«Советстан, Біздің Стан совстан,
Экспресс талма екпінді шабыстан.
Гуле жүріп.
Үні құрып,
Қалсын ұлып,
Ескі жалған арттан қалмай жабысқан...
Советстан адал еңбек кәсібі.
Адамзатқа теңдік, бакыт есігі.
Жауын қуған,
Ерден туған
Белді буған.
Еркін өсер ер ұланның бесігі...
Кондуктор.
Қарап тұр.
Жол ұзақ
Айдап бақ!
Уклон бар,
Терең жар,
Сақ бол, сақ!
Так-так-так.
Айдап бақ,
Рузуттак
Трат-тат-тат!»
Осы үзіндінің формасынан бұрынғы қазақ өлеңдерінің формасына келмейтін, жаңа екпін, жаңа ырғақ, жаңа түрді көреміз. Бұл, әрине, жаңа құбылысты беру үшін алынған С.Сейфуллиннің новаторлық ізденушілігінен туған форма. Бұл форма өмір шындығының революциялық пафосын көрсетуге қызмет етіп тұр. Алайда, әсіресе, 20-жылдары осы сияқты жаңа құбылыстарды жаңаша жырлауда формалистік кемшіліктердің болғандығын атамауға болмайды. Әсіресе, завод, фабрика, шахталардағы қызу еңбек процесін көрсетемін деп дыбыс үнін қуалаушылық сол кездегі көптеген ақындарға тән кемшілік еді. Мысалы, Т.Жароковтың «Жүрек» атты өлеңінде завод станоктарын бейнелеуі былай болып келеді:
Тетік көп
Бент билеп,
Дөңгелек
Меңберет!
Кұс білек
Күштірек,
Күшті леп
Күш гудок
Бұл жүрек
Мың тілек
Бір тілек
Бір жүрек
Осы сияқты мазмұны жоқ, тек форма қуушылық новаторлық жаңалық енгізген С.Сейфуллиннің өзінде де және сол кездегі жас ақындар: Ж.Сыздықовта, Қ.Әбдіқадыровта, Ә.Тәжібаевта кездеседі.
Әрине, мазмұнынан форманы бөліп тастап, бірыңғай форма қуу қазақ жазушыларының шығармаларындағы іздену жолында болған өткінші ғана кемшіліктер еді.
Социалистік реализм әдісінің принципі формализммен қатар, өмірді дәл қалпында суреттейміз деген ұғыммен, өмірді фотографиялық түрде көрсететін натурализмді де мансұқ етеді. Әдебиеттің формасын қызықтап кететін формалистер әдетте өмірді натуралистік үлгіде көрсетуге әуес келеді. Формализм мен натурализм өзі бір-бірінен жырақ кетпей, іштей қабысып жатады. Натурализм – жазушының өмір шындығының ең маңызды, басты құбылысын дамыта, өрістете, кеңейте алуына мүмкіндік бермейді. Реалистік шығармаларда типті құбылыстар жеке-дара (индивидуальное) арқылы жинақталып (обобщенное) көрінсе, натуралистер типті образ жасауға жете алмайды. Олар басты нәрседен көрі жеке детальдарға қоғам өміріндегі кездейсоқ жайларға әуес. Осы ретте А.Н.Толстойдың жазушылардың Бүкіл одақтық I съезінде (1934) нағыз реализм мен натурализмнің айырмашылығы туралы айтқан мына бір пікірін мысалға келтірсек артығы болмас дейміз. Жаңбырлатып, лайсаңмен бір кісі келе жатыр. Әбден шаршаған. Күн суық, ауа дымқыл. Егерде осы көріністі натуралист бейнелесе ол алдымен жаңбырды, лайсаңды байқар еді. Ал реалист-суретші суыққа, лайсаңға бой бермей, шаршаса да қайыспай келе жатқан қажырлы адамды байқар еді дейді.
А.Н.Толстой натурализм мен реализмнің арасындағы айырмашылықты осы мысал арқылы шебер айтып берді. Натуралистер өмірді сол болған қалпында көрсетеміз деп шындықты бұрмалайды. Олай болса, натурализм әдебиеттің партиялылығына, демек, социалистік мазмұнына қайшы әдіс.
Натурализм буржуазиялық ортада саналы түрде жүзеге асырылады. Ал социалистік мазмұнды әдебиеттің табиғатына ол жат, демек, натуралистік шығарманың қандайы болса да қатты сыналып отырады.
Кейіпкерлерге кейде ұлттық колорит береміз деп өмірдегі болған нәрсенің барлығын талғамай, таңдамай ала берушілік, типті штрихтердің орнына өмірдегі кездейсоқ детальдарды алушылық, әдеби тілдің нормасынан ауытқушылықтың барлығы, әдебиеттің партиялық принципіне қайшы келеді, формализмге, натурализмге апарып соғады.
Сол сияқты схема бойынша кұрылған образ да, схемамен жазылған көркем шығарма да өмір шындығын бұрмалап, теріс көрсетеді.
Схема бар жерде еш уақытта реалистік образ болмайды. Тақырыбының актуалдығына қарамай, соңғы жылдары өндіріс тақырыбынан жазылған X.Бекхожиннің «Ақан Ахтаев», Т.Жароковтың «Қырда туған құрыш» т.б. поэмалары да схемаға ұрынғандықтан өздерінің бұрынғы жазған «Мариям Жагорқызы», «Тасқын» сияқты реалистік шығармаларының дәрежесіне де жете алмады. Жоғарыда аталған екі поэма тартысының схемаға құрылуы кейіпкерлердің де жансыз көрінуіне мәжбүр етеді. Мысалы, «Ақан Ахтаев» поэмасының бас кезінде-ақ оқушы Асия мен Ақанның арасында бір түсініспестіктің шыққанын біліп отырады. Ақын оны қыз бен жігіттің аузынан шыққан мынадай сөздер арқылы байқатады. Сүйгісі келген Ақанға Асия:
Достарыңызбен бөлісу: |