Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М


«Жетісу көріністері» Ілиястың ақындық талантын зор көлемде танытқан, оның алғашқы кезеңіне түйін жасаған шығармасы болды



бет57/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

«Жетісу көріністері» Ілиястың ақындық талантын зор көлемде танытқан, оның алғашқы кезеңіне түйін жасаған шығармасы болды.
«Жетісу көрінісінен» кейін Ілияс табиғат туралы бірлі-жарым болмаса, арнайы өлеңді көп жазбайды. Бірақ табиғат бейнесін жырлау ақынның программасынан еш түскен емес. Бұдан былай ақын «Жорық», «Күйші», «Құлагер» атты поэмаларында табиғат құбылысының алуан сипаттарын белгілі бір оқиғаға, кейіпкерінің жан-құбылысына байланыстыра, эпикалық серпін мен лирикалық жылы лепті ұштастыра береді. Бұл ретте «Құлагер» поэмасындағы Көкшетаудың сипатына арналған бейнелеулерді ерекше атауға болады.
Рас, бұл поэмада Ілиястың ертеректе жазылған лирикалық өлеңдерінде көрінетін табиғат суреттері ептеп мұнда да ұшырасып отырады. Бірақ ақын өзін-өзі қайталамайды.


Көк орман, көркем тоғай маужыраған,
Сұлудың көзіндей көл жаудыраған.
Малта тас, маржан, ахық, меруерт тас
Төгіліп көл жиекке саудыраған.


Көк кілем, балаусасы балбыраған,
Көк жібек жапырағы жалбыраған,
Ақ қант аспандағы сонда жауып,
Бал бұлақ таудан, тастан орғылаған...


...Көкшетау жер жәннәті жеке біткен,
Жомарт тау дастарқанды, момақан тау,
Бұл сұлу кең далада бойын күткен.
Шипа тау тазартатын барлық дерттен74.


Осы шумақтарда Көкшетаудың әсем суретін ақын әңгімелей айтқанның өзінде «ақ қант», «бал бұлақтары» мен бойын күткен сұлу қызға теңеп, дастарқан жомарттығы, тағы да басқа асыл қасиеттерінің барлығы таудың көркем образын жасап тұрады.
І.Жансүгіровтің Көкшетау туралы жазған образды шумақтарында өзіндік ізденістен туған, тың соқпақтарымен қатар кейде С.Сейфуллиннің «Көкшетау» (1928) поэмасындағы көркемдіктермен ұштасып, астасып жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет