Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы


Проблеманы шешуден кету, немесе қашу



Pdf көрінісі
бет71/72
Дата29.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155534
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы

Проблеманы шешуден кету, немесе қашу, 
шығын аз болып тұрған кезде 
конфликтіден шығу әрекеті болып табылады. Конфликт барысындағы осы 
тәріздес мінез-құлық стратегиясынан ерекшелігі сол, мұнда оппонент оған өз 
мүдделерін белсенді стратегиялардың көмегімен іске асыру әрекеттері сәтсіз 
болғаннан кейін өтеді. Дұрысын айтқанда, әңгіме конфликтінің шешілуі 
жайында емес, оның сөнуі жайында болып отыр. Қашу қайшылықтарды шешу 
үшін күш пен уақыттың жоқтығы, уақыт ұтуға ұмтылу, өз мінез-құлық бағытын 
анықтауда қиындықтардың болуы, проблеманы мүлдем шешкісі келмеу кезінде 
қолданылады. 
Ынтымақтастық 
оппоненттердің конфликтідегі барлық жақтың мүдделерін 
қанағаттандыратын шешімді бірлесіп іздеуге бағдарланумен сипатталатын 
мінез-құлықтың ең тиімді, кооперативті стратегиясы. Оппоненттердің 
проблеманы конструктивті талқылауға бағыттылығын, екінші жаққа қарсылас 
ретінде емес, шешім іздеудегі одақтас ретінде қарауды шамалайды. Мынадай 
ситуациялар ең тиімді: оппоненттердің өзаратәуелділігі; күшті болғанда; екі 
жақ та биліктегі айырмашылықтарды елемеуге бейім болғанда; шешімнің екі 
жақ үшін де маңызды болғанында; қатысушылардың күні бұрын кесіп-пішіп 
қоймауы кезінде. 
Басшы мен бағынушы арасындағы конфликтілерді шешуді зерттеу олардың 
үштен бір бөлігі ымыраға келумен аяқталатынын көрсетті. Осы 
конфликтілердің үштен екісі көнумен көбінесе бағынушының аяқталады. 
Конфликтілердің тек 1-2%-і ғана ынтымақтастық жолымен аяқталады.
Енді конфликтіні шешудің ең конструктивті тәсілдері ретінде ымыраға
келу мен ынтымақтастықтың негізгі технологияларын қысқаша сипаттап
өтейік 
Ымыраға келудің негізінде «жақындасуға жол беру» немесе тағы да 
«саудаласу» деп аталатын технология жатыр.Ымыраға келудің кемшіліктері
бар деп есептеледі, әсіресе мынандай: позицияға байлнысты таластар 
қысқарған келісімдерге әкеледі; айла іздеуге негіз пайда болады
қатынастардың нашарлауы мүмкін, өйткені қауіп-қатер, қысым 
байланыстардың үзілуі болуы мүмкін; бірнеше жақтардың болуы ке кезінде
саудаласу күрделене, қиындай түседі және т.с.с. Лоуэллдің пікірінше, 
«ымыраға келу-жақсы қолшатыр , бірақ нашар төбе; қандай да бір уақытқа ол 
пайдалы; көбінесе партиялар арасындағы күреске қажет, және мемлекет 
басқарушыларға ешқашан қажет емес. 
Сонымен бірге нақты өмірде ымыраға келу жиі қолданылады. Оған қол 
жеткізу үшін ашық әңгіме жүргізу техникасы ұсынылуы мүмкін (Анцупов, 
1993):
1. Конфликтінің екі жаққа да пайда екенін айту. 
2. Конфликтіні тоқтатуды ұсыну. 
3. Конфликтіде жіберілген өз қателіктерін мойындау. Олардың бар болуы 
сөзсіз, және оларды мойындау сіз үшін түкке тұрғысыз. 
4. Оппонентпен конфликтіде сіз үшін негізгі болып табылмайтындарға 
келісім жасау. Кез-келген конфликтіден келісімге келу, көну түкке тұрғысыз 
болып саналатын бірнеше ұсақ-түйектерді табуға болады. Маңызды, бірақ 
принципті емес нәрселерге де көнуге болады. 


5. Оппонент тарапынан қажетті келісімдер жайлы тілектерін айту. Олар 
әдетте, сіздің конфликтідегі негізгі мүдделеріңізге қатысты. 
6. Өзара келісімдерді сабырлы түрде, жағымсыз эмоцияларсыз талқылау, 
қажет және мүмкін болған жағдайда оларды түзету. 
7. Егер келісімге келуге қол жетсе, онда конфликтінің тамамдалғанының 
анықтығына қалай да жету. 
Ынтымақтастық тәсілін «принципті келісімдерге келу» әдісі бойынша 
жүзеге асыру мақсатқа лайық (Фишер, Юри, 1987). Оның принциптері 
мыналар: 
А. Адамдарды проблемадан айыру
: оппонентпен өзарақатынастарды 
проблемадан шектеңіз; өзіңізді оның орнына қойыңыз; өз қауіптеріңіздің
жетегіне бармаңыз; проблеманы реттеуге әзір екеніңізді көрсетіңіз: проблемаға 
қатаң және адамдарға жұмсақ болыңыз. 
Б

Позицияларға емес, мүдделерге көңіл аудару:
«неліктен?» және «неліктен 
жоқ деп сұраңыз; негізгі мүдделер мен олардың көпшілігін тіркеңіз; ортақ 
мүдделерді іздеңіз; сіздің мүдделеріңіздің өміршеңдігі мен маңыздылығын 
түсіндіріңіз ; оппоненттің мүдделерін мойындаңыз. 
В

Өзарапайдалы нұсқаларды ұсыныңыз:
проблемаға бір ғана жауап 
іздемеңіз; нұсқалар іздеуді оларды бағалаудан бөліп алыңыз; проблеманы шешу
нұсқаларының шеңберін кеңейтіңіз; өзара пайда іздеңіз; екінші жақтың нені 
қалайтының анықтаңыз. 
Г

Объективті критерийлерді пайдаланыңыз:
екінші жақтың дәлелдеріне
қалтқысыз болыңыз; қысымға емес тек қана принципке беріңіз; 
проблеманың әр бір бөлігіне байланысты объективті критерийлерді
қолданыңыз; бір неше критерийлер қолданыңыз; әділетті критерийлер
қолданыңыз. 
Конфликті жағдайында эмоциялар маңызды роль ойнайды. Кейде біздің 
эмоцияларымын санаға көнбестен, рационалды емес әрекеттерге дейін апаруы 
мүмкін. Өз эмоцияларын басқара білу адамның оларды дұрыс жаққа бағыттай 
білу біліктілігінде. Эмоцияларға негізделген реакциялар конфликтіге әкеледі, ал 
бұл реакциялар конфликтінің жүру барысында олардың қарама-қарсы 
әрекеттерге ұласуына себепші болады. Оқиғаның осылай іске асуы оппоненттер 
үшін де сонымен қатар ұжым үшін де деструктивті салдар әкеледі.
Сонымен конфликті кезіндегі адамдардың кейбір эмоциялық реакцияларын 
қарастырайық. 
«Мазасыздану» және «мазасыздық» ұғымдарынан бастайық.
Мазасыздық – адамның себебін анық білместен қандай да бір уайымды 
сезінетін психикалық күйі. Бұл эмоциялық күй күйзеліспен, оқиғалардың сәтсіз 
дамуын күтумен ерекшеленеді де белгісіз қауіпті жағдайда пайда болады. Ол 
келесідей эмоциялардан тұрады: қорқыныш, қайғы, ұялу, ашу, кінә, 
қызығушылық пен қозу. 
Мазасыздану – индивидтің мазасыздыққа бейімділігі: өз «Меніне» деген 
қауіпті сезіну оның тұрақты сезіміне айналады. Мазасыз тұлға дүниені 
потенциалды қорқыныш пен қауіп ретінде қабылдайды, және өзінің 
қызығушылықтарын конфликтілерден бойын аулақ ұстай отырып, талар етеді. 
Мазасыздық тұлғаның қасиеті ретінде оның жанжалшыл адам болуына себепші 


болады. Мазасыздықтың жоғары болуы әрбір адамға тән қорғаныс 
механизмдеріне әкеледі.
Эмоциялық регидтілік өзгерген объектіге эмоциялық реакциялардың 
қосарланып жүруімен, тежелгіштікпен ерекшеленеді. Конфликт барысында 
пайда болған ойлар, әрекеттер мен эмоциялар оның қазіргі сәтіне байланысты 
ғана емес, терең сана астарындағы үрдістерге де байланысты болады. Егер біз 
ашу, қорқыныш сияқты эмоциялардың көрініс беруін шектесек, онда 
шындықты адекватты қабылдау қасиетімізді төмендетеміз. Мұндай эмоциялар 
сыртқа шығуды күтіп, жасырын жатады. 
М.С.Мириманованың айтуынша, эмоцияларды басқару көбінесе санасыз іске
асады. Эмоция мен оның сыртқы көрінісінің арасында тікелей байланыс бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет