Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет60/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Алайын бәрін тазалап77, –
деп ескілік атаулының бәрін осы сабынмен жуып, тазалап, жаңартып алмақшы.
Ілияс Жансүгіров лирикасының негізгі бір жетістігі – өлең композициясын шебер құра білуінде. «Көлге», «Сабын» сияқты көптеген лирикалық өлеңдерінде ойы мен құнарлы тілі, шыншыл сезіміне композициялық ширақтығы дәл келеді. Бірақ ақын кейбір лирикалық шығармаларында ішкі мотивті шамадан тыс көбейтіп не қайталап, оқушының түйсігіне әсер ету жағынан алғашқы шығармаларындай емес, солғын тартатын кездері де болып отырады. Мысалы: «Қойшы ойы» атты өлеңінде ақынның айтайын деген ойы негізінде жаңа қоғам орнатқан жұмысшы мен шаруаларға қазақтың бақташысы да келіп қосылып, ойы мен арманы, тілегі бір екенін сездіреді. Лирикалық герой былай дейді:
Балғаның оракпенен ортасына
Қояйын мен де апарып таяғымды78.

Осы ой, осы сезімді айту үшін ақын өлең композициясын бірнеше мотивке ауыстырып құрады. Өлеңде бай ауылының қонысын, түнгі жаңбырда қой күзеткен қойшының тоңғанын, таңғы желмен ыққан қойды қайырып, таң ата ғана тізе бүккенін суреттеп келе жатып, ақын ол мотивін өзгертіп, енді лирикалық геройдың ата-анасының құл, күң болғанын, ауыр тұрмысын айтуға ойысады. Артынша бұл мотивті де өзгертіп:


Болатын дүние сарсаң туған шақта,


Өткемін отын жастық, құм құндақта;
Жер теуіп, темір өкшем балға болған,
Иленген тікен, шеңгел бұл құшақта79, –
деп басынан кешкен қиындығын айтады. Көп ұзамай бұл мотив те өзгеріп, қойшы герой өзін байдың Керім деген мырзасымен салыстырады. Сәлден кейін бұл мотив тағы да өзгеріп, лирикалық герой дүние жүзі еңбекшілері туралы:

Қыруар қытайдағы қиналған жұрт,


Құл негр құм қыдырған бауырым
менің80, –
деп толғап келеді де, жастық шағын тағы да еске алады.
Міне, осындай әлденеше мотивтер өлеңнің бүкіл ішкі композициялық құрылысына тығыз байланыспай, ой да, сезім де шашыраңқылау шыққан.
Әрине, белгілі бір ойды, сезімді ақын бір өлеңде бір ғана мотивпен бере ме, жоқ бірнеше мотив арқылы бере ме ол шығарманың тақырыбына, жазушының алдына қойған мақсатына байланысты. Өлеңнің композициясын да соған орай құрады. Біз жоғарыда мысалға алған екі өлеңнің екеуінде де лирикаға тән композицияны байқаймыз. Бұл ақынның шеберлігіне байланысты жай. I.Жансүгіров лирикалық поэзияның композициясын ең алдымен адал сезім, салмақты оймен айқын бейнелеуге, сара сөзге бағындырады. Бұлар диалектикалық бір тұтастықта болады. Бірақ, ақынның барлық өлеңдері осындай берік тұтастық тауып кете бермейді. Кейде өлеңдегі композициялық тұтастық ыдырап, бір мотивтен екінші мотивке ауысуы өзінің ішкі заңдылығын жоғалтады да, сөз образдарының арқауы босап, өлеңнің эмоциялық әсері әлсіреп кетеді. Әсіресе, ауыз әдебиеті үлгісінде, яғни жыр, толғау үлгісінде жазылған өлеңдерінде композициялық құрылысы ширақ келмей, ішкі мотиві ауысып, әр мотив белгілі бір түйінді ойды толық жеткізуден көрі әр түрлі ойдың басын бір шалып, ыдырап жататын жайы байқалады. Әдетте ауыз әдебиеті үлгілеріндегі жыр, терме, толғауларда ұшырасатын бұл жайлар ақын творчествосына кейде көлеңкесін түсіреді.
Ал, мазмұнына түрі сай келген өлеңдерінде I.Жансүгіров жазба әдебиеттің өресі жеткен биікке көтерілді.

* * *
Ілияс басқа да көптеген совет ақындары сияқты өмірдегі болып жатқан құбылысқа, жаңа мен ескінің арасындағы күреске, жаңа өмірді жасаудағы жетістіктер мен кемшіліктерге соқпай кете алмайды. Ақын бірде қуанса, бірде мәз болса, енді бірде ызаланып, ашына сөйлейді, әлде кімді түйреп кетеді. Бір нәрсені жақсы көрсе, екінші бір нәрсені жек көреді. Кейбір көркемдігі жетпеген шығармаларында болмаса, негізінен алғанда, өз лирикасында ақын құбылысқа селқос, бейжай қарамайды. Өмірмен біте қайнасып, оны поэзияда көрсете білетін құдірет – шын ақындарда ғана болатын шарт іспетті. Яғни ақын жанының барлық күйі оның поэзиясында анық көрінуі тиіс. Өмір көрінісін, адамның жан сезімін беруде Жансүгіров лирикасына тек реалистік үлгі ғана тән емес, сонымен бірге романтикалық көтеріңкі леп те арқауын үзбей жүріп отырады. Бұл революция, еңбек адамдары, халықаралық тақырыптар мен табиғат бейнесін жырлайтын лирикалық шығармаларында, әсіресе, мол көрінеді.


Ілгеріде сөз болған «Ақынға», «Ызалы қиял» атты бұлдыр символизмге ұрынған бірлі-жарымды өлеңдері болмаса, өмір құбылысына жаңа коммунистік тұрғыдан қарайтын еңбек, жаңа үшін күрес романтикасы – революциялық романтика ақынға еш уақытта жат болған емес.
Лирикалық характерді беруде совет ақындары әртүрлі жолдарды таңдап, талғап ала береді. Міне, осы іздену, талғау Ілиястың басында да болған. Ол бірде өз ойын, өз көңіл-күйін, өмірге деген көзқарасын табиғат құбылысы арқылы берсе, енді бірде ақынның өз «мені» арқылы береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет