Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан жаға қисайғанда
Ендігі жұрттың сөзі ұрлық-қарлық,
Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық.
Осы күнде осы елде дәнеме жоқ
Мейір қанып, мәз болып қуанарлық...
Тағы бір өлеңінде:
Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ.
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері – қу борбай, сымпас шолақ, –
деп жазады. Абайдың XIX ғасырдың 80-жылдардағы өлеңін оқып отырсақ, осындай замандастарының ісі мен тірлігіне күйінген өлеңдерін молынан келтіруге болады. Ойшыл, данышпан ақын оларға оқу оқып, көкірек-көзіңді аш, халыққа, қоғамға пайдалы іс істе деді. Бұл ретте ол әсіресе еңбекке ерекше мән берді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген нақыл сөз тастап кетті. Сөз ұғар, тіл алар жан таппаған соң, ақырында «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп көкірегі қарыс айрылып тағы да өлең жазды.
Ұқпайсын өз сөзіңнен басқа сөзді
Аузыңмен орақ орған өңкен қыртың.
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ...
Достарыңызбен бөлісу: |