Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


II. 3.2.2 - тармақша. Қатысымдық құзыреттілік



бет30/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә

II. 3.2.2 - тармақша. Қатысымдық құзыреттілік.
Кейбір әдіскерлердің ойынша, қатысымдық құзыреттілік күрделі көп компоентті білім жүйесі болып табылады. Олар оның құрамына лингвистикалық, пәндік эленметтерді жатқызса, Т.И.Капитанова т.б. қатысымдық құзыреттіліктің бөлек компоннентерін дербес құзыреттілік ретінде қарастырады [3].

«Қатысымдық құзыреттілік» термині түрлі мағыналарға ие. Қатысымдық құзыреттілік дегеніміз – оқушының нақты қатысымдық жағдайларда адекватты түрде қарым – қатынас жасауға қабілеттілігі және оның қарым – қатынаста әлеуметтік – мәдени нормаларын сақтай отырып, ұйымдастыру біліктілігі. Кейбір ғалымдар «коммуникативтік» және «құзыреттілік» ұғымдарын өзара байланыстырады. Тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігі адамдармен байланысқа түскен кезде толық ашылады. Әсіресе адамдармен тіл табысуда өз көзқарасын дәлелдеуі керек.

А.Б.Добрович қатысымдық құзыреттілікті тұрақты түрде қарым – қатынасқа дайын болу ретінде қарастырады. Оны ғалым ақыл – ес және ойлау тұрғысынан түсіндіреді. Ойлай білген адам әр уақытта қарым – қатынасқа дайын болуы қажет. Ол түрлі жағдаяттарда қарым – қатынасқа түсе білуі қажет деп санайды.

В.А.Кан – Калик, Н.Д.Никандров қатысымдық құзыреттілікке «адамның күнделікті қызметінің бір бөлігі» деп анықтама береді. Олар адамдардың көбі қатысымдық актіні қалай қолдану керектігін ойламайды. Ол үшін белгілі бір іскерлік пен дағды болуы қажет. Сонда ғана қатысымдық құзыреттілікті қалыптастыруға болады деген пікір ұсынады.

Педагогика – психологиялық зерттеулер қатысымдық құзыреттілікке жататын төмендегідей компоненттерді атап көрсетедеі


  • эмоциональдық (адамның басқаға деген эмоционалдық көңіл – күйі, түсінушілігі, аяушылығы, көңілі, т.б.);

  • когнитивті (басқаның мінезін түсіну арқылы адамдар арасындағы әр түрлі жағдаяттарды шеше білуі, т.б.);

  • мінез – құлықтық (бірлесіп жұмыс істей білу, қарым – қатынаста түсіністік таныту, ұйымдастыра алу, т.б).

Сонымен қатысымдық құзыреттілікті қалыптастыру дегеніміз – оқушыны қоғамдағы ережелер мен нормаларды дұрыс орындауға мүмкіндік беретін қатысымдық іскерліктерге үйрету. Қатысымдық құзыреттілік – қоғамдық өмірдегі заңдылықтар мен ережелерді адамның орындай білу дағдысы [8].

Оқушының дара тұлға ретінде кез келген жағдаятта, кез келген тақырыпта өз ойын еркін, жүйелі жеткізіп, бір ойдан екінші ойға бірден көшіп, кез келген адаммен еркін, ортақ тіл табыса алса, оның қатысымдық құзыреттілігінің деңгейі байқалады. Құзыреттілік – белгілі бір саладғы іс - әрекетке қатысты жинақталған білім, білік, дағдысы, тәжірибесі болса, коммуникация – қарым – қатынас, өзара пікірлесу, сөйлесу, ұғынысу дегенді біліреді. Демек, қатысымдық құзыреттілікті – бұл өзара байланыс, пікірлесу, сөйлесуге қатысты коммуникаттардың жинақталған білім, білік, дағдылармен қарулануы, білімдік қатысымды меңгеруі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет