Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет19/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Қасқырдай тиіп тамақтанIV
Қасқырша шауып дұшпанғаV
Тарғындайын бөріңізVI
Аш бөрідей жалақтап
Қинады жоқтық жанымдыVII
Бөрі өңгерген лақтай
Келмембет қорқып сасадыVIII.

Қасқыр малдың жауы, олай болса, ол малмен күн көрген халықтың да жауы. Бірақ халық бұл жерде сол жауы қасқырдың өзін тікелей, мақтап отырған жоқ. Бірде теңей отырса, бірде шендестіріп, салыстыру арқылы батырдың бейнесін жасап отыр. Бұл жерде бізге керегі қасқырдың адамға жау не дос хайуан екендігі емес, қазақ тіршілігінде кездесетіндіктен, оның көркем ойлауындағы орны.


Сол сияқты қазақтың фольклорында, әсіресе, эпосында батырлардың бейнесін суреттеуде салыстыру, теңеу, эпитеттерде жолбарыс, арыстандар да жүреді.

Сапар тартып жол шектім


Жүрмеймісің жолбарысымIX
Қобландының айбаты
Арыстанға ұқсадыI
Алты жасқа келгенде
Арыстан туған ҚобыланII
Бір арыстан өзіме
Шабатұғын көріндіIII
Аш арыстан жүректі
Балуан жолбарыс білектіIV.

Әрине, ертеде Қазақстан жерінде арыстан, жолбарыс, аю, марал сияқты аңдардың мол болғандығы жұртқа мәлім.


Өткен тарауда біз қазақ халқының шаруашылығының басты саласы – мал, бертін келе оның тұрмысына жер шаруашылығы да ене бастады дедік. Бірақ, сонымен қатар, қазақтың көне шаруашылығының бірі аңшылық болды. Аңшылық халық тіршілігінде малы көп байлар үшін ермек, қызық тамаша сәуегөйлік болса кедей-кепшіктерге күн көріс, тіршілік әрекеті болды. Аңшылық кәсіптің түрлері әр алуан. Мұның өзі әр халықтың табиғат ерекшелігіне байланысты. Қазақ даласында, мысалы қоян, түлкі, қарсақ, қасқыр, қарақұйрық, бөкен сияқты аңдарды жүйрік, құмайы тазылармен де аулаған, бүркіт, қаршыға, сұңқар салып та аулаған. Сол сияқты қаз, үйрек, қырғи, дуадақ т.б. құстарды да лашынмен, ителгімен, тұйғынмен, қаршығамен аулаған. Ал аңдарды мылтықпен аулау кейінірек шықты. Міне, халықтың тіршілігінде белгілі бір дәрежеде орын алған осы шаруашылыққа байланысты әлгідей аң мен құстар да сол халықтың көркем ойлау ерекшеліктеріне із тастап кететіні даусыз.
Мысалы, қыран бүркіт, ілгір қаршыға, сұңқар, т. б. осы тектес құстардың қимылы, әрекеттері де халық жырларында ерлікті, батырлықты бейнелеуге қолданылған.
Жігітте сұңқар мен едімV
деген жолда ер жігіт, асыл жігіт сол сұңқарға теңеліп отыр. «Қобыланды» жырынан мынадай үзіндіні келтірейік.


Қаршығадай қайырылып,
Ителгідей сүзіліп
Ұрып-ұрып өтеді.
Ұрған сайын Қараман
Қара құстай қалбаңдап
Қорбаң-қорбаң етедіVI.

Қарақұс денесі ірі болғанмен, күші аз, қауқары кем, адамға тигізетін айтарлықтай жақсылығы жоқ, өлік аңдитын, жемтікке үйір құс. Бойында еш қандай қасиеті болмағандықтан да халық оны жаратпаған. Жау қаршығадай жалт қайрылып, ителгідей сүзіліп көп ұрғанда Қараман қарақұс сияқты қалбаңдап жатқандағысы да сол.


Немесе:
Қырғи ілген торғайдай
Мойныңды жұлып алайынI
деген де соған дәлел. Ал сұлу қыз аққуға, тұйғынға салыстырылып, теңеліп отырады.


Аққудай болып байпаңдапII
Назым отыр қонақтап
Ақ тұйғындай еріккенIII.


Сол сияқты балық аулау, егін шаруашылығына байланысты да біраз мысалдар табуға болады.
Халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасына байланысты, тұрмысындағы кездесетін іс-әрекеттерге байланысты туған кейбір образды ойлау ерекшеліктері де молынан бар екені айқын.


Мысалы:
Сындырып кетті беліңді
Кесіп кетті желіңдіIV.


Құлын байланатын желіні жау ғана кеседі, қазақтың өз әдетінде оны кеспейді. Олай болса осы сөздің өзі ер жігіттің елін жау шауып кеткендігін айқындап тұр.
Екінші мысал, қазақта боз түсті мал өте киелі саналған, осы ұғым да ауыз әдебиетінде теңеу үлгілері ретінде мол көрінеді.

Қойда бағлан қозы едім


Жылқыда шаңқан бозы едімV.


Немесе жау қолында тұтқын болған жігіттің елін екінші бір жау шауып алып, батырдың ата-анасына қорлық, зәбір-жапа көрсетеді. Ақырында, батыр тұтқыннан босанып, басқыншы жаудан еліп құтқарып, зәбір көрген ата-анасын боз биенің сүтіне шомылдырады.

Алдында жатқан аңғарды


Жер ошақтай тастадыVI
Аузы үлкен ошақтайVII
Ошақтай бар жауырыныI
деген жолдардағы жер ошақтар көшіп жүрген қазақ халқының тұрмысындағы жайлар. Міне, осындай теңеулерді тізе берсек толып жатыр. Қазақтың кең даласындағы құбылып тұрған сағым адамның ажарынаII кең дала аттың ерекше тұлғасынаIII көркем теңеу болып кете береді.
Әрине, халықтың образды ойлау ерекшеліктерінде өте жиі ұшырайтыны төрт түлік мал, көшпелі тұрмысқа байланысты әдет-саллтар болып келеді. Оның себебі де белгілі, өйткені мал шаруашылығы халықтың ертеден келе жатқан негізгі, басты кәсібі. Сондықтан да халық шаруашылығына сауда элементі енбей тұрған кезде қазақ халқы мысалы таразыны білмеді. Таразы жоқ болған соң бұт, қадақ деген ұғымдардың болмағаны да жұртқа мәлім. Ол кезде халық бір нәрсенің көлемін, салмағын да сол малдың бір мүшелерімен салыстыра сипаттайды.

– Ат басындай алтынмен


Қой басындай күмістіIV
деген жолдар соның айғағы бола алады.
Кең сахраны үдере көшіп жүрген қазақ жолаушыға жөн сілтесе, қашықтықты шамаласа, уақытты белгілесе «ел орынға отыра», «ел жата», «ет асым», «бие сауым», «тай шаптырым», «ат шаптырым», «көш жер», «қозы көш жер» деген өз тұрмыстарына байланысты белгілі бір ұғымдарды да тудырды. Қашықтықты білдіргенде «ат шаптырым» мен «тай шаптырым» деген ұғымда жердің қашықтығының белгілі бір межесі болды. Қазақта бәйге шаптыру дәстүрі кең етек алған. Міне, осы бәйге шабысында әбден толысқан, жетілген аттардың шабатын жолдарына қарағанда әлі бұғанасы толық қатпаған жас мал тайдың шабатын қашықтығы әлде қайда кем болады. Өйткені жас жылқыны (тайды) ұзаққа шаптырса өкпесі шыдамай, қабынып, өліп кетуі мүмкін. Міне, осыдан келіп «ат шаптырым» мен «тай шаптырым» жердің қашықтығын есептегенде белгілі бір межесін қазақ шамалап біліп отырған. «Көш жер» мен «қозы көш жердің» ұғымы да осындай. Жас қозы ұзақ жолға шыдамайды. Әдеттегі бір көш жерді қозы екі түнеп жүреді.
Уақыт шамасын да қазақ сол өздерінің тіршілігіне байланысты меже етеді. «Ет асым», «бие сауым» деген ұғымдарды сол мал ұстаған қазақтардың тұрмысы тудырған. «Ет асым» уақыт пен «бие сауым» уақыт бірдей емес. Міне сөйтіп қазақта уақыт өлшемі де сол күнделікті тұрмысы ерекшелігінің негізінде туған.
Біздің мысалға келтірген халықтың ойлау ерекшеліктерін тудыратын оның белгілі бір кезеңдегі өмір, тіршілік ерекшеліктері. Халықтың экономикалық өмірінің даму процесі, оның өмір тіршілігіне жаңалық енгізсе, сол жаңалық олардың психикасында, бейнелі ойлау ерекшелігіне де ізін түсіріп отырады. Қазақстанда капиталистік қарым-қатынастың ене бастауы халық өміріне жаңа қарым-қатынастарды тудыра бастады. Ендігі жерде халық бұрынғы көркем ойлау ерекшеліктерінің шеңберін кеңейте бастады.
Халықтың экономикасының белгілі бір дәуірі тудырған түрлі теңеу, эпитет, метафоралар сол тарихи кезеңдерде қажетке жарап отырады да, халықтың экономикасының дамып, өскен, екінші бір кезеңдеріне олардың біразы ескіріп, архаизмге айналады, енді біразы жаңа түр, сипат алып, жаңа мағынаға көшеді, кейбіреулері көпке дейін өз құнын, маңызын жоймайды. Және де әр дәуірдің өзі жаңа теңеулер, метафоралар, эпитеттер тудырып отырады.
Революциядан бұрынғы дәуірге бармай-ақ совет дәуіріндегі қазақ әдебиетінің жаңа социалистік мазмұнын айқындауда, жазушылар көркем ойлау ерекшелігінің бүтіндей жаңа түрлерін тауып, тыңнан тудырған жоқ. Өйткені оны жасау мүмкін емес. Оны тудыратын халық тұрмысының даму процесі. Сондықтан да ақын, жазушылар жаңа мазмұнды халықтың бұрыннан психикасына сіңген, құлағына үйреншікті, белгілі құбылыстардың барлығын ысырып тастамайды, қайта оны пайдаланып, дамытып отырады. Революцияға дейінгі дәуірдегі халық творчествосында жиі кездесетін бақташылық, көшпелі тұрмысқа байланысты туған көркем ойлау ерекшеліктері совет жазушыларының шығармаларында да үнемі кездесіп отырады.
Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романынан «Сарыарқаның әр қырқасына бір қазық қағып, көмірді темірге, темірді мысқа, мысты қорғасынға қосақтап, арқандап тастады» деген сөйлемді, X.Есенжановтың «Ақ Жайық» романынан «Құйқасы сыдырылған піскен сирақтай ырсиып, асты ашылып қалған жолдың сиқын көріп, және желдің жылы лебіне қарап, ол түске жетпей-ақ шамамен шақырым жерге жылжып болмайтынын білді...». «Кәртай әлгі әзірде кетті, сен көзіңді іліп, ұйықтап кеткен кезде. Биенің бір сауымындай уақыт өтті» деген сөйлемдерді, 3.Шашкиннің «Ұядан ұшқанда» повесінен «Қыздың мазақ күлкісі Бостай жүрегін қамшыдай осты» деген сөйлемдерді кездестіреміз. Осы сөйлемдердегі «қосақтау», «құйқасы сыдырылған сирақ», «қамшыға» байланысты бейнелі сөздер, ұғымдар мал шаруашылығымен айналысқан, қой қосақтаған, қамшы ұстаған, сирақ үйіткен қазақ халқына түсінікті-ақ келеді. Мұндай мысалды М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, Ғ.Мұстафиннің шығармаларынан неше түрлі құлпырып жаңа мағына тауып отырғанын көреміз. Мүмкін бұл жазушылардың суреттеп отырған мезгілі революциядан бұрынғы не оның алды артындағы кезең болғандықтан да жазушы халықтың сол кездегі ойлау ерекшеліктерін сақтауға тиісті болған шығар деген ой туады. Ол да мүмкін. Бірақ та соның өзі бүгінгі қазақ оқушысына ешқандай қосалқы анықтама талап етпей-ақ түсініліп отырады. Тіпті ол ғана емес, бүгінгі совет өмірінен жазылған шығармалардың өзінде де халықтың сол бір көркем ойлау ерекшелерінің бәрі бірдей болмағанмен дені күні бүгінге дейін сақталып отырғанын көру қиын емес. Енді осыған біраз мысалдар келтіріп көрейік. Ә.Тәжібаевтың «Отарба» деген өлеңінде мынадай шумақ кездеседі:

Бейне перне тізілген


Шпал қалай көп еді.
Шегіндей домбыра
Рельстер күй төгеді.
Басып перне күй гулеп
Міне, отарба жөнелді.
Қазақстан ән-жырын
Өрге тартып келеді.

Бұл өлеңде ақын жаңа заман отарба сияқты қазақтың ән-күй мәдениетін ерекше қаркынмен дамытып келе жатқанын мақтанышпен жырлайды. Бірақ, сол поезд жүретін жолдың көркем бейнеленуінде ақын қазақ мәдениетінің кәрі құрдасы - домбыраны алып отыр. Темір жолдың шпалдары - домбыраның пернесіне, қатар созылып жатқан екі рельс табаны домбыраның екі ішегіне теңеліп отыр. Осы өлеңде идеялық та, ұлттық көркемдік ерекшелік іштей де, тыстай да қабысып келіп жатқанын көреміз.


Ал, Ә.Нұрпейісовтің «Күткен күн» романында «штаб начальнигі кәрі жіліктей қисық темірді үсті-үстіне үрлеп «ал-ло», «ал-ло» деп әлі қақылдап тұр екен» деген сөйлемді, Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер» романынан «Жүрегіңді бекіт, білдің бе? Тізгініңді қолыңа ал» деген сөйлемді кездестіреміз. Тек бұл екі жазушы ғана емес, қазақ совет жазушыларының қай-қайсысының шығармаларынан болса да мұндай мысалдарды көптеп табуға болады. Бұл нені керсетеді? Бұдан біз халықтық образды ойлау ерекшелігі, ұлттық форманың әлдеқайда тұрақты сипаттарының бірі екендігін көреміз. Бірақ, халықтың әлгіндей образды ойлау ерекшеліктері бір қалыптасып алғаннан кейін сол қалпында мәңгілік ерекшелік болып қатып, семіп қалады деген пікір тумасқа керек. Қоғамдық-экономикалық даму процесі халықтың психикалық сипатына, образды ойлау жүйелеріне белгілі дәрежеде әсерін тигізбей тұра алмайды. Біз халықтың образды ойлау ерекшелігі, ұлттық форманың әлде қайда тұрақты болып саналатынын айтқанда, оның қоғамдық формация өзгерісімен іле-шала, аз жылдар ішінде емес, ұзақ жылдар бойында эволюциялық даму арқылы өзгеретінін айтып отырмыз. Бұған белгілі бір мерзімді пішіп-кесіп беруге болмайды. Ол мерзімнің ұзақ-қысқа болуы халық өмірінің экономикалық дамуының қарқынына байланысты.
Мысалы, «Ер Тарғын» жырынан мынадай шумақты оқимыз.

Зергер барсаң, қасыңда


Алтыннан соққан түйме бар } түйме бас
Түймені көр де басым көр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет