Тіл дамытудың дифференциация мен интеграция ұстанымы. Ғалымдар тілдік әрекеттің әрқайсысының өзіндік тәсілдері, ерекшеліктері бар екендігін айтады. Мысалы, ауызша сөйлеу тілі мен жазбаша тілдің айырмашылықтары т.б.
Студент тілін дамытуда оның сөйлеу тіліне яғни мәдениетті сөйлеуіне тереңірек көңіл бөліп, түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалануға болады. Сол сияқты жазбаша тілге қатысты жұмыс түрлеріне баса назар аударылады. Студент тілін дамытуда бұл екі мәселе тығыз бірлікте алынып, интеграция жолымен де жүргізіледі. Болашақ қазақ тілі мен әдебиеттің маманы екі пәнді де оқытатындықтан, тіл дамыту жұмысын көркем әдебиетпен байланыстырп, яғни әдеби шығармаларды пайдаланып, интеграция жолымен жүргізілетін жұмыстар нәтиежелі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |