Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы



Pdf көрінісі
бет68/72
Дата29.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155534
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы

Конфликтіні реттеу-
оппоненттер арасындағы қайшылықтарды үшінші жақтың қатысуымен жою. 
Мұндай іс-әрекетті медиация деп атау қабылданған. 
Медиация-
үшінші жақтың 
қатысуымен конфликтіге түсуші жақтардың проблемалық конфлитктіні 
тоқтатуға мүмкіндік беретін шешімін табу процесін қолайландырумен
сипатталатын іс-әрекеттің арнайы түрі. 
Медиация конфликтілерді шешудің ең ежелгі және жалпыға бірдей 
тәсілдерінің бірі болып табылады. Ол Қытайда, Африка елдерінде болды, бұл 
елдерде тайпа немесе ру басылары проблеманы конфликтілі ситуацияларды 
конфликтісіз шешуді қамтамасыз ете отырып, өзінше бір кәсіби медиаторлар 
ретінде болды. Қоғамдық мәнді іс-әрекет ретінде медиация 60-жылдардың
басында АҚШ-та қалыптасты. 
Конфликтіде кім үшінші жақтың рөлінде бола алады? Формальді немесе 
ресми медиаторлық медиаторда нормативті мәртебенің немесе оппоненттерге 
ықпал ету мүмкіндіктерінің болуын ұйғарады. Формальді емес, ресми емес 
медиаторлық медиатордың нормативті мәртебесінің жоқтығымен
сипатталады, бірақ конфликтіге қатысушылар осы тәріздес проблемаларды 
шешуде осы адамдардың формальді емес беделін мойындайды. 
Ресми медиаторлар ретінде мыналар болуы мүмкін: мемлекетаралық 
ұйымдар (мысалы, БҰҰ және т.б.); жекелеген мемлекеттер; мемлекеттік құқық 
институттары (арбитратдық сот, прокуратура және т.б.); үкіметтік немесе басқа 
да мемлекеттік комиссиялар (ереуілдерді реттеу үшін құрылған және т.б.); 
құқық қорғау органдарының өкілдері (мысалы, қандай да бір тұрмыстық
конфликтіге қатысты участкілік милиционер); кісіпорындардың , 
мекемелердің, фирмалардың басшылары және т.с.с.); қоғамдық ұйымдар 
(еңбек таластары мен конфликтілерді шешуге байланысты комиссиялар, 
кәсіподақ ұйымдары және т.с.с.); кәсіби медиаторлар – конфликтологтар . 
Ресми емес медиаторлар болып әдетте мыналар табылады: қоғамдық 
маңызды қызметтерде табыстарға жеткен белгілі; атақты адамдар 
(саясаткерлер, бұрынғы мемлекет қайраткерлері); діни ұйымдар өкілдері; 
шамандар (Ресейдің Қиыр Солтүстігіндегі халықтарда); психологтар, 
педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер; әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік
топтардың формалды емес лидерлері; жасы үлкендер (анасы, әкесі, апасы, 
және т.б.) достар, көршілер конфликтінің жай ғана куәгері. 
Конфликтілі қатынастарды реттеуге үшінші жақтың қатысуының 
пайдасы оппоненттер үшінші жақтың көмегіне жүгінеді ме немесе ол 
конфликтіге өзі араласты ма, соған байланысты. Жақтар мадиаторға мынандай 
жағдайларда өздері жүгінеді. 
1.
Реттеу объектісі ұзаққа созылған конфликт болып табылады. Барлық 
аргументтер, күштер, құралдар таусылған, бірақ жол тауып шығу 
байқалмайды. 


2.
Жақтар қарама-қарсы , өзара, бірін-бірі жоққа шығаратын мүдделерді 
жақтайды және қақтығысудың ортақ нүктелерін таба алмайды. 
3.
Конфликтіні шешуде негізгілер болып табылатын құқықтық нормаларды, 
немесе басқа да критерийлерді әр түрлі түсіндіру. 
4.
Екі жақтың біріне маңызды зиян келтірілген және ол оппонентке 
қатысты жазалау шарасын талап етеді. 
5.
Жақтарға жақсы арақатынастарды сақтау қажет, конфликт қарқынды 
емес, бірақ олар өзарақолайлы шешім таба алмайды. 
6.
Оппоненттер уақытша келісімге келді, бірақ оны орындауды сырттай 
объективті қадағалау қажет. 
Конфликтіге үшінші жақтың жедел өз бетінше араласуы мынандай
ситуацияларда қажет:
- Конфликтілі оқиғалардың қауіпті эскалоциясы болады, зорлық- 
зомбылық, күш қолданудың тікелей қаупі бар болғанда; 
5.
Екі жақтың бірі бастырмалатып күш қолданғанда; 
6.
Үшінші жаққа бұл конфликт қолайсыз, пайдасыз болғанда;
- Конфликт үшінші жақ қадағалайтын ортаға жағымсыз ықпал еткнде 
(басшы ұжымға жағымсыз ықпал ететін конфликтіні реттеуге мәжбүр болады);
- Жақтар келісімге келген жоқ, ал үшінші жақтың екі жақтың да 
мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндігі болған кезде. 
Медиатордың қабылданған шешімді қадағалау дәрежесіне қарай үшінші 
жақтың конфликтідегі бірнеше рөлін бөліп көрсетеді: аралық сот, арбитр, 
делдал, көмекші және бақылаушы. 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет