Мойынқұм ауданы әкімдігі білім бөлімінің,
Балалар мен жасөспірімдер орталығы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«ХІХ-ХХғасырдағы
атақты күйші, композиторлар»
атты авторлық бағдарламасы
«Вокал» үйірмесінің оқушыларына арналған
Авторы: қосымша білім беру мұғалімі:
Кашкенова Ләйлә Калмаганбетқызы
Мойынқұм ауылы
Авторлық бағдарламаның презентациясы: Кашкенова Ләйләның «ХІХ-ХХ ғасырдағы атақты күйші, композиторлар» бағдарламасы жеткіншектерді тәрбиенің мазмұнын халықтық ғасырлар бойы тарихи даму барысында жинаған өнер туындыларын түгел танып, тәлімдік мәні бар шығармаларын терең оқытуға арналған.
Мектепішілік сараптау комиссиясында қаралып, пайдалануға ұсынылған
Хаттама №______ « _________ » ______
Сараптау комиссиясының төрайымы :
Пікір жазған бірлестік жетекшісі :
ПІКІР
Кашкенова Ләйләның «ХІХ-ХХ ғасырдағы атақты күйші, композиторлар» бағдарламасы жеткіншектерді тәрбиенің мазмұнын халықтық ғасырлар бойы тарихи даму барысында жинаған өнер туындыларын түгел танып, тәлімдік мәні бар шығармаларын терең оқытуға арналған.
Қазіргі заман талабына сай атақ-даңқы байтақ далаға тараған халық музыканттарының орындаушылық шебері шарықтауға шегіне жеткен және аса үздік, дарынды профессионал әнші – композиторлар мен күйші композиторлар өмір сүрген олардың творчествосын дәуірлеген кезеңдерін жете меңгеру үшін өз ұлты мен тіліне деген оқушыларлдың сүйіспеншілігін арттыру үшін бағдарламаның маңызы зор.
ХІХ-ХХ ғасырдағы ақындар, күйшілер шығармашылығына көңіл бөлініп, зерттеу мақалаларымен сабақтаса берілген.
Оқушыларға үздік дарын – таланттарымен, әлеуметтік және эстетикалық талап талғанымен нәзік сезінген халық композиторларының көркемдік мәнері бай, әр қайсысың өзіндік дербес стильді шығармаларынан терең білім беруге, ой-өрісін кеңейтуге негізделген.
Пікір жазған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің бірлестік жетекшісі:
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты елімізде оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қайта түлету процесі жүріп жатқаны мәлім. Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениетке кірігуі заңды құбылыс.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған баяндамасында «Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс» - деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның мүмкіндігі мен мақсатын айқындап берген болатын. Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы заң», «Қазақстан республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «қазақстан республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарға айрықша көңіл бөлген.
Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастырутыруға тікелей байланысты.
Музыкалық білімнің тәрбиелік мәні адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбие алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірбиені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастыруға тікелей байланысты
.Берілген бағдарламада ХІХ-ХХ ғасырдағы атақты күйші, композиторларларының өмірбаяндары мен шығармалары толық қамтылған. Қазақ халқының музыкалық тәрбиесінің ролі, жеке тұлғаны қалыптастыруда музыканың тәрбиелік мәні өте зор ,кемеңгер ойшыл, дарынды сазгерлердің өмірлері қайраткерлігі тарихи жағынанда әдебиет тұрғысынан да өте қызық. Сондықтан элективті курстың басты мәселелерінің бірі-жасөспірімдерді атақты ақын, күйші-композиторлардың өмірлерімен және шығармашылықтары арқылы тәрбиелеу, жас жеткіншектерді осы шығармаларды оқуға, үйренуге деген құштарлығын, белсенділігін арттыру, дамыту.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Қоғамның негізгі мақсаттарының бірі-мектеп қабырғасында қабілеті анықталған жастардың талаптарын дамыту» керек екен айтылған.
Осы орайда «ХІХ-ХХ ғасырдағы атақты күйші, композиторлар» авторлық бағдарламасының элективті курсын жүргізудің болашақта білімін жалғастырғысы келетін мектеп оқушылары үшін мәні зор.
«ХІХ-ХХ ғасырдағы атақты күйші, композиторлар» бағдарлы курсының мақсаты мен міндеті:
Мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының музыкасы туралы әңгімелеу, аспаптар үнің таныту, олардың шығу тарихын білуге, насихаттауға ,ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу, баланың бойына сіңіру. Халық әндерін , күйлерін тыңдау , талдау, насихаттау. Қасиетті қазақ халқының музыкалық өнерін келешек ұрпаққа көркем-эстетикалық тәрбие беру, өмірі мен шығармашылықтарын терең меңгерту.
Дамытушылық: Атақты ақын, күйші-композиторлардың шығармаларының өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру. Өнерлі әрбір балғын шәкірттің жүрегіне сазгерлердін даралықтарын танытып, шығармаларымен терең таныстыру, әндерін, күйлерін үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларға халық музыкасы арқылы ықыласын көтеруге ықпал ету, сахна
мәдениетін қалыптастыру , ой - өрісін кеңейту, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру,
Міндеттері:
1.Үйірмеге қатысатын оқушыларының музыка өнеріне деген көзқарастарын қалыптастырып, тәрбие құралы ретінде пайдалану, көркем-эстетикалық қызығушылығын арттыру.
2.Теориялық білімдерін практикамен үштастыру, жаңа тақырыптармен таныстыру, сазгерлердсазгерлерд жаңа қырынан таныту.
3.Қазақ елінің ұлы сазгерлердің шығармаларын зерттеп, зерделеу-жас ұрпақ парызы және мәнгілік жалғасатын іс екендігін ұғындыру.
4.Таңдау курсына ден қоюына байланысты оны болашақ көркем-эстетикалық зерттеу еңбектерінде пайдалана отырып, мұғалімдерді даярлау әдіс- тәсілдерін анықтау. Еңбекқорлыққа, саналылыққа тәрбиелеу.
Бұл курс аптасына бір рет, барлығы-34 сағатқа жоспарланған. Курс сабақтары әр түрде өткізіледі: «Ашық ойлар» сабағы, семинар сабақ, «Пайымдау» сабағы, сайыс сабақ, шығармашылық-ізденіс сабақ,саяхат сабақ т.б. Сазгерлердің шығармаларын оқыту қарапайымнан күрделіге қарай оқыту негізінде жасалған.Оқыту оқушы түсінігіне жақын және лайықты ұғымдардан басталады. Балаларға үнемі бағыт-бағдар беріп, өз бетімен ізденіп жұмыс жасау үшін қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады.
Күтілетін нәтиже: «ХІХ-ХХ ғасырдағы атақты күйші, композиторлар» бағдарламасы бойынша жеке тұлға төмендегі білімдерді меңгеріп шығулары керек сазгерлердің өмірбаяны; өмір сүрген ортасы жөніндегі мәліметтер,зерттеулер; шығармаларына талдау жасай білу..
Бағдарламаны оқытудағы қойылған мақсатқа жету әдістері:
1.Тақырып бойынша талдау жасау,курстың мақсаты мен міндеті,аталу себебіне талдау жасау.
2.Мектеп,ауыл,аудан кітапханаларындағы ғылыми және көркем әдебиеттеррді,ғаламторды басшылыққа алу.
3.Сазгерлердін шығармаларымен таныстыра отырып,шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, пәнаралық байланыс жасауға ,тапсырмаларды өзбетімен орындай білуге үйрету.
4. Жеке тұлғаның сазгерлердін рухани жақындасуына ықпал ете отырып,өлеңдері мен шығармалары арқылы игерілген білімнен тәлім-тәрбие алу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар:
1.Тақырыптың мақсаты мен міндетін толық ұғыну.
2.Кітапханалармен байланнныс жасап,ғылыми еңбектермен танысу.
3.Өлеңдерін стильдік,тақырыптық тұрғыда және өлең құрлысына. талдау жасай білу.
4.Әндерді орындауда сахна мәдениетін меңгеру, образдарға кіре білу.
5.Сазгерлердін шығармаларын жатқа айта білу және шығармаларынан тәлім-тәрбие алу.
«ХІХ-ХХ ғасырдағы атақты күйші, композиторлар» бағдарламасының мазмұны.
1-сабақ. «Қазақтың күйшілік өнері»
Достарыңызбен бөлісу: |