ҚОРЫТЫНДЫ
Халықтың ұлттық ерекшелігін толық айқындайтын бірден-бір дара сипат жоқ. Олай болса ұлт әдебиетінің ерекшелігі халық тұрмысының ерекшеліктері, психикалық пішіннің шынайы көрінуі, тілінің, ойлау ерекшеліктерінің, әдеби дәстүрінің т.б. толып жатқан үлкенді-кішілі сипаттардың барлығы басы қосылып, әр ұлт әдебиетінің ұлттық формасын жасайды. Және де осы сипаттардың өзінде іштей эволюциялық даму болады, социалистік мазмұнға лайық, бірі кеш, бірі ерте дегендейін өзгеріп, жаңа қасиет тауып отырады.
«Ұлттық мәдениет формалары өзгерместен, сіресіп қалмайды, қайта жетілдіріліп отырады, ескіріп қалған, коммунистік құрылыстың міндеттеріне сай келмейтін формалар жоғалады да жаңа формалар жарыққа шығады. Әдебиет пен өнерде ұлттық нәрді пайдалану – әбден табиғи іс... Ал, шынында тек біздің заманымызға сай келетін формалардың ғана болашағы бар».
I
ІІІын мағынасындағы ұлттық шығармаларда халықтың психикалық пішіні, тұрмысы, әдет-ғұрпы, ішкі жан дүниелері жан-жақты, реалистік тұрғыдан көрінуі шарт. Пушкинді неге орыстың ұлттық ақыны дейміз? Абайды неге қазақтың ұлттық ақыны дейміз? Өйткені олар өз халықтарының бар болмысын шынайы қалпында, асқан шеберлікпен суреттей білді. Қазірде біз М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын шын мағынадағы ұлттық шығарма деп бағалауымыздың өзі, міне, жазушының XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ өмірінің бар шындығын реалистік негізде терең суреттеп беруіне байланысты. Жазушы өз халқының, характерін, физиологиясын, тілін, сонымен бірге, экономикалық өмірін, арманын, кері тартқан кеселдерімен қоса түгел қамтып, бүкіл бір дәуірмен таныстырады, оны тамаша көркем форма арқылы суреттейді.
Осындай мазмұнға көркем формасы сай келгенде ғана ол нағыз көркем шығарма бола алады, сонда ғана ол оқушыға идеялық тәрбие, эстетикалық ләззат береді. Чернышевскийдің пікірінше көркемдік деген форма мен идеяның бір-біріне сай келуіне байланысты. Өйткені шығарманың көркемдік сапасының қандай екенін білу үшін, шығарманың негізгі діңгегі болған идеясы шынайы ма, жоқ па? деген мәселені мүмкіндігінше қадағалай зерттеу керек. Егерде идеясы жалған болса, көркемдік туралы сөз қозғаудың қажеті болмас еді, өйткені форма да дәл сондай жалған болады. Шынайы идеяға лайықты форма табылғанда ғана шығарма көркем бола алады. Көркемдік мәселесін шешу үшін шығарманың үлкенді-кішілі бөлшектерінің барлығы бірдей негізгі идеяға байланысты туып отыра ма, жоқ па? Осыған қарау керек. Әрбір детальдар, сцена, характер, эпизод, жеке-дара алғанда қаншалықты әдемі болғанмен, шығарманың негізгі идеясын толық айқындап жатпаса, сөз жоқ, оның көркемдігіне нұқсан келтірмей тұрмайды.
Совет әдебиетінің социалистік реализм әдісі көркем шығарманың мазмұнына формасы сай болып келуі үшін күреседі. Сондықтан да мазмұн мен форманы бөліп қарамай, екеуін диалектикалық тұтастықта алып қарайды.
Сонымен, жаңа мазмұн әр уақытта жаңа форманың тууына себепкер болса, жаңа форма сол мазмұнның айқындала да шыңдала түсуіне себін тигізеді. Олай болса әдебиеттің жаңа мазмұны талап етіп отырған көркем форманы сол мазмұнға лайық жетілдіре беру көркем сөз шеберлерінің, адам жанының инженерлері
жазушылардың алдарындағы басты міндеттердің бірі болып саналады.
«Біздің елімізде ұлттарды жақындастыру процесі өрістеп, әлеуметтік бір тілектілік күшейіп келеді. Коммунизм құрылысын кеңінен өрістетудің барысында ұлттардың толық бірлігіне қол жетеді. Бірақ коммунизм
негізінен орнатылып болғаннан кейін де, ұлттардың бір-біріне қосылатынын жариялау әлі де болса ертелеу болмақ. Лениннің мемлекеттік және ұлттық айырмашылықтар барлық елдерде социализм жеңгеннен кейін де әлі ұзақ сақтала береді деп көрсеткені мәлім»I.
Біздің елімізде ұлттардың өзара жақындасу, кейін біржола бірігу процесі бір ұлт әдебиеті үстемдік құрып, екінші бір ұлт әдебиеті өшу арқылы жасалмайды, керісінше, әрбір ұлт әдебиетінің озық дәстүрлері барлық ұлттар әдебиетінде бірдей өркендеп, барлық ұлттар әдебиеті ұлттық негізде шарықтай дамуы арқылы жетеді. Мұның өзі бір мазмұнды совет әдебиетінің түрі жағынан, әр алуан, бай болып келуіне мүмкіндік тудырад