Молекулалық биология дәрістер жиынтығы Кіріспе



бет13/44
Дата09.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#131244
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
Байланысты:
molekulalyk biologiya alpamysova gulzhayna

Дәріс жоспары:



  1. Ақуыз компоненттері және олардағы химиялық байланыстар

  2. Ақуыздар құрылымы мен пішіні

  3. Глобулярлы және фибриллярля белоктар

  4. Жаңа ақуыздар мен макромолекулалық агрегаттардың түзілуі.

Белок химиясының тарихы, бәлкім 1745 ж. «Белок ғылым және өнер институтының комментарийларында (хабарламаларында)» итальяндық Я.Бекаридің жарияланған жұмысымен басталған болар. Бидай ұнынан бұрын белгісіз зат алғанын ғалым осы еңбегінде хабарлаған. Бидайдан алынған клейковина (ұлпа) кептірілгеннен кейін тауық жұмыртқасының кептірілген белогына өте ұқсас болған.


Осылайша алғашқы белок препараты дайындалған. Сөйтіп, белоктық заттарды зертеудің ұзында және өте қиын тарихы басталды. Ғалымдар ең қарапайым белок -инсулиннің молекуласының құрылысын ашқанда 200 жылдан артық уақыт өтеді. Осы мезгіл бойы белок құрамы, оның ұйымдасу жөнінде ондаған болжамдар ұсынылып және олар бекерге шығарылған. Барлық болжамдар ғылыми мұрағаттарда жайлы орын тапқан.
Әйтеуір, 1945 ж көптеген зерттеушілердің күшімен белок молекулаларының бір ұзын тізбекке жалғанған амин қышқылдарынан тұратыны анықталды. Белок молекуласынан түзетін амин қышқылы көп емес ­ барлығы 20. Ал қараңыздар, белоктар молекуласы амин қышқылдарының кезектесіп орналасу бір ізгілігімн ерекшеленеді. Мысалы, бір белокта валиннен кейін триптофан келеді. Олардың орнын ауыстыру арқылы басқа қасиеті бар жаңа молекула алуға болады.Айталық, егер біріншісі организмде маңызды қызмт атқарса, екіншісі мүлде қажетсіз болуы мүмкін.
Ал енді математикаға оралайық. Егер біз белок молекуласын әрдайым жаңадан 20 амин қышқылынан құрастырсақ, төрт амин қышқылынан тұратын пептид 20∙20∙ 20 ∙20=160000 әртүрлі тізбек, ал амин қышқылының n санынан - 20 n тізбек береді. Сөйтіп орташа ұзындығы 300-ге таяу амин қышқылынан тұратын 10390 әртүрлі белок болуы мүмкін. Ал жиырма амин қышқылынан тұратын молекула нағыз белок молекулаларымен салыстырғанда өте құртымдай құрылым. Осыдан бар жоғы 20 амин қышқылынан ғана құрылған белоктардың шексіз түрлерәінің пайда болатынына көз жеткізуге болады.
Белоктар ­ биологиялық макромолекулалардың негізгі кластарының бірі. Клеткалардың көп мөлшері белоктардан тұрады: құрғақ заттың жартысы белоктардың үлесіне тиеді. Клетканың құрылымын және пішінін белоктар анықталады; сонымен қатар, молекулалалық тану және катализдік құрал қызметін атқарады. Клетка құрылысына қажетті ақпаратты ДНҚ «шартты» түрде, клеткалық процестерге тікелей араласпай, ұстайды. Мысалы, оттегін тасымалдау гмоглобинг тән қасиет, бұл белокқа жауапты геннің оған қатысы жоқ. Компьютерлік трминологияны қолдансақ, нуклеин қышқылдары аналық клеткадан алынған нұсқауда «бағдарламамен қамтамасыз етеді». Белоктар «аппараттың қамсыздандыру» - клетканың жадында сақталған бағдарламаның физикалық механизмін іске асырады. (Белок жөнінде мәлімет өте көп. Әлімқұлов З.,1988).
Осындай ніклеин қышқылдары мен белоктар қызметінің айырмашылығы, олардықұрайтын суббірліктердің химиялық табиғатынан байқалады.
ДНҚ және РНҚ молекулалары химиялық жағынан өте ұқсас алып молекулаларды құрайтын нуклеотидтерден тұрады, олардың әрқайсысмының химиялық қасиеті ерекше (2 –үлгі).
Атқаратын қызметінің шеңберінің кеңдігі, олардың химиялық құрымының және кеңестіктегі пішінінің молшылығымен сипатталады. Әртүрлі белоктардың химиялық қасиеттерінің әмбебаптығы да осыған негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет