Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет69/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Санамен салмақтаған ер табылса,
Айтылмай неге қалсын менің атым54, –
деп өзі айтқандай, Ақан сері көркем шығарманың кейіпкеріне айналуы да тегін емес-ті.


Тағы да үздік шыққан одан әрі,
Зарланған сорлы мінез Ақан сері.
Зарлы әнмен, көркем күймен, шерлі
өлеңмен
Шарықтап өрлеп көкке шыққан сері...55,
деп Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасында жырына қосты.
Ақан туралы алғаш поэма I.Жансүгірозтің «Құлагері» болды. Кейін Ғабит Мүсірепов «Ақан сері - Ақтоқты» атты пьеса, Айтбай Хангелдин «Ақан сері» деген поэма жазды.
«Құлагер» поэмасының «Ақан» атты бөлімінде І.Жансүгіров Ақанның бойынан Лермонтовқа ұқсас бір жақындық табады. Ол жақындық ақындығы ғана емес, Лермонтов та замана, өмір туралы көкірегі қарыс айрылып, аһ ұрып, зарланып, жалғыздықтың тақсіретін тартқан ақын. Оның өз тұсындағы ел билеген ортаға деген наразылығы қайғы мен мұңға, өкінішке толы өлеңдерімен берілген. Лермонтовтың өз ортасына көңілі толмаған жайын дұрыс түсінген I.Жансүгіров Ақанның бойынан да сондай қасиеттер табады. Мүмкін Ақан Лермонтовтай ұлы дәрежесіне көтерілмеген жан шығар, бірақ өз ортасында Ақанның бойынан да үлкен өнер табылған.
I.Жансүгіров өнер иесі Ақанның өмір сүрген «ортасын олқы көріп», күйініп ызаға булыққан, заманның әділетсіздігіне қарсы арпалысқан мінезін Лермонтовтың мінезіне ұқсатады. Ақан серінің мұндай күйге түсуін ақын поэмасының басында қысқа түйіп, айтып кетеді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет