1- тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.
қайраткер – деятель
көрнекті –
видный
кеңшар – совхоз
түсті металдар – цветные металлы
зерек – понятливый; сообразительный; смышленый; способный
тығыз – тесно
байланысты –
связанный
болжам – версия; гипотеза
негізін салушы – основоположник
кеніш – рудник
енгізу – внедрить
үлес –
вклад
жер қойнауын қорғау – охрана недр
пайдалы қазбалардың болжам карталары – прогнозные карты полезных ископаемых
ОҚЫЛЫМ
2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз
ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ
Аса көрнекті ғалым, геолог, мемлекет қайраткері, Лениндік /1957/ және Мемлекеттік
сыйлықтардың лауреаты, Қазақ Ғылым Академиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш президенті, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы кеңшарда дүниеге келді.
Қаныш бала күнінен-ақ зерек, ауылдағы құрбы-құрдастарының арасында ерекше бала болып өсті. Ол ауылдық мектептен кейін Павлодардағы екі жылдық орыс-қазақ училищесін, одан соң 1914 жылы Қаныш Семей педагогикалық семинариясына түсті. Оқытушылар семинариясында Қаныш үлгілі әрі озат оқыды. Осында топ жарған жастардың қатарында Мұхтар Әуезов те бар еді. Олар экономика, мәдениет саласынан мағыналы да саналы білім алуға өте құштар болды.
Одан кейін Қаныш Сәтбаев Томскінің технологиялық институтына түсіп, оны 1926 жылы бітірді. Қаныш Имантайұлы еңбек жолын Атбасар түсті металдар трестінде инженер-геолог болып бастады. Кейіннен Қарсақбай кен комбинатында геологиялық
барлау бөлімінің бастығы, бас геолог қызметінде болды. 1941 жылы Алматыға қызметке шақырылып, геологиялық ғылымдар институтының директоры болып тағайындалды.
Қ.И. Сәтбаев геолог ретінде ең алғашқы зерттеу жұмыстарын Қарсақбай, Темір, Жезқазған, Атбасар, Спасск кен орындарын зерттеуден бастады. Атасу, Аят темір кенін,
Қорғасын, Үлкен Жезқазған полиметалын, Кендірлі аймағының қоңыр көмірі мен Қаратаудың ванадий кеніштеріне барлау жасап, Ұлытаудың ұлан-ғайыр даласын аралап, өзендері мен оның құяр сағаларын зерттеді.
Негізгі ғылыми еңбегін Қазақстан кен орындарының геологиясына,
минералдық қорларын зерттеуге, пайдалы қазбалардың болжам карталарын жасауға арнады. Ол 640-тан аса ғылыми еңбектің авторы. Қаныш Имантайұлы – рудалы кендердің пайда болуы және олардың жер қойнауында орналасу, таралу заңдылықтарын зерттейтін Қазақстанның металлогения ғылымының негізін салушы. Сәтбаев еңбектері ғылымға зор жаңалықтар енгізді. Қазақстан геологиясын осы заманғы биік сатыға көтерді. Халқымыздың адал перзенті Қаныш Имантайұлына 1942 жылы Жезқазған жеріндегі кенді зерттеудегі зор еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Сәтбаевтың қолдауымен 1948 жылы Алматыда Орта Азия геофизика тресі ашылды. 1956 жылы Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі ұйымдастырылды. Академик Сәтбаевтың ауыр өнеркәсіптің материалдық базасын нығайтудағы ересен еңбегін бүкіл елі мақтан етеді. Ғұлама ғалым Қазақстан мәдениеті мен өнерінің, әдебиетінің зор қамқоршысы, ақылшысы болды.
Геология ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Қаратаудан табылған, бұрын ғылымда белгісіз болып келген минералға "Сатпаевит" деген ат берілді. Сонымен қоса Жоңғар Алатауындағы
биік шың мен мұздық, ҚР ҰҒА Геологиялық ғылымдар институты, Жезқазған кен металлургия комбинаты, Орталық Қазақстандағы бір қала, бірнеше мектеп пен көшелер, өзі туған ауыл Сәтбаев есімімен аталады (А.Асқаров. Ұлы Тұранның ұлдары)
АЙТЫЛЫМ
Достарыңызбен бөлісу: