Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет36/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Үйде от жоқ,
Үйткені отын және жоқ.
Тоқтар тоқ боп,
Жоқтарда баспана жоқ18,
деп жазды.
Осы екі өлеңнің екеуінде де болған нәрсені сол қалпьнда көрсету бар да, өмірді ертеңгі күннің тұрғысынан, революциялық даму тұрғысынан бағалау жоқ.
Басқа замандастары теңдік алып жатқанда Жамал неге талпынбайды, бас бостандығы үшін неге күреспейді? Әлде заман кінәлі ма? Жоқ.
Заман осы Жамал сияқты әйелдерге жағдай тудырып, ерік беріп отыр. Ендеше, Жамалдың өзі кінәлі ма? Кінәлі болса, ақын оның осы жасықтығын сынап, көкірек көзін ашуы керек еді. Немесе жауын күнгі қиындықты суреттегенде ақын не айтпақ болды?
Ақын Жамалдың бас бостандығы үшін күресіп, жауын күнгі қиналған мал-жан, жылаған бала, берекені алған жауынды емес, сол теңсіздікке қарсы күрескен, қиындыққа мойымаған адамды жырлауы керек еді. Алдында ғана Күләнданың немесе «Жалшы баланың» жайын сөз еткенде дұрыс идеялық позициядан шығып отырған ақын, бұл жерде мүлт басады. Буржуазияшыл символист ақындарша жылау-сықтауға жол беріп, социалистік реализм әдісінің оптимистік принципіне қайшы шығармалар жазады. Дегенмен бұл сияқты бірді-екілі өлең оның бүкіл творчествосындағы партиялық бағытты, революциялық рухты жоққа шығара алмайтыны түсінікті.
Жалпы айтқанда, ауыл өмірін, ел тіршілігін жырына арқау еткен ақын ауылдағы болған оқиғалардың құбылыстардың сыртында қалмай, оған іштей араласып, ол арқылы революция рухын, заман тынысын танытады.
Өкімет еңбекші бұқараның қолына 1917 жылы көшсе де, 20-жылдары қазақ ауылының біраз аймақтарында байлар өмір сүріп келді. Әрине, олардың бұрынғы өктемдігі, билігі жоқ, әйткенмен тізгінді қолдан шығармауға тырысып, айла-амал жасап, өз саясаттарын астыртын жүргізіп жатты. Совет өкіметі оларды бірте-бірте тежеп, еңбекші бұқараның таптық санасының жетіле түсуіне түрлі шаралар жүргізді. Рас, көптеген жұмысшылар, шаруалар революцияға тікелей араласып, совет өкіметін өз қолдарымен құрса, әсіресе бұрынғы отар болып келген елдердің шаруалары арасында таптық санасы ояна қоймаған, әлі де байдың есігінде жүріп күн кешкендері де болды. Мұндай жағдайлар совет ақындарының назарынан тыс қала алмады. Конфиске қарсаңындағы байлар мен ишан молдалар барар жер, басар тау таба алмай, берекесі кете бастағанын, осы бір қарсаңдағы әлгі жалшылар психологиясының да өзгеріп, санасына жарық сәуле ене бастағанын ақындар тағы жырына қосты.
Ілиястың «Бай бәйбіше» деген өлеңіндегі бай үйінің жалшысы Қосай да малды тастап, қосшылар ұйымының тойына аттанып кете барады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет