Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М


Сілтенген семсеріндей әділеттің, –



бет13/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Сілтенген семсеріндей әділеттің, –
деп мақтана жырлайды.
Совет адамдарының жарқын бейнесін еңбекқор келбетін паш етіп жырлағанда қазіргі қазақ ақындары Абайша аһ ұрып, қайғы-зармен көкірегін қарыс айырмайды, керісінше, шабытпен, жігермен қуана жыр етеді. Өйткені совет адамдарының тамаша жасампаздық қабілеті бүкіл отанның бейнесін өзгертті.
Совет адамдары өмірді ілгері бастаушы жандар. Сондықтан да олар ілгері басушылыққа көлденең тұрған кедергілердің қай түріне болса да қарсы тұрады. Үлкен бір тартыс ескі мен жаңа арасында болса, енді қара бастың мансабы үшін оңай пайда, жеңіл атаққа ие болу үшін емес, коммунистік қоғамды құрудың процесін жылдамдату жолындағы өндіріс орындарындағы жаңашылдық үшін күрестер де кең орын ала бастайды. Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» повесіндегі колхоз председателі Жақып пен агроном Жомарт арасындағы, Ә.Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емес» пьесасындағы колхоз председателі Телқара мен колхоз активтері Жанас, Арман, Анар арасындағы таластар өз колхоздарының болашағы үшін күрес болып келеді. Колхозға көп еңбек сіңірген, әлі де сол баяғысындай жаны ашып, барын аямаған Жақып, өз колхозының мол мүмкіншілігін байқамай аз өлшеп, кем кеседі. Жомарт ұсынған жаңа жоспарға сенбейді, колхоздың берекесін кетіріп аламын деп қорқады.
Ал Телқара болса, бірнеше жыл колхоздың председателі болып, оны осындай ауқатты дәрежеге жеткізді. Бірақ Телқара бойында совет адамына жат бір дерт бар. Ол оның атаққұмарлығы. Егіннен өнімді мол алып, колхозшыларға еңбеккүнді мол беріп, Телқара колхозшыларына табысты көп бөліпті деген атаққа ие болғысы келеді. Ал колхозының мәдени құрылысының нашарлығын көрмейді. Колхоз активі оның жеке басының баққұмарлығын батыл сынап, колхоздың әл-ауқаты көбеюімен бірге мәдениет жағынан да өсуі үшін күреседі. Ақырында өзінің қате ойын Телқара да түсінеді. Қоғамдық іс үшін күресте адамдардың қайта тәрбиеленіп отыратын ерекшелігі социалистік қоғамның ерекшелігінің бір сипаты болып саналады. Бұл ерекшелікті біз, әсіресе, «Шығанақ» романындағы Олжабектің образынан айқын көреміз.
Олжабектің бойында феодалдық қарым-қатынас тудырған жекеменшіктік сезім бар. Коммунистік партия колхоздасу саясатын жүргізген кезде, сол жеке меншіктік сезім ауқамынан шыға алмаған Олжабек бір-екі қарасын қызғыштай қорып, «Ортақ өгізден оңаша бұзауын артық санап,» «аспанның асты кең» деп колхоздасудан қашады.
Қашып жүргенде ұрылардан соққы жеп, әйелі мен баласынан, малдан айырылған ол көп ұзамай колхоз болып ұйымдасқан шаруалардың тіршілігін көріп қызығады. Ақырында, өзі осы колхозға мүше болып кіріп, адал еңбек етеді. Олжабектің «Жамалым тірі болса табылар. Өлі болса, қара жер кімді алмайды. Әйтеуір заман түзеліп келеді. Момынның, адал еңбектің күні туды. Әлі-ақ теңеліп кетпейміз бе? Қазірдің өзінде үш жүздей еңбек күнім бар. Өзімнен ешқайсысы артық емес. Абыройым жақсы. Атым газетке де шықты. Кісі түсетін үй болғалы-ақ тұрмын» деген сөзі оның жеке меншіктің психологиясының қаншалықты өзгере бастағанын көреміз. Ол әуелде колхозда жұмыс істегенде пайда табу мақсатын көздесе, ақырында еңбек деген оның психологиясына әбден сіңіскен қасиет болады. сөйтіп, ол ауыл шаруашылығының озаты дәрежесіне жетеді.
Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» повесінде Аманкелді атындағы колхоздың колхозшылары өзара социалистік жарысқа түсіп, бір топ жан электр линиясын жүргізуге, екінші топ жол салу жұмысына кіріскен. Шошқа бақташысы Баймағамбет өзінің шошқа сарайына да электр жарығын түсіру үшін жан аямай жұмыс істейді. Баймақанның нашар істейсің деген әзіл сөзіне Баймағамбет:
«Е бәсе! – жаным-ау, өз жұмысынан аянама кісі. Өзім тіленіп келдім ғой. Бәрінен бұрын Ахметтен қысылып барам. Жарыста оза қалса, ол бір мазасыз адам, қияметке дейін желкеңнен түспейді» – дейді.
Баймағамбеттің «Өз жұмысынан аянама кісі» деген сөзінен оның психологиясында жекеменшік ойдың жоқтығын сезіну қиын емес. Аманкелді атындағы колхоз жоғарыдағы айтқандай құрылыс жұмысын бастап кеткенде, көрші колхоздың колхозшылары көмекке келеді. яғни социалистік көмек көрсетеді. Аманкелді атындағы колхоздың колхозшылары олар туралы;
– Жұрт қу боп алған. Біз тіпті көмек сұрағанымыз жоқ. Мына колхоздар көмекке келіпті. Қуын қарашы:
– Оның несі қулық?
– Ертең осы күн оларға да туады. Сонда біз қарап қаламыз ба? Артығымен қайырамыз...» деседі.
Міне, қоғамдық жұмысқа ұйымшылдық, табандылық олардың осы диалогтерінен-ақ айқын көрініп тұр. Бұл жаңа, совет адамдарының психологиясына тән қасиет.
Ғ. Мұстафин Мәмет қарттың аузына мынадай бір сөз салады.
– «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деген мақал бар. Шаштың ақылды болғанын көрмедім. «Әйел бала намаздығын білсе болды» дейтін. Көп оқудың әйелге зиянын көрмедім. Әйел үйдікі, еркек түздікі» дейтін. Осы күнгі жастар мұны да бекерге шығарды. Ойлап тұрсам, ескіден тек біз сияқты қаусаған шалдар қалыпты, өзгенің бәрі жаңа...».
Жазушы осы жаңалықты кейіпкерлерінің аузына салып қана қоймайды, оны суреттеу арқылы көрсетеді, оқушының көзін жеткізеді. Бір кездегі үстем тап өкілдері тудырған және заңды етіп әдет-ғұрыпқа енгізіп, санаға құюға тырысқан кертартпа әдеттерді қазіргі көзі ашық, саналы жастар былай тұрсын, ескінің көзін көрген, бір кезде сол кертартпа әдеттің өзін жөн санаған кісілердің өзі енді оны мансұқ етіп отыр. Бұл жаңа қоғамның, социалистік коғамның жемісі.
3.Шашкиннің «Теміртау» романындағы Дәмеш, Қайыр, Ораз бейнелерінен де жаңа заман адамдарына тән қарым-қатынас, еңбекке деген жаңа көзқарастары айқын сезіліп отырады.
«Біздің кітаптарымыздың негізгі кейіпкерлеріне еңбек процесін ұйымдастыратын адамды, біздің елімізді техника күшімен мейлінше құралдандырып отырған адамды, өз тұсынан еңбекті өте жеңіл, әрі өнімді етіп ұйымдастырушы, еңбекті көркем өнер дәрежесіне дейін көтеретін адамды таңдап алуымыз керек»I – деп М.Горький айрықша ескертті.
Бұл совет адамдарының жасампаздық ерекшеліктерін бағалай білу деген сөз.
«Көркем өнер мен әдебиет халық өмірімен тығыз байланысты болсын» деп көрсетті Н.С.Хрущев.
«Өз шығармаңызда халық, қарапайым адамдар істеп жатқан ұлы істерді бейнелеңіздер. Ол адамдарды білетін, оларды жақсы көретін болсын, олар Коммунистік партияның басшылығымен коммунистік қоғам орнату үшін күрес жүргізіп жатқандардың бәріне өнеге болсын».
Міне ұлттар әдебиетінде халық өмірінің даму процесіне орай олардың пішіні, яғни нанымы мен сенімі, әдеті мен ғұрпы, бар болмысындағы осы өзгерістер айқын көрсетілуі тиіс. Нағыз көркем шығарма ұлттық характерсіз шынайы көркем шығарма бола алмайды дегенде, ұлт өмірінің шындығын реалды түрде көрсете білуді айтамыз.
Әрине, халықтың психикалық пішіні, біріншіден, бір нәрседе ғана көрініп қалмайды, ол өз тіршілігіндегі көптеген құбылыстар да көрінеді, екіншіден, оның барлығы бір шығармада көрінуі шарт емес және ол мүмкін де емес. Біз бұл жерде әдебиетті түгелдей алып отырмыз. Совет адамдарының психикалық пішіндеріндегі осы жаңалық ерекшеліктер әрбір көркем шығармаларда барынша мол көрінуі тиіс. Кейде мынадай пікірлер де туып қалып жүр. Ол өткен дәуір туралы жазылған шығармаларда кейіпкердің ұлттық ерекшелігі анық көрінеді де бүгінгі дәуірге арналған шығармалардағы кейіпкерлердің ұлттық ерекшеліктері онша дараланбайды. Бұлай ойлаушы жолдастар ұлттық ерекшелік болғаннан кейін ол ешкімге ұқсамайтын, дара, оқшау болуы керек деп түсінеді де, халық өмірінің даму процесін, олардың экономикасы, тілінің, психикалық пішінінің дамып, өзгеріп отыратын процесін ескермейді. Мысалы, жағымсыз кейіпкерлерден Құнанбай, Игілік, Жұман, Итбай жағымды кейіпкерлерден: Абай, Әбіш, Тоғжан. Дәркембай, Базаралы, Бұланбай, Байжан, Асқар, Ботакөз бейнелері психикасы жағынан болсын, тілі жағынан болсын тіпті киім киісі, шаруашылығының түрінен болсын, айталық, орыс, украин, өзбек, тәжік халықтарының өкілдеріне ұқсамайды, дара тұрады. Ал бүгінгі «күнгі совет дәуірінде өмір сүріп отырған Жомарт, Алма, Арман, Телқара, сол сияқты Ә.Нұрпейісовтың, Т.Ахтановтың, С.Шаймерденовтың, 3.Қабдоловтың, Ә.Нұршаиховтың т.б. романдарындағы, повестеріндегі, әңгімелеріндегі, очерктеріндегі басты кейіпкерлер жоғарыда аталған орыс, украин, өзбек, тәжік қырғыз халықтарының бүгінгі өкілдеріне ұқсап тұрады.
Ұлттық ерекшеліктің бір түрі халықтың ұлттық психикалық пішінінде жатса, кейбір жолдастар жоғарыда айтылған ерекшеліктер тек қазаққа ғана емес ол Совет Одағындағы барлық халықтарға тән ерекшелік қой. Қазақтың өзіне ғана тән, басқада жоқ ерекшелігі қайда? - деп талап етеді.
Әдебиетші Қ.Құттыбаев «Әдебиет сыны және өмір»I деген мақаласында: «Ұлттық ерекшелікке тіл, ұлттық физиономиямен қатар ұлттық психикада кіреді. Әрбір ұлттың басқа ұлттарда жоқ, тек ғана тән өзіндік сапалық ерекшелігі, өзіндік өзгешелігі осында сияқты» деп жазды. Қ.Құттыбаев жолдас сол «өзіндік» пен «өзіндік сапаның» не екенін ашып айтпағаны болмаса, жалпы пікірі дұрыс. Бірақ «өзіндік ерекшеліктерімен» қатар совет адамдарының ортақ ерекшеліктер барлық ұлттарға тән сапалардың да осы психикалық пішінде жатқанын ескермейді.
Абай дәуіріндегі халықтың психикалық пішіні, дәстүрі, ойлау ерекшеліктері, сол дәуірдегі орыс халқының не украин, тәжік, грузин халықтарының әдет-ғұрпы, тіршілігі мен ойлау ерекшеліктері тіпті ұқсамайтын, сондықтан да реалист жазушы өз халықтарының өміріндегі ерекшеліктерді көрсетпей тұра алмайды.
Біз жоғарыда, Құнанбай, Игілік, Итбай, Шәкен сияқты қанаушы тап өкілдері тудырған салт-сана бүгінгі социалистік құрылыс жеңген кездегі қазақ ұлтына ұлттық ерекшеліктері болып санала алмайды дедік Сол әдет-саналардың кейбір түрлері аз да болса күні бүгінге дейін келсе, ол ұлттық дәстүр түрінде өмір сүріп отырған жоқ, санадағы сарқыншақ ретінде, ескі заманның қалдығы ретінде уақытша ғана өмір сүріп отыр. Ол совет адамдарының психикалық сипатына қалыптаспайтын жағдай. Нағыз ұлттық характер халықтың басым көпшілігі, еңбекші шаруа жалшылар: Дәркембай, Базаралы, Иса, Бұланбай, Байжан, Асқар, Ботакез, Амантай, Аманкелді өкілі болған еңбекші халық тудырған әдет-саналар дедік. Бұл саналардың таптық қоғамда кең дамуына әлеуметтік негіз тумады. Ол әлеуметтік негізді социалистік құрылыс қана жасай алды. Совет дәуірінде халықтың сол салты мен санасы үстем тап тудырған сананы бірте-бірте жойып, жаңа белеске көтеріле бастады. Және де, қазірде СССР-дегі ұлттардың барлығы бір одақ құрып, бір қоғамдық формацияда. экономикасы жағынан бірыңғай дамып, бір идеологияда бір мақсат үшін күресіп отырғанда, оның үстіне бір ұлттың озық дәстүрлерін екінші бір ұлттың пайдалануына толық мүмкіндік туып отырған кезде, олардың психикасында ұқсастықтың болуы әбден заңды. Ол ұқсастықтың тууына тағы да басқа көптеген себептер барын көрмеуге болмас еді.
Таптық қоғамда буржуазия үнемі ұлт араздықтарын қоздырып отырды. Онда ол тілі басқа, діні басқа, салты басқа деді, әйтеуір басқа ұлттармен қарым-қатынасты жасатпауға әрекет етіп бақты. Бұл идеяны, әсіресе, дін басылары барынша кең таратты. Бірақ еңбекші халықтың біразы осы идеяға ерсе, ал көбісі басқа ұлт адамдарының жақсы дәстүрлерінен үйреніп, қарым-қатынас жасай бастады.
Орыс халқымен ертеден келе жатқан ескі достық, бауырластық сезім қазақ әдебиетінде «Абай жолы» эпопеясы, «Ботакөз», «Оянған өлке» т.б. романдарда көрінеді. Ертеден келе жатқан бұл достық Ұлы Октябрь революциясынан кейін кең өріс алып, барынша қанат жайды. Ұлттар араздығын қоздырып отыратын буржуазиялық құрылыс құлап, діни сенімдер жойылды. Коммунистік партия совет адамдарын осы ұлттық достық негізде тәрбиелеп келеді. Социалистік ұлттардың буржуазиялық ұлттардан тағы бір ерекше сипаты оның интернационалдық қасиетінде жатыр. Интернационалдық қасиет ұлттық ерекшеліктерді жоймайды, керісінше, әрбір ұлттың алдыңғы қатардағы ұлттық ерекшеліктерін басқа да туысқан халықтардың қажетіне жаратады, социалистік ұлттар бірінен-бірі үйрене отырып дамиды. Әрбір ұлттың озық дәстүрлері адамзат үшін қызмет атқарады. Өйткені бірде-бір адам қоғамнан тыс өмір сүрмесе, бірде-бір халық бүкіл адамзаттан тыс өмір сүре алмайды. Олай болса халық бойында ең озық дәстүрлер адамзаттық болуға тиіс.
Сондықтанда халықтар достығы идеясы совет әдебиетінің басты тақырыптарының бірі болып саналады. Совет дәуірінің шындығынан жазылған шығармаларда, әсіресе, орыс адамдарының ағалық достық көмегі қазақ әдебиетінде ерекше айқын көрінді. Көптеген лирикалық жырлар, толғаулар туды, орыс адамдарының бейнелері жасала бастады.
Қырғыз ақыны А.Тоқамбаевтың:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет