлы ақын Шевченконың шығармаларын құрметтеп, бағалаған. Әсіресе оның творчествосының нағыз халықтық қасиетін көре білген.
Грузияның ұлттық жаңа әдебиетінің негізін қалаушы Илья Чавчавадзе Чернышевскийдің, Добролюбовтың, Белинскийдің шығармаларын бар зейінмен сүйсіне оқып, еңбекші халықтың мұңын мұңдаған жазушы болды. Сондай-ақ грузиннің классик жазушысы Акаки Церетели де Россияның өсіп-қаулап келе жатқан, болашағы жарқын революциялық-демократиялық күштермен бірге қол ұстаса, қанат қағыса отырып, тек ұлттық қана емес, бүкіл адамзаттың идеалы үшін күресу керектігін түсінген ойшылы болды.
Орыс мәдениетін жоғары бағалаған, Россиямен идеялық саяси бірлікте болуды барынша жақтаған, Арменияның белгілі жазушысы Хачатур Абовян, орыс әдебиеті мен мәдениетінен өз творчествосына нәр алған, әзірбайжанның көрнекті жазушысы, драматургиясының негізін салушы Мирза Ахундов сияқты ірі әдебиет қайраткерлерін әр халықтар мен ұлттар әдебиетінен аз кездестірмейміз. Міне, қазақтың ғалымдары мен ақын- жазушылары Шоқан, Ыбырай, Абай осындай топқа жатады. Көкірек көзі әлі ашылмаған, тұңғиық қараңғылықтан жарық сәуле іздей бастаған мешеу халықтың алдыңғы қатарлы адамдарына Герцен, Чернышевский, Добролюбов сияқты революционер-демократтардың тигізе бастаған игі әсерін айта отырып, патшалық Россияның сол мешеу халықтарды титығына жетіп өзгенін, мәңгілік сауатсыздыққа ұстап, алдап арбап қорқытып, өз дегеніне көндіру саясатын ұстағанын ұмытуға болмайды. «Орыс үкіметін орыс халқынан айыра білмеген кісілердің барлығы ештеңе де білмейді» деген Герценнің абзал сөзі осы шындықтың толық куәсі, айғағы бола алады.
Ұлы Октябрь революциясының жеңісінен кейін халықтар достығы идеясы барынша нығайып, берік қамалға айналды. Қазақстан патриархалдық-феодалдық қарым-қатынастан капитализмге соқпастан бірден социалистік қоғам орнатты, аграрлы-индустриялы елге айналды. Тарихи аз уақыттың ішінде экономикасы мен мәдениетінің дамуы жөнінен дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің дәрежесіне көтерілді. Осындай орасан зор жетістіктердің барлығына қазақ халқы орыс халқының қамқорлығы арқасында жетіп отыр. Бұл ретте ағасындай қамқоршысы болған орыс халқының ролін ерекше бағалап, ерекше атау хажет.
Өз халқы өмірінің даму тарихына оның кешегісі мен бүгінгісіне ғана емес, ертеңіне де көз жіберіп, толғанған жазушы осы шындықтарға соқпай кете алмақ емес.
Рсволюцияға дейінгі қазақ әдебиетінде орыс халқы өкілдерінің бейнесі ептеп көріне бастаған-ды. Бұл ретте ең алдымен Абайды атаған жөн. Өз дәуірінің айнасы болған Абай өз халқының өмір-тіршілігіне, болашағына пайдасы тиетін орыстың озық ойлы адамдарының көзқарасын насихаттады. Абай орыс адамдарының барлығын бірдей қалтқысыз жақтап, ден қойған жоқ. Патша өкіметінің отаршылдық саясатын жүзеге асырып отырған қазақ даласындағы патша чиновниктерін жек көріп отыратынын мына өлеңінен аңғару қиын емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет