Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет23/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

ҚАЗАҚ ССР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ


М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ


Мырзабек ДҮЙСЕНОВ
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ


ӨМІРІ МЕН ТВОРЧЕСТВОСЫ

«ҒЫЛЫМ» баспасы
АЛМАТЫ – 196


Қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, дарынды ақын Ілияс Жансүгіров жемісті творчестволық жол кешті. Жұртшылықтың назарына ұсынылып отырған бұл еңбекте І.Жансүгіров творчествосының даму жолдары, жаңа тақырып, жаңа образ, лирикалық, эпостық жанрларды меңгеру, оған қосқан өзіндік үлестері зерттеледі. Ақынның өте қызықты да бай поэтикасын арнайы зерттеу арқылы І.Жансүгіровтың өзіне тән көркемдік стилін айқындауды, Абай дәстүрін меңгеру, ауыз әдебиетінен үйрену тәсілдерін көрсетуді автор басты проблеманың бірі етіп қояды. Сонымен бірге І.Жансүгіровтың өскен әдеби ортасы да сөз болады. Ақынның өмір баяны творчествосымен байланысты беріліп отырады.
Ақын творчествосы жеке-дара алынбай, қазақ совет әдебиетінің даму процесімен байланыстырыла бүгінгі әдебиетіміздің өзекті проблемалары тұрғысынан қаралады.
Халықтың мақтанышына айналған сүйікті ақын Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен творчествосы туралы жазылған бұл еңбек жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне және жалпы оқушы жұртшылыққа арналады.

Жауапты редактор филология ғылымдарының кандидаты – Р.Бердібаев



КІРІСПЕ

Әдебиеттегі озық дәстүрлерді тудыратын жазушылар. Үлкен дарын иелерінің көркемдік саласындағы тапқан жаңалықтары көпшіліктің қажетіне жарап, халықтық дүниеге айналып кетеді. Сондықтан да көркем әдебиеттегі озық дәстүрлерді тұрақтандырып, оны ілгері дамытудағы, байытудағы жекелеген дарын иелерінің тәжірибелері жалпы әдебиеттің жан-жақты дамуына игі әсерін тигізетіні даусыз. Ал, әдебиеттің дамуы-халықтың рухани мәдениетін байытудың мықты құралы.


Сондықтан да әдебиетке үлес қосқан жаңашыл жазушылардың творчестволық тәжірибелерінің сырын ашып, ортаға салу әдебиеттану ғылымының басты міндеттерінің бірінен саналады.
Абай Құнанбаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұханов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сияқты ақын-жазушылардың творчестволары туралы бұрын-соңды жазылған үлкенді-кішілі монографиялық еңбектер сол міндеттерді жүзеге асырудағы алғашқы адымдар болатын-ды.
1959 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл мен әдебиет институты ұйымдастырған «Қазақ әдебиетінің проблемалық мәселелері жайындағы ғылыми-теориялық конференцияда» сөйлеген қорытынды сөзінде академик-жазушы Мұхтар Әуезов: «Зерттеу ісіміз, тіл ғылымы мен әдебиеттану ғылымы көлемінде қазақ совет әдебиетінің бүгінгі татымды табыстарын зерттеуге арнау қажет. Жазушылар туралы монография жазғанда С.Сейфуллин, Б.Майлин, I.Жансүгіровтің мұраларын тереңдеп, сапалы түрде саралап зерттеу шарт»I, – деп көрсетіп еді. Бұл да жоғарыда аталғандай әдебиеттану ғылымының алдындағы келелі міндеттерді жүзеге асыру ниетінен туған-ды.
Бұл ретте де әдебиет зерттеушілері қалың оқушы алдында қарыздар болып қалған жоқ. 1962 жылы «Сәкен Сейфуллин» атты С.Қирабаевтың көлемді монографиялық еңбегі жарық көрді. Б.Майлин, I.Жансүгіров сияқты тағы да басқа әдебиетке елеулі олжа қосқан жазушылардың творчестволары жеке диссертация, монографиялық зерттеу түрінде қолға алына бастады.
Қазақ совет әдебиетінің қалыптасу процесі Ілияс Жансүгіровтің творчествосымен тығыз байланысты. Өзінің туған әдебиетінің іргесін қаласып, қабырғасын тұрғызысқан үлкен дарын иесі – Ілияс Жансүгіров әдебиет майданында жиырма жылдай еңбек етіп, жемісті творчестволық жол кешті.
Әдебиет жанрының әр саласынан қалам тартқан оның, әсіресе, ақындық өнері совет поэзиясы тарихында ерекше орын алады. Ол халық өмірінің түбегейлі мәселелерін жырлауда партиялық шыншылдығына өзіндік сыршылдығын қоса білген, жас қазақ совет поэзиясының ұлы көшін белгілі бір деңгейге көтерушілердің алдыңғы сапындағы жаңашыл ақын болды. Өшпес поэзиясының жаңа сапасымен I.Жансүгіров халықтың рухани мәдениетін байытуда аз еңбек еткен жоқ.
Жеке басқа табынудың салдарынан 1938 жылы қаза тапқан Ілияс Жансүгіровтің азаматтық, идеялық жағынан адал болғандығы толық дәлелденіп, 1957 жылы біржола ақталды. Аз өмірінің ішінде өндіре жазған ақынның шығармалары бірнеше жеке кітап болып басылып шықты. 1927 жылы «Беташар» атты үгіт өлеңі жеке кітапша болып басылды да, 1928 жылы Қызылордада «Сағанақ» атты тұңғыш өлеңдерінің жинағы жарық көрді. Осыдан кейін оның өлеңдер жинағы, поэмалары, пьеса, әңгіме-очерк, романы шықты. I.Жансүгіровтің құрастырған сатиралық жинақтары, Ғ.Мүсіреповпен бірігіп жазған орталау мектептің оқу құралдары 1929-33 жылдары жарық көрген болатын. 1958 жылы Алматыда ақынның өлеңдері мен поэмаларының жинағы шықты. Кәзір де Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасы I.Жансүгіров шығармаларының 6 томдығын басып, шығарып жатыр. Сондай-ақ I.Жансүгіров өлеңдері мен поэмалары, әңгіме, фельетондары орыс тілінде де (Алматыда, Москвада) басылып шыға бастады.
Өрелі жазушылардың творчествосы әдебиеттің күрделі мәселелерін көтеруге мүмкіндік береді. Біз осы еңбекте I.Жансүгіровтің өмірін жалпы творчествосымен байланыстыра алып, ауыз әдебиеті мен Абай поэзиясының озық дәстүрлерін меңгеруі, сөйтіп еліктеуші шәкірттіктен ұстаздық дәрежеге жеткенін, қазақ совет поэзиясындағы сюжетті-оқиғалы поэма жанрын дамытудағы орны сол сияқты қазақтың лирикалық поэзиясына қосқан үлесі және бейнелегіш – тіл шеберлігін арнайы сөз етеміз.
Сонымен қатар, ақын творчествосының эволюциясын жалпы әдеби процеспен байланыстыра беруге тырыстық. Жазушы творчествосын толық қамтуды мақсат еткенмен осыған байланысты қойылған әдебиеттің теориялық, тәжірибелік мәселелері түгел шешілді деген пікірден аулақпыз. Ақын творчествосын әр қырынан салалап зерттейтін ғылыми мақалалар, жеке зерттеу еңбектері алдағы уақыттарда да жазыла беруі тиіс. Әдебиеттегі бүгін шешілмеген мәселелер алдағы уақытта шешіліп, зерттелуі керек. Мұның қай-қайсысы болса да жазушы өмірі мен творчествосын кең көлемде, тереңдей зерттеуге үлесін қосатыны даусыз.
Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен творчествосына алғашқы барлау ретінде жазылған осы еңбек ақын туралы, оның әдебиетке қосқан үлесі туралы бірқыдыру мағлұмат беруге жараса, алдымызға қойған мақсатымыз орындалды деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет